Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды



Pdf көрінісі
бет451/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   447   448   449   450   451   452   453   454   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

313- 
6 а п. Қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды 
заңсыз тарату 
Қатыгездік пен күш қолдануга бас ұруды насихаттайтын кино- және бейнематери- алдарды 
және басқа да туындыларды тарату немесе жарнамалау мақсатында заңсыз 
дайындау, тарату, 
жарнамалау, көрсету, сол сияқты қатыгездік пен күиі қолдануга бас ұруды насихаттайтын 
баспа басылымдарымен, кино- немесе бейнематериалдармен заңсыз сауда жасау -
 
мүлкі теркіленіп немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде 
айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас 
бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруга жазаланады. 
Қылмыстық кұқық бұзушылықтың тікелей объектісі - қоғамдық адамгершілік. Қылмыстық 
құқық бұзушылықгың заты - қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды на- сихаттайтын туындылар. 
Оларга баспа басылымдары, кино немесе бейне материалдар, сондай-ақ қатыгездік пен күш 
қолдануды насихаттайтын кез келген жазбаша багдарлама көздері (кітаптар, мақалалар, бейне 
таспалар, слайдылар) жатады. 
Қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттаудың түпкі мақсаты басқаға аяусыз күш 
қолдануды, барлық адам төзгісіз әрекеттерді істеуді асқақгатуды, опасыз сезімдерді қоздыру болып 
табылады. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағы бірнеше әрекеттерді істеуден тұрады: 
1. Қатыгездік пен күш цолдануга бас үруды насихаттайтын шыгармаларды кино және 
бейне материалдарды және басца да туындьіларды тарату немесе жарнамалау мацсатында 
заңсыз дайындау. Бұган осы заттарды жасау, көбейту әрекеттері жатады. 
2. Көрсетілген заттарды тарату. Бұған осы шығармаларды тұрақгы немесе уақытша 
пайдалануға, танысуға бір немесе бірнеше адамға беру жатады. 
3. Жарнамалау. Осы көрсетілген заттарды баспасөз құралдары арқылы немесе басқа 
тәсілдермен көпшілікке көрсетіп, насихаттау. 


539


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   447   448   449   450   451   452   453   454   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет