525
табиғи болып табылатын заттар жатады.
Есірткі немесе психотроптық заттарды дайындауға пайдалану мақсатында қолдан не- месе
ондірістік жолмен жасалған заттар немесе соган ыңғайланған кұралдар (тұрмыстық- шаруашылық
бағыттағы заттардан басқа) соларды жасауға арналған құрал жэне аспаптар болып саналады. Бұл
заттардың міндетті белгісі - олардың арнаулы бақылауда болуы болып табылады.
Қылмыстың объективтік жагы есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды дайын- дау үшін
пайдаланылатын аспаптарды немесе жабдықтарды заңсыз дайындау: сатып алу, сақтау, тасымалдау
жөнелту немесе соларды заңсыз өткізгені арқылы көрініс табады.
Көрсетілген заттарды, аспаптарды немесе жабдыктарды дайындауды ретке келтіретін арнаулы
құқықтық-нормативтік актілер бар. Осыган орай қылмыс құрамының диспози- циясы бланкеттік
болып табылады.
Өзінің кызмет бабын пайдалана отырып, алдын ала сөз байласкан адамдар тобының немесе
әлденеше рет жасаған әрекеттері үшін жауаптылык Қылмыстық кодекстің
301- бабының 3-тармағында көзделген. Қызмет
бабын пайдаланып, қылмыс істеу түсінігі ҚК-тің
3-бабында алдын ала сөз байласкан адамдар тобының түсінігі ҚК-тің 31 -бабында, ал әлденеше рет
қылмыс істеудің түсінігі Қылмыстық кодекстің 12-бабында айтылган.
Қылмыстық топ жасаған, осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген эрекеттер
үшін жауаптылык осы баптың (301) төртінші тармағында белгіленген. ¥йымдаскан топтың түсінігі
Қылмыстык кодекстің 31-бабында берілген.
Қылмыстык кодекстің 301-бабында көрсетілген. Қылмыс құрамы формальдық, ал заңның
диспозициясында көрсетілген улы есірткі заттарды немесе психотроптық заттар- ды дайындау үшін
пайдаланылатын заттардың аспаптардың немесе жабдықтардың айна- лым тәртібін бұзған уакыттан
бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан — кылмыс тікелей қасаканалықпен жасалады.
Өйткені көрсетілген
заттардың айналым тәртібін бұзған адам олардың тэртібін ретке келтіретін нормативтік-құқықтық
нормалардыңталабын өрескел бұзганын сезеді жэнесоны бұзуды тілейді.
Қылмыстың субъектісі - арнаулы, заңда көрсетілген заттарды дайындау үшін пайдала- нылатын
заттарды, аспаптарды немесе жабдықтарды өндіруге лицензиясы бар. олардың өндіру тэртібін катаң
сактауга жауапты лауазымды немесе лауазымды емес адамдар.