Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


немесе жасау қатерін төндірумен уласса



Pdf көрінісі
бет370/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

немесе жасау қатерін төндірумен уласса; 
2) 
абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарга әкеп соқса - 
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, он жылдан он бес жылга дейінгі мерзімге бас 
бостандыгынан айыруга жазаланады. 
4. 
Қогамдық қауіпсіздікті бузу, халықты үрейлендіру, Қазақстан Республикасы мем- 
лекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық уйымның шешімдер 
қабылдауына ықпал ету, согысқа арандату не халықаралық қарым-қатынастарды шие- 
леністіру мақсатында жасалган, адам өміріне қол сугу, сол сияқты дәл сол мақсаттарда, 
сондай-ақ мемлекет немесе қогам қайраткерінің мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін 
тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында жасалган оның өміріне қол сугу не 
халықаралық қоргауды пайдалантын адамдарга немесе уйымдарга, гимараттарга, 
қурылыстарга шабуыл жасаумен, адамды кепілге алумен, гимараттарды, қурылыстарды, 
қатынас және байланыс қуралдарын басып алумен, әуе немесе су кемесін, жылжымалы те- 
міржол составын не өзге де қогамдық көлікті айдап әкетумен, сол сияқты басып алумен 
уштасқан адам өміріне қол сугу - 
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылга дейінгі мерзімге бас 
бостандыгынан айыруга не өмір бойына бас бостандыгынан айыруга не өлім жазасына 
жазаланады. 
Ескерту. 
Терроризм актісін дайындауға қатысатын адам, егер ол мемлекеттік органдарға дер кезін- де 
ескертуімен немесе өзге тәсілмен терроризм актісін болғызбауға ықпал етсе және егер оның 
әрекеттерінде өзге қылмыс қурамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады. 
Терроризм
- қазіргі дәуірдегі ең қауіпті қылмыс түрі болып табылады. Мұндай қылмыстар көп 
жагдайларда ұлттық шектен шығып халықаралық сипат алуда. Террорлык әрекеттер эр түрлі болуы 
мүмкін, бірак оның бэрін біріктірген екі түрлі элемент бар. Оның біріншісі терроризм - мемлекеттік 
өкімет билігін күйретуге бағытталған; екіншісі - тер- роризмді жүзеге асыру арқылы яғни 
террористердің ұйымдаскан, қатыгездік әрекеттері аркылы тұрғындарға үрей, қоркыныш, 
қоргансыздык сезімін туғызу болып табылады. Қазакстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 
255-бабы бойынша: «Терроризм, жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі 
мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қаупін төндіретін өзге де іс-
әрекеттер жа- сау, егер осы іс-эрекеттер қоғамдык қауіпсіздікті бұзу, халыкты үрейлендіру не 
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халыкаралык 
ұйымның шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ак аталған іс- әрекеттерді дэл 
сол мақсатка жасаймын деп қорқыту» болып табылады. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі - қоғамдық қауіпсіздігі қамтамасыз ететін, 


469
 
реттейтін қоғамдык катынастар. Азаматтардың өмірі, денсаулығы, меншігі, мүліктік немесе сезім 
мүдделері осы кьшмыстық кұқык бұзушылықтың косымша тікелей объектісі болады. 
Қылмыстық кодекстің 255-бабында көрсетілген қылмыстық құкық бұзушылық объ- ективтік 
жағынан: 1) адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға кауіпті баска 
зардаптардың болу қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт кою немесе өзге іс-әрекеттер жасау; 2) 
аталған іс-әрекеттерді жасаймын деп коркыту арқылы сипатталған. Жарылыс жасау, өрт коюдан 
басқа өзге де іс-әрекеттерге көліктердің апатка ұшырауын, күйреуін, ғимараттардың, мәдени жэне 
діни құрылыстардың қиратылуын сондай-ақ ра- диоактивті, химиялық, бактериологиялық немесе 
басқадай-ақ радиоактивті, химиялық, бактериологиялык немесе баскадай жолмен уландыруды 
тарату, қоймаларға, тұрғын- жайларға, құрылыстарға, алаңдарға су жіберіп, толтыру сияқтылар 
жатады. 
Терроризмнің объективтік жағынан ерекшелік белгісі - осы баптың диспозициясын- да 
көрсетілген (қылмыстық құқық бұзушылық зардаптардың нақты орын алуы емес) зардаптардың 
болу қаупінің тудырылуы жеткілікті болып табылады. Ягни өрт қою, жа- рылыс жасау немесе өзге 
де әрекеттерді жүзеге асыру арқылы іс-әрекет істелгенімен, занда көрсетілген зардап орын алмаса 
да, қылмыстық құқық бұзушылық аяқталған деп табылады, өйткені мұндай әрекет адамдардың қаза 
болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғам үшін қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін тікелей 
төндіріп тұр. Осыған бай- ланысты қылмыстық құқық бұзушылық құрамы формальдық болып 
табылады. Субъек- тивтік жағынан терроризм тек қана тікелей касаканалықпен жасалады. Кінэлі 
адам занда көрсетілген әрекеттерді істеу арқылы зардаптардың болу қаупін туғызғанын немесе 
соны жасаймын деп қорқытудың қоғамға қауіптілігін сезеді жэне соны жүзеге асыруды тілейді. 
Қылмыстык құқық бұзушылықтың субъективтік жағының қажетті белгісіне заң - қоғамдық 
қауіпсіздікті бұзу, халықты корқыту не мемлекеттік органдардың шет мемлекеттің немесе 
халықаралық ұйымның шешім қабылдауына ықпал ету арнаулы мақсатын қосып көрсеткен. 
Қылмыстық құқық бұзушылыктың субъектісі - 14-ке толған, есі дұрыс кез келген адам. 
Қылмыстық кодекстің 255-бабының 2-тармағына осы қылмыстық құқык бұзушы- лықтың 
ауырлататын түрлері: бірнеше рет; азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретін 
қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарын неме- се жарьшыс құрылғыларын колдана 
отырып жасалған терроризм үшін жауаптылық көзделген. Қылмыстык кодекстің 12-бабында 
бірнеше рет істелген қылмыстың түсінігі берілген. Атыс қару-жарағының түсінігі Қазақстан 
Республикасының 1998 жылғы 30 желтоксандағы «Жекелеген қару түрлерінің айналымынан 
мемлекеттік бақылау жасау туралы Заңында берілген. 
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген эрекеттер: а) жаппай қырып-жоятын 
қаруды, радиоактивті материалдарды қолдануға немесе қолданамын деп қорқытуга жэне жаппай 
уландыру, эпидемия мен эпизоотияны таратуды, сондай-ак адамдарды жаппай кырып-жоюга әкеп 
согуы ықтимал өзге де іс-әрекеттерді жасауға не- месе жасаймын деп қорқытуға ұштасса; б) 
абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарга әкеп соқса, онда бұл қылмыстың аса 
ауырлататын түрі үшін жауаптылық туындайды. Жаппай кырып жоятын қарудың, радиоактивті 
материалдар, уландыру заттарының эпидемия, мен эпизоотияның түсінігі Қылмыстық кодекстің 
275, 283, 303, 304, 327-баптарында берілген. 
Өзге де ауыр зардаптарга (абайсызда адам өлімінен басқа) екі немесе одан да көп адамның 
денсаулыгына ауыр дене жарақатын келтіру, көп адамның денсаулығына орта дәрежелі жарақат 
салу, көлік қүралдарының жұмысын ұзақ уақытқа тоқтату, жарылыс жасау немесе өрт қою арқылы 
құрылыстарды жою т. б. әрекеттер жатады. Абайсызда адам өліміне немесе басқа ауыр зардаптарға 
әкеп соққан терроризмнің субъективтік жагы кінәның екі нысанымен сипатталады. Бұл ретте 
кінәлінің істеген эрекеті - касақаналық, ал одан болатын зардапқа қатынасы абайсыздық болады. 


470
 
Егер кінәлінің әрекеті жэне одан туатын зардап - адам өліміне деген қатынасы қасақаналықтан 
құрылатын болса, онда оның әрекеті қылмыстардың жиынтығы (ҚК-тің 99-бабы 2-тармағының 
тиісті тармагы жэне 255-бап) бойынша сараланады. 
Қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мем- лекеттік 
органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешімдер қабылдауына ықпал ету 
мақсатында адамның өміріне қастандық жасау, сондай-ақ дэл сол мақсатта оның мемлекеттік 
немесе өзге де саяси қызметін токтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында мемлекет 
немесе қоғам қайраткерінің өміріне қастандық жасау не халықаралық қорғау аясындағы адамдарға 
немесе ұйымдарга, жайларға, ғимараттарга шабуыл жасаумен, адамды кепілге алумен, жайларды, 
гимараттарды, қатынас және байланыс кұралдарын басып алумен, эуе немесе су көлігін не 
жылжымалы темір жол құрамын айдап әкетумен, сол сияқты басып алумен ұштаскан адам өміріне 
қол сұғу осы қылмыстык кұқық бұзушылық кұрамынан аса ауырлататын түрі болып табылады. Бұл 
тұрғыдағы қылмыстык кұқық бұзушылықты іс-әрекеттердің жәбірленушілері бел- гілі бір шешім 
қабылдауға ыкпал ететін адамдар немесе мемлекет, қоғам кайраткерлері болады. Адамның белгілі 
бір шешім қабылдауға ықпалының болған, болмағаны накты жағдайларга байланысты анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет