Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


айыруга не өмір бойына бас бостандыгынан айыруга жазаланады



Pdf көрінісі
бет433/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   429   430   431   432   433   434   435   436   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

айыруга не өмір бойына бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Қылмыстың затына есірткі заттар жэне психотроптық нәрселер жатады. Олардың си- паттамасы 
ҚК-тің 297-бабында көзделген қылмыс кұрамын талдағанда толық берілді. 
Қылмыстың негізгі тікелей объектісі халықтың денсаулығын қамтамасыз ететін қоғамдық 
қатынастар, қосымша тікелей объектісі - адамдардың өмірі, денсаулығы не- месе меншігі болады. 
Қылмыстың объективтік жағы екі түрлі нысан арқылы - талан-тараж немесе қорқытып алу 
арқылы сипатталады. 
Жымқыру деп пайдакүнемдік мақсатта есірткі заттарды, психотроптық нэрселердІ меншік 
иесіне немесе өзге иеленушіге залал келтіре отырып, кінэлінің немесе басқа адамдардың пайдасына 
заңсыз қайтарымсыз, тегін алып қоюын немесе айналдыруын айтамыз. 
ЕсірткІ заттарды жэне психотроптық нэрселерді жымқыру эр түрлі тәсілдер қолданыла отырып 
істелуі мүмкін. Қылмыстық кодекстің 298-бабындағы қылмыстар жымқырудың - ұрлық, алаяқтық, 
тонау, қарақшылық, иеленіп алу немесе ысырап ету немесе қорқытып алу нысандары арқылы 
жүзеге асырылуы мүмкін. 
Жымқырудың алаяқтық нысаны арқылы кейбір реттерде қолдан жасалған рецептер арқылы 
есірткі заттарды, психотроптық нәрселерді медициналық мекемелерден немесе дэріханалардан 
заңсыз алады. 
Наркотикалық заттар немесе психотроптық нэрселерді өзіне сеніп тапсырылған адамның 
(фармацевтің, провизордың, дәрігердің, медбикелердің жэне басқа адамдардың) иеленіп алуы 
немесе ысырап етуі арқылы да осы қылмыс істелуі мүмкін. 
Ауырлатпайтын жағдайда тонау арқылы көрсетілген заттарды жымқыруға салған рет- те 
кінэлінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 298-бабының 1-тарамағымен сараланады. 
Есірткі заттарды немесе психотроптық нэрселерді жымқыруға қылмысы осы көрсетілген 
заттарға кінэлінің толық нақты, иелік жасаған, яғни осы заттар тиісті адамдардың иелігінен шыққан 
уақыттан бастап аяқгалған деп саналады. 
Талданып отырылған қылмыс қүрамының объективтік жағының екінші бір бел- гісі есірткі 
заттарды немесе психотроптық нэрселерді қорқытып алу болып табылады. Қорқытып алудың 
түсінігі Қылмыстық кодекстің 194-бабында берілген. Қылмыстық шдекстің 298-бабындағы 
қорқытып алу нақты қылмыстық заңда көрсетілген заттар - есірткі заттар немесе психотроптық 
нэрселер жөнінде ғана болып отыр. Осыған орай қорқытып алу формальдық қылмыс құрамы 
болғандықтан қылмыс есірткі затгарды немесе психотроптық нэрселерді қорқытып талап еткен 
уақыттан бастап, кінэлінің талабының қанағаттандырылғанына немесе орындалмағанына 
қарамастан аяқталған деп танылады. 
Қылмыстық кодекстің 298 жэне 188-191-баптары бэсекеге түскен жағдайда, артықшылық 
арнаулы нормаға - Қылмыстық кодекстің 298-бабына берілуі керек, өйткені ол қылмыстық 
құқықтың арнаулы нормасы болып табылады. 
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жэне пайдакүнемдік мақсатымен 
істеледі. 
Қылмыстың субъектісі - 14-ке толған адам. 
Қылмыстық кодекстің 298-бабының 2-тармағында осы кылмыстың ауырлататын түрлері: 


522
 
1) адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса (ҚК-тің 31 -бабын қараңыз); 
2) әлденеше рет (ҚК-тің 12-бабын караңыз); 
3) адам өзінің қызмет бабын пайдалану арқылы (ҚК-тің 3-бабының 19, 26-тармағын қараңыз); 
4) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану не осындай күш қолданумен қорқыту 
арқылы жасалса (ҚК-тің 191-бабын қараңыз) жауаптылық көзделген. 
Қылмыстык кодекстің 298-бабының 3-тармағында осы қылмыстың аса ауырлататын түрлері: 
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген: 
1) қылмыстық топ жасаған; 
2) ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты; 
3) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданып не сондай күш колдану қатерін төндіріп 
жасалған іс-әрекеттер үшін ауырлататын жағдайда қылмыстық жауаптылык белгі белгіленген (298-
баптың 3-тармағы). 
Ал осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, аса ірі мөлшердегі 
есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған іс- әрекеттер-үшін 
қылмыстықжауаптылықҚК-тің298-бабының4-тармағындакөрсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   429   430   431   432   433   434   435   436   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет