461
тексерулер занды тұлғалардың шаруашылық субъектілерінің өтініші бойынша немесе мемлекеттік
органдардың талап етуі бойынша жүргізіледі. Же- кеше аудиторлык корытындысы зандылық мәні
бар кұжат болып табылады.
Жеке нотариустың, бағалаушының, жеке сот орындаушысының, медиатордың, аудитордың,
аудиторлық ұйым басшысының іс-әрекеті кэсіпкерлік қызмет болып табы- лады және заң бойынша
мұндай кызмет міндетті түрде лицензияландырылуы кажет.
Жеке нотариустың, бағалаушының, жеке сот орындаушысының, медиатордың, аудитордың,
аудиторлық ұйым басшысының өзіне берілген өкілеттіктерді теріс пайда- лануы заң арқылы,
сондай-ақ олардың қызметін айқындайтын басқа да кұрылтайшы құжаттар арқылы анықталады.
Осы қылмыстық кұкық бұзушылық құрамының объективтік жағының тағы бір бел- гісі елеулі
зиян келтірілу болып табылады. Елеулі зиян бұл багалау категориясы болып табылады. Келтірілген
зиянның елеулі зиянға жату-жатпайтынын тергеу, прокурату- ра, сот органдары нақты жағдайларға,
келтірілген зиянның көлеміне, ерекшеліктеріне, зиян шеккен жэбірленушілердің санына,
материалдық ерекшеліктеріне, зиян шеккен жәбірленушілердің санына,
материалдық жагдайына
байланысты анықтаііды. Келтірілген елеулі зиян жекеше нотариустар мен жекеше аудиторлардың өз
өкілеттіктерін теріс пайдалануының тікелей зардабы болуы қажет. Қылмыстық құкық бұзушылык
құрамы материалдық. Қылмыстық құқық бұзушылық жеке нотариустың, бағалаушының, жеке сот
орындаушысының, медиатордың, аудитордың, аудиторлық ұйым басшысының өздеріне берілген
өкілеттіктерді теріс пайдалануы нэтижесінде азаматтардың, ұйымдардың
заңды құқықтары мен
мүдделеріне, коғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтірілген
уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан кылмыстық кұқык бұзушылық тікелей қасақаналықпен жэне арнаулы
мақсатпен істеледі. Кінэлі адам өзінің өкілеттілігін өз қызметінін міндетіне қайшы пайдаланғанын
сезеді, одан туатын зардаптың сөзсіз болатынын немесе болу мүмкіндігін біледі және соны тілейді.
Қылмыстык кұкық бұзушылыктың мақсаты пайда табу немесе артықшылық алу не басқа
адамдарга немесе ұйымдарға зиян келтіру.
Қылмыстык субъектісі - жеке нотариус, бағалаушы, жеке сот орындаушысы, медиа- тор,
аудитор, аудиторлық ұйым басшысы. Мұндай кэсіпкерлік қызметпен шұғылдануға лицензия алған
адамдар ғана жеке нотариус, бағалаушы сот орьшдаушы медиатор жеке- ше аудитор аудиторлық
ұйым жетекшісі лауазымына ие бола алады.
Қылмыстық кодекстің 251-бабының 2-тармагында осы кылмыстың ауырлата- тын түрлері
көрсетілген. Олар: көпе-көрінеу кэмелетке толмаған немесе әрекет
кабілеті жоқ адамға қатысты,
бірнеше рет - қылмыс субъектілерінің: бағалаушы, сот орындаушысының, медиатор, жекеше
нотариустык аудиторлык ұйым құрамында жұмыс істейтін аудиторлардың өкілеттіктерін теріс
пайдалану арқылы жасаған іс-эрекеттері бо- лып табылады.
Кәмелетке толмаған деп 14-тен 18-ге дейінгілер саналады. Әрекет кабілеті жоқ адамдарға жүйке
ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан, өте жастығына байла- нысты өз әрекеттерінің мәнін
түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтіндер жатады. Бірнеше рет жасалған қылмыстың
түсінігі Қылмыстық кодекстің 12-бабында берілген.
Достарыңызбен бөлісу: