Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


мәжбүрлеу мақсатында жасалган, адамды кепілге алу немесе кепіл ретінде устау



Pdf көрінісі
бет378/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

мәжбүрлеу мақсатында жасалган, адамды кепілге алу немесе кепіл ретінде устау
 -
 
үш жылдан сегіз жылга дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруга жазаланады. 
2. 
Мынадай: 
1) 
адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 
2) 
бірнеше рет; 
3) 
өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданып; 
4) 
қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып; 
5) 
көрінеу кәмелетке толмаган адамга қатысты; 
6) 
кінәлі адамга жүктілік жагдайда екені көрінеу белгілі айелге қатысты; 
7) 
көрінеу дәрменсіз күйдегі адамга қатысты; 
8) 
екі немесе одан да көп адамга қатысты; 
9) 
пайдакүнемдік ниетпен немесе жалдау бойынша жасалган дәл сол іс-әрекет - 
жеті жылдан он екі жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
3. 
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды 
қылмыстық топ жасаса не олар абайсызда адам өліміне немесе езге де ауыр зардаптарга әкеп 
соқса - 
он жылдан он бес жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Ескерту. 
Кепілге алынған адамды өз еркімен немесе биліктің талап етуі бойынша босатқан адам, егер оның 
әрекеттерінде өзге қылмыс қурамы болмаса, қылмыстықжауаптылықтан босаты- лады. 
Адамды кепілге алу халықаралық маңызы бар кылмыстық күқық бұзушылық бо- лып табылады. 
Біріккен Үлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1979 жылғы желтоқсанда «Адамды кепілге алуға 
қарсы күрес туралы» халықаралык конвенция кабылдаган. 
Қылмыстық құқық бүзушылықтың тікелей объектісі -
кепілге алынған адамдардың өмірі 
мен денсаулығының қауіпсіздігі. Объективтік жағынан қылмыстық қүқық бүзушылық адамды 
кепілге алу немесе кепілдік ретінде ұстау арқылы сипатталады. 
Кепілге алу
- кез келген құқыққа қайшы түрде, күш қолдану арқылы адамды бостандығынан 
айырып, қолға түсіру болып табылады. 
Кепілдік ретінде үстау
- адамды өз еркімен жүріп-тұру мүмкіндігінен күш қолдану арқылы 
айырып, бостандығынан айыру болып табылады. 
Адамды кепілге алу
- формальдық қүрамға жатады. Қылмыстык күкық бұзушылық 
жәбірленушінің бас бостандығынан айырылған уақытынан бастап аяқталған деп санала- ды. 
Субъективтік жағынан қылмыстық қүқық бұзушылық тікелей қасаканалықпен жаса- лады. Кінэлі 
адам адамды заңсыз кепілге алғанын және кепілдік ретінде ұстап тұрғанын сезеді, біледі жэне соны 
тілеп әрекет істейді. 
Занда қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағының қажетті белгісі - кылмыстық 
құқық бұзушылықтың мақсаты тікелей көрсетілген. Ол - мемлекетті, ұйымды немесе азаматты 
қандайда бір іс-әрекет жасауға немесе қандайда бір іс-әрекет жасаудан тартынуға мэжбүр ету болып 
табылады. Мэжбүр ету әрекет немесе эрекетсіздік түрінде жасалады. Кінэлінің мэжбүр ететін 
эрекеттеріне: мысалы оған ақшалай қаражат немесе наркотикалық заттарды, кару-жарак, көлік 
құралдарын беруді немесе біреуді тұтқын орнынан босатып жіберуді талап етулері жатады. 
Әрекетсіздікті істеуді мәжбүр етулерге: қылмыстық құқық бұзушылықты істі тергеу- ді 
доғаруды немесе белгілі бір ұйымның қызметін тоқтатуды, саяси, элеуметтік немесе экономикалық 
акцияларды жүзеге асырмауды талап етулер жатады. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі - 14-ке толған, есі дұрыс адам. 
Қылмыстық кодекстің 261-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері 
көрсетілген: 
а) осы қылмысты адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасауы (ҚК-тің 31-
бабының 2-тармағын қараңыз); 
б) бірнеше рет (ҚК-тің 12-бабын қараңыз); 


476
 
в) өмірге немесе денсаулыкқа қауіпті күш қолдана отырып жасау: жәбірленушінің 
денсаулығына қасақана жеңіл, орташа ауырлықтағы, ауыр зиян келтіру, ұрып-согу, оларды суық 
немесе өте ыстык жайларда ұстау, ұзақ уақытқа қол-аяғын байлап, аузын тығындап тастау, т.б.; 
г) қаруды (атылатын немесе суық) немесе кару ретінде пайдаланылатын заттарды (таяқ, балта, 
монтировка және т.б.) қолдана отырып жасау; 
д) көрінеу кәмелетке (18-ге) толмаған адамға қатысты жасау; 
е) айыптыға жүктілік жағдайы көрінеу мэлім әйелге катысты
ж) көрінеу дәрменсіз күйдегі адамға (өте жас, кэрі, есалаң, ауру адамдарға) қатысты; 
з) 
екі немесе одан да көп адамга қатысты. Қылмыстық кодекстің 261-бабының 
1- 
тармағында адамды ғана кепілге алғандық үшін жауаптылық белгіленген; 
и) гіайдакүнемдікпен немесе жалдану арқылы жасалса. Пайда табудың немесе жалданудың 
түсінігі ҚК-тің 99-бабының 2-тармағының «а» тармақшасында берілген. 
Қылмыстық кодекстің 261-бабының 3-тармағында адамды кепілге алуды кылмыстык топ 
(қараңыз: Қылмыстық кодекстің 31-бабының 3-тармағы) жасаған не абайсызда адам өліміне немесе 
өзге де ауыр зардаптарға (жәбірленушінің немесе оның туыстарынын ауыр науқасқа душар болуы, 
ауыр дене жарақатын алуы немесе оларға едәуір мөлшердегі мүліктік залал келтірілсе жэне т.б.) 
әкеп соқканы үшін жауаптылық белгіленген. 
Қылмыстық кодекстің 261-бабының ескертуінде: «Кепілге алынған адамды өз еркі- мен немесе 
өкіметтің талап етуі бойынша босатқан адам, егер оның іс-әрекеттерінде өзге қылмыс кұрамы 
болмаса, қылмыстық жауаптылыктан босатылады», - делінген. Осыган орай қылмыстык 
жауаптылықтан босатылудың шарттары: а) кепілге алынған адамды өз еркімен босату; б) өкіметтің 
талап етуі бойынша босату болып табылады. Кепілге алынган адамды өз еркімен босату деп кепілге 
алган адамның кепілге алынган адамды ұстап тұруға толык мүмкіндігі бола түра, оны босатуын 
айтамыз. Өкіметтің талап етуі бойынша босату да осылай жүзеге асырылады. Кепілге алынган 
адамды амалсыздан бо- сату өз еркімен босатуға жатпайды. 
Кепілге алынган адамы өз еркімен немесе өкіметтің талап етуі бойынша босатқан адамның 
әрекетінде басқа кылмыстық қүқық бұзушылық құрамы (мысалы, кепілге алынған адамды зорлау, 
оган ауыр, орта, жеңіл дене жаракатын келтіру: адам өлтіру, қару- жарақ, оқ, дэріні ұрлау т.б.) бар 
болса, онда ол осы істеген қылмысы үшін жауаптылыққа тартылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет