452
кірістер және (немесе) шығыстар туралы корінеу бұрмаланған деректерді енгізу жолымен,
салык
салынатын баска да объектілерді және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді жасыру жолымен
ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетін баска да
міндетті төлемдерді
төлеуден жалтыру, егер бұл әрекет салық немесе озге де міндетті төлемдерді ірі мөлшерде толемеуге
әкеп сокса, Қылмыстық кодекстің 245-бабының І-тармагы бойынша жауаптылык туындайды.
Қылмыстық құкык бұзушылықтың тікелей объектісі Қылмыстык кодекстің 244-бабындағы
қылмыстық құкық бұзушылық объектісімен бірдей.
Қылмыстык құқық бұзушылықтың заты - табыс туралы декларация, бухгалтерлік құжат немесе
салық салынатын баска объектілер.
Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жүзеге
асырылады. Әрекетсіздік - декларация беру міндетті жагдайында
жылдық табыс туралы
декларацияны бермеу, сөйтіп салынатын салықты төлеуден жал- тару арқылы көрініс табады.
Әрекет - декларацияға немесе бухгалтерлік құжаттарға бұрмаланған деректерді енгі- з ' аркылы,
не салық салынатын басқа объектілерді жасыру жолымен ұйымдарға салы- натын салықтарды
немесе өзге де төлемдерді төлеуден жалтару арқылы іске асырылады.
Қылмыстық кұкық бұзушылық кұрамының диспозициясы - бланкеттік.
Сондықтан ұйымдарға
салынатын салық түрлері Салық кодексімен жэне арнаулы зандармен ретте- леді.
Қылмыстық құқық бұзушылық құрылысы жағынан матсриалдық кұрамга жатады. Қылмыстык
құкык бұзушылық салық немесе өзге де төлемдерді ірі жэне аса ірі мөлшерде төлемеген жагдайда
аяқталған деп танылады. Осыган орай салыкты төлеуден жалтару іс- әрекеттері мен одан туындаган
зардаптың арасын байланыстыратын себепті байланыс та бар.
Егер ұйымнан салық жэне (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлемеуі,
егер төленбеген салық жэне (немесе) баска да міндетті төлемдер сомасы жиырма мың айлық есептік
көрсеткіштен аса ірі мөлшерде жасалган деп жэне егер төленбеген салык жэне (немесе) басқа да
міндетті төлемдер сомасы елу мын айлык есептік көрсеткіштен асса, аса ірі мөлшерде жасалган деп
танылады (ҚК-тің 3-бабынын 3 және 38-тармақтары).
Субъективтік жагынан қылмыстык кұкык бұзушылык - тікелей касаканалыкпен істеледі. Кінэлі
адам міндетті жагдайларда жылдык жиынтык табыс туралы
деклараци- ялар берудің не
декларацияга, бухгал-терлік кұжаттарга әр түрлі бұрмалаулар енгізіп, салық төленетін объектілерді
жасырып, салықтар мен төлемдерді міндетті төлеуден жалтарғанының қогамга кауіпті екенін ұғады,
одан туатын зардаптарды болжайды және оның болуын тілеп істейді.
Қылмыстык кұқык бұзушылык субъектісі арнаулы - ұйым жетекшісі немесе баскадай басқару
қызметін атқаратын адам.
Қылмыстық кұқық бұзушылықтық кодекстің 245-бабының 2-тармагында
осы қылмыстың
ауырлататын белгісі - 1) іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-
жөнелтілмей шот-фактура пайдаланыла отырып;
2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дэл сол іс-әрекет, ал осы баптың 3-
бөлігінде:
Осы баптың бірінші немесе
екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған не аса ірі
мөлшерде жасалған іс-әрекеттер үшін ер үшін жауаптылык белгіленген.
Достарыңызбен бөлісу: