Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы



Pdf көрінісі
бет348/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

241- 
6 а п. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы 
заңнамасын бұзу 
Бухгалтерлік есеп жүргізуге уәкілетті адамның ірі залал келтірген, Қазақстан 
Республикасының заңнамасында көзделген мәліметтерді қужаттаудан жалтаруы не осы 
адамның бухгалтерлік қужаттамага уйымның шаруаиіылық және қаржылық қызметі ту- ралы 
көрінеу жалган ақпаратты енгізуі, сол сияқты бухгалтерлік қужаттаманы олардың сақталу 
мерзімі өткенге дейін жоюы - 
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқыгынан бес 
жылга дейінгі мерзімге айыра отырып, бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде 
айыппул салуга не сол мөлшерде түзеу жумыстарына не үш жүз сагатқа дейінгі мерзімге 
қогамдық жумыстарга тартуга не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуга жазаланады. 
Бухгалтерлік есеп жүргізуге уәкілетті адамның заңдарда көзделген мәліметтерді кұжаттаудан 
жалтаруы не осы адамның бухгалтерлік құжаттарды ұйымның шаруашылық жэне қаржы қызметі 
туралы көпе-көрінеу жалған ақпаратты енгізуі, сондай-ак ірі зиян келтірген Қазақстан 
Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылыкесептілік туралы заңнамасын бұзу мерзімі 
аяқталғанға дейін жойғаны үшін қылмыстық құқык бұзушылық үшін жауаптылық 241-бапта 
көрсетілген. 
Қылмыстық құқык бұзушылықтың объектісі - бухгалтерлік есеп ережелерін реттей- тін 
қоғамдық қатынастар. Бұл катынастар «Бухгалтерлік есеп пен каржылық есептілік туралы» 2007 
жылғы 28 ақпандағы Қазакстан Республикасы заңымен реттеледі. 
Қылмыстық кұқық бұзушылык объективтік жағынан іс-әрекеттер, қылмыстық зардап жэне 
себепті байланыс белгілері бойынша сипатталады. Бұл жерде әрекет: I) бухгал- терлік есеп 
жүргізуге уәкілетті адамның заңдарда көзделген мәліметтерді кұжаттардан жалтаруы; 2) 
бухгалтерлік құжаттарда көпе-көрінеу жалған акпарат енгізуі; 3) бухгалтер- лік құжаттарды сақтау 
мерзімі аякталғанға дейін жоюы арқылы жүзеге асырылады. Бұл әрекеттер бухгалтерлік есеп-қисап 
құжаттарына әр түрлі жалғандықтар жасау аркылы жүзеге асырылады. Қылмыстык кұкык 
бұзушылық құрамының диспозициясы бланкет- тік болып табылады. Бухгалтерлік есеп ережелерін 
бұзу арнаулы заңдар мен басқа да нормативтік актілермен реттеледі. Осыган орай бухгалтерлік есеп 
жүргізуге уәкілетті адам заң талабына сэйкес барлық мәліметтерді құжаттап отыруға міндетті жэне 
мұндай мәліметтер шындыққа, дұрыс ақпаратқа негізделуі тиіс. Занда бухгалтерлік кұжаттарды 
сақтау мерзімі белгіленген, оны сактау мерзімі өткенше жоюға жол берілмейді. 
Кінәлі адам осы заң талаптарын бұза отырып, өз эрекеті бойынша ірі зиян келтіреді. Мұндай 
ретте іс-әрекет пен келтірілген зиянның арасындағы себепті байланысты анықтау 



44 X
 
кажет. Қылмыстык құқық бұзушылық құрамы материалдық, ол заңда көрсетілген зардап ірі зиян 
орын алған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. 
Қылмыстық кұкық бұзушылык субъективтік жағынан тікелей немесе жанама қасақаналықпен 
істеледі. Кінэлі адам ұйымның шаруашылық және қаржы қызметі ту- ралы бухгалтерлік есеп 
ережелерін бұзғанын біледі, одан туатын зардапты көреді жэне соның болуын тілейді немесе соған 
саналы түрде жол береді. 
Қылмыстық құқык бұзушылық ниет әр түрлі болуы мүмкін, оның іс-әрекетті саралауга қатысы 
жок, тек жаза тағайындағанда гана еске алынады. 
Қылмыстық құкық бұзушылық субъектісі арнаулы - бухгалтерлік есеп жүргізуге уәкілетті адам. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет