бостандыгынан айыруга жазаланады. Қаруды, оқ-дэріні, жарылгыш заттар мен жару құрылгыларын жымкыруга салу не коркытып
алу жолымен иелену көп жагдайларда кісі өлтіру үшін жүзеге асырылады. Осыган орай бұл
тұргыдагы қылмыстың тікелей объектісі - қогамдык қауіпсіздік, ал қосымша тікелей объектісі
адамдардың өмірі мен денсаулыгы болып табылады.
Қылмыстық кұқық бұзушылықтың заты - ҚК-тің 287-бабында көрсетілген заттармен бірдей,
ұксас заттар.
Объективтік жагынан қылмыстық кұкық бұзушылық атыс каруын, оның жинақтаушы
бөлшектерін, оқ-дэріні, жарылғыш заттар мен жару кұрылғыларын жымқыруға салу не коркытып
алу арқылы сипатталады.
Қаруды, оқ-дэріні, жарылғыш заттар мен жару құрылымдарын жымқыруға салу деп кінәлінің
кез келген тәсілмен заңсыз қолға түсірген осы заттарды өзінің иеленуі немесе оларды басқа адамға
беруі, сондай-ак оларға өз білгені бойынша билік жүргізуі болып табылады.
Қоркытып алудың түсінігі Қылмыстық кодекстің 191-бабында берілген, ол жөнінде осы
кодекстің 284-бабына талдау жасағанда толык берілген.
Қылмыстык кұкық бұзушылық материалдық-формальдық құрамға жатады. Қаруды, оқ-дэріні,
жарылғыш заттар мен жару кондырғыларын жымкыруға салу материалдық, ал осы көрсетілген
заттарды корқытып талап ету формальдық кұрамға жатады жэне қылмыс кінэлінің көрсетілген
заттарды алған немесе оларға иелік еткен немесе қорқытып талап еткен уақытынан бастап аяқталған
деп танылады.
Субъективтік жағынан қылмыстық құқық бұзушылық тікелей қасаканалықпен жа- салады.
Кінәлі адам қаруды, ок-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын жымқыруға салу немесе
қоркытып алатынын сезеді жэне осы әрекеттерді жүзеге асыру- ды тілейді.
Қылмыстық кұқық бұзушылықтың субъектісі - 14-ке толған, есі дұрыс адам.
Қылмыстық кодекстің 291-бабының 2-тармағында жаппай қырып-жоятын каруды, сол сияқты
жаппай қырып-жоятын қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін материалдар- ды немесе
жабдықтарды (бұлар туралы Қылмыстық кодекстің 290-бабының 2-тармағын талдау кезінде түсінік
берілген) жымкыруға салу не қоркытып алғаны үшін жауаптылык белгіленген.
Қылмыстык кодекстің 291-бабының 3-тармағында осы баптың бірінші немесе екінші
бөліктерінде көзделген эрекеттер, егер оларды:
а) адам өзінің кызмет бабын пайдаланып жасаса;
б) әлденеше рет;
в) өмірге немесе денсаулыққа кауіпті емес күш колдану, не осындай күш қолданбакшы болып
қорқыту арқылы (ҚК-тің 191-бабын қараңыз);
г) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалса - (ҚК-тің 31 -бабының 2-
тармағын қараңыз).
Осы баптардың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, оларды:
509
а) қылмыстық топ (ҚК-тің 31-бабын караңыз).
б) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдану немесе осындай күш қолданумен қорқыту
аркылы (ҚК-тің 192-бабын караңыз).