Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


- 6 а п. Жезөкшелікпен айналысуға тарту



Pdf көрінісі
бет445/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   441   442   443   444   445   446   447   448   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

308-
6 а п. Жезөкшелікпен айналысуға тарту
 
533
 
1. 
Күш қолдану немесе оны қолдану қатерін төндіру, тәуелді жагдайын пайдалану, боп- салау, 
мүлкін жою немесе бүлдіру жолымен не алдау арқылы жезөкшелікпен айналысуга тарту - 
мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол 
мөлшерде түзеу жумыстарына не үш жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шек- теуге не сол 
мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
2. 
Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен не бірнеше рет жасалган дәл сол іс- әрекет - 
мүлкі тәркіленіп, үш жылдан алты жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга 
жазаланады. 
3. 
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде кезделген, қылмыстық топ жасаган іс-
әрекеттер - 
мүлкі таркіленіп, бес жылдан жеті жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга 
жазаланады. 
Қылмыстык құкык бұзушылықтың негізгі тікелей объектісі - қоғамдық адамгершілік, ал 
қосымша тікелей объектісі - адамның денсаулығы, ар-намысы, жэне өміріне кол 
сұғылмайтындығы немесе меншігі болып табылады. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың жәбірленушісі әйелдер де, ер адамдар да бо- луы мүмкін. 
1959 жылғы Қазақ ССР Қылмыстық кодексі бойынша жезөкшеліктің жәбірленушісі болып тек 
қана кәмелетке толмағандар танылса, ал Қазакстан Рес- публикасының Қылмыстық кодексі (1997 
ж.) бойынша 270-бапта, сондай-ақ 2014 жылы қабылданған жаңа Қылмыстық кодексте (308-бап) 
козделген. Қылмыстың жәбірленуші- сі болып 18-ге толған кез келген жынысты адамдар 
танылады. Өйткені Қазақстан Рес- публикасы Қылмыстық кодексінің 134-бабында кәмелетке 
толмаган адамды жезөкшелік іс-әрекеттер жасауға тартқаны үшін жеке жауаптылық белгіленген. 
Жезөкшелік дегеніміз - бұл эр түрлі адамдармен ақылы түрде әлденеше рет жыныс- тық 
қатынаста болу. Жезөкшеліктің мынадай негізгі белгілері бар: жыныстық қатынас әйел мен 
еркектің, әйел мен әйелдің, еркек пен еркектің (гомосексуальдық) болуы мүмкін. 
Әр түрлі адамдармен жыныстық қатынаста болу. Яғни бейберекет нэпсіқұмарлық катынас 
жасау. Жыныстық қатынасты белгілі бір ақы алу үшін жасау. 
Ақы төлеу ақшалай немесе басқа нысанда заттай, киім-кешек, косметикалық парфюмериялық, 
асыл тастар, інжу-маржандар беру немесе басқадай кызмет көрсетулер арқылы жүзеге асырылады. 
Жыныстык қатынас жасағанға дейін акы төлеу жөнінде алдын ала келісімнің орын алуы; 
Белгілі бір акы алу үшін үнемі жыныстық катынасқа түсу. Осыған орай акы алып, бір рет 
жыныстық қатынаста болу жезөкшелікпен айналысу деп саналмайды. Жезөкшелік моральға жат 
қүбылыс, онымен айналысатындардың бэрінің іс-әрекеті кылмыс катарына жатпайды. Қылмыстық 
заңда - ҚК-тің 308-бабының диспозициясында жезөкшелікпен айналысуға тартканы үшін ғана 
жауаптылык көрсетілген. Осы қылмыстың объективтік жағының белгілері заңда: күш қолдану 
немесе күш қолданбақшы болып қорқыту, тәуелді жағдайын пайдалану, бопсалау, мүлкін жою 
немесе бүлдіру аркылы не алдау жолымен жезөкшелікпен айналысуға тарту деп көрсетілген. Яғни 
заң жезөкшелікке тартудың 5 түрлі тәсілін көрсетіп отыр. Енді осыларға тоқталайық. 
Күш қолдсту
- жәбірленушінің өміріне, денсаулыгына қауіпті де, қауіпсіз де түрде жеңіл, 
орта дене жаракатын келтіре отырып, оның өз еркіне қарамастан жезөкшелікпен


534
 
айналысуга көндіру. Мұндайда жәбірленушіге ауыр дене жаракаты келтірілсе, онда кінәлінің 
әрекеті қосымша ҚК-тің 106-бабымен саралануга жатады. 
Күш қолданбақшы болып қорқыту
- жәбірленушінің кез келген дэрежедегі дене жаракатын 
келтірмекші болып, үрейін алу, коркыту, эр түрлі тәсілмен ауызша, жазбаша немесе әр түрлі 
заттарды көрсету, кимыл арқылы белгі берумен жүзеге асырылады. Күш қолданбақшы болып 
корқыту сөз жүзінде ғана емес, шын мәнінде нақты іске асатын, айкын болуы кажет жэне осы тәсіл 
жэбірленушіні жезөкшелікпен айналысуга мәжбүр етуі керек. 
Тәуелді жагдайын
- материалдық немесе өзге де тәуелділіктегі адамды осындай жагдайларын 
пайдалану аркылы жезөкшелікпен айналысуга тарту. 
Бопсалау
- жезөкшелікпен айналысуға тартылатын адамды немесе оның жақындарын 
маскаралайтын мэліметтерді таратамын деп немесе олардың мүдделеріне елеулі зиян келтіруі 
мүмкін өзге де мәліметтерді жариялаймын деп корқыту. 
Мүлікті жою немесе бүлдіру арқылы қорқытуга -
болашакта жәбірленушінің немесе оның 
жақындарының дүние, мүлкін, үйін, саяжайын, көлігін толық немесе ішінара жа- рамсыз етіп 
тастау туралы, оның жүзеге асырылатын әрекеттер арқылы жәбірленушіні жезөкшелікке тартуы 
жатады. 
Алдау жолымен жезөкшелікпен айналысуга тарту деп -
жәбірленушіге көрінеу жалган 
мэліметтерді беру аркылы, оны белгілі бір адаммен жыныстық қатынаста болуга көндіру, мысалы, 
жәбірленушіні өзімен болашақта неке күратын адаммен бірнеше рет жыныстық қатынаста боласың 
деп алдап, соган көндіруді, сол үшін кінэлі адам белгілі бір акы түрін алады, ал жәбірленуші ол 
туралы мүлдем хабарсыз болады. 
Жезөкшелікпен айналысуға тартуда кызмет акысын кінэлі жәбірленушімен бөлісуі немесе жеке 
өзі иеленіп кетуі мүмкін. Қылмыс формальдық қүрамга жатады жэне ол жезөкшелікпен айналысуға 
тарту әрекетін жүзеге асырған (жәбірленушінің акылы түрде нәпсіқұмарлық байланыска түскен) 
уақытынан бастап аякталған деп танылады. 
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстык кұкык 
бүзушылык ниет жэне мақсат әр түрлі болуы мүмкін, олардың қылмысты саралауға әсері жоқ. 
Қылмыстық кұкык бұзушылыктың субъектісі - 16-ға толған адам. 
Қылмыстық кодекстің 308-бабының 2-тармагында осы қылмыстың ауырлататын түрлері: 
Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен не бірнеше рет жасалган дәл сол іс-әрекет үшін 
жауаптылык белгіленген. 
Ал, осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, кылмыстык топ жасаған іс-
әрекеттер - қылмыстың аса ауыр түрі болып табылады (ҚК-тің 308-баптын 3-бөлігі). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   441   442   443   444   445   446   447   448   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет