451
салық салынуга тиісті мүлік туралы көрінеу бұрмаланган деректер енгізу арқылы салық не
мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де
төлемдерді төлеуден жалтару, не декларацияга немесе
салыктарды, мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді есептеу мен төлеуге
байланысты бұрмалау арқылы жасалады. Қылмыстық құқық бұзушылық үшін жазаланатын әрекет
кінэлі адамның корінеу жалған декларациялар жасап, оган шындыкка жатпайтын деректерді (табыс
көзі туралы дерек- терді көрсетпеу; табыс көлемін аз көрсету; шыгыс туралы көбірек көрсету)
мемлекеттік салық органына табыс етуі арқылы іске асырылады.
Қылмыстық кұқық бұзушылык құрамы материалдық жэне қылмыстық жауапқа тартудың шарты
- азаматтың ірі мөлшердегі салық төлеуден жалтаруы болып табыла- ды. ҚК-тің 3-бабының 38-
тармағында «егер төленбеген салық немесе міндеттті төлемдер сомасы
екі мың айлык есептік
көрсеткіштен асса азаматтың салықты немесе мемлекет- тік бюджетке төленетін өзге де міндетті
төлемдері төлемеуі ірі мөлшерде жасалган деп танылады» деп белгіленген. Салық төлеуден жалтару
эрекеттері мен одан туындаған зардаптың арасында себепті байланыс бар.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жагы - тікелей касақаналык. Кінэлі адам салык
төлеуден жалтару мақсатымен табыс туралы декларацияны тапсырмаудың қоғамга қауіптілігін
ұгады жэне одан туатын зардаптың болуы мүмкін екенін немесе бол- май коймайтынын алдын ала
біледі жэне осы зардаптардың болуын тілейді.
Қылмыстык құқық бұзушылықтың субъектісі - арнаулы: табыс туралы деклара- цияны салық
органдарына тапсыруға міндетті салық төлеуші адам. Бұлар Қазақстан Республикасының
азаматтары, шетелдіктер немесе азаматтыгы жоқтар болуы мүмкін.
Қылмыстык құкық бұзушылыктың кодекстің 244-бабының 2-тармагында
салық төлеуден
жалтарудың ауырлататын түрі: Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар
тиеп-жөнелтілмей шот-фактура пайдаланыла отырып жасалган дәл сол іс-әрекет үшін жауаптылық
белгіленген.
Достарыңызбен бөлісу: