537
бейне материалдар, суреттер, картиналар, альбомдар, шығармалар, бұйымдар немесе өзге заттар -
аудиожазбалар, порнографиялык компактдискілер, пла- стинкалар жатады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағынан порнографиялык матери- алдарды
немесе заттарды тарату немесе жарнамалау мақсатында заңсыз жасау, тарату, жарнамалау, сондай-
ақ порнографиялық сипаттағы баспа басылымдарын, кино немесе бейнематериалдарды, суреттерді
немесе өзге заттарды саудаға салу арқылы жүзеге асы- рылады.
Порнографиялық материалдарды
немесе заттарды жасауга, осыған жататын шығармаларды,
суреттерді, фотобейнелерді толық жасау немесе осындай заттарды мон- таждап құрастырулар
жатады.
Тарату деп -
порнографиялық материалдарды немесе заттарды
басқа адамдарға сыйға беру,
сату немесе кез келген басқа тәсілмен оларды басқа адамдарға беруді айтамыз.
Жарнамалау деп
- порнографиялық заттарды, материалдарды басқаларға көрсету, олар туралы
шектен тыс көптеген адамдарға ақпарат беруді айтамыз.
Сату деп
- осы көрсетілген заттарды баскаларға акы алып беруді айтамыз. Көрсетілген
әрекеттердің барлығы заңсыз болады, яғни құзыретті органдардың тиісті рұқсатынсыз жасалады.
Қылмыстық құқық бұзушылык құрамы формальдық жэне ол заңда көрсетілген (273-баптың 1-
тармағы) эрекеттердің біреуін істеген уакыттан бастап аяқталган деп та- былады.
Қылмыстық құқық бұзушылыктың субъективтік жағы тікелей касақаналық. Адам
порнографиялык
заттарды заңсыз дайындайтынын, тарататынын, жарнамалайтынын жэне
сататынын сезеді, біледі жэне оларды жүзеге асыруды тілейді.
Қылмыстық кұқык бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толған адам.
Достарыңызбен бөлісу: