Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


зімге бас бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазалана- ды



Pdf көрінісі
бет461/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   457   458   459   460   461   462   463   464   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

зімге бас бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазалана- ды. 
5. 
Абайсызда жәбірленушінің өліміне не оның денсаулыгына ауыр зиян келтіруге әкеп 
соққан заңсыз түсік жасау - 
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқыгынан үш 
жылга дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылга дейінгі мер- 
зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Түсік дегеніміз заңца белгіленген тәртіппен жасанды жолмен жүктілікті жою бо- лып 
табылады. Түсік әйелдердің өтініші бойынша 12 аптаға дейін, жүктілік кезінде, әлеуметтік 
көрсеткіштер бойынша - 23 аптага дейінгі жүктілік кезінде, ал медициналық негіздер мен әйелдің 
келісімі бойынша жүктілік мерзіміне карамастан, жүзеге асыры- лады. Түсікті жүзеге асыру 
осындай кызметті жүзеге асыруға лицензия алған арнау- лы мекемелерде жүзеге асырылады. 
Жүктілікті жасанды түрде жоюдың медициналык негіздерінің (көрсеткіштерінің) тізімін Қазақстан 
Республикасы Денсаулық сақтау ми- нистрлігі анықтайды, ал әлеуметтік көрсеткіштердің тізімі 
Қазакстан Республикасы бекіткен ережелер бойынша белгіленеді. 
Қылмыстық кұқық бұзушылық объектісі - әйелдердің өмірі жэне денсаулығы. Объ- ективтік 
жағынан қылмыс тиісті бағдардағы жогары медициналық білімі жок адамның түсік жасау арқылы 
(319-баптың І-тармағы) сараланады. Заң бойынша түсікті жоғары медицина білімі бар хирург-
гинеколог, акушер-гинеколог жүзеге асырады. Егер түсікті жоғары медициналық білімі бар 
терапевт, невропатолог, медбике. фельдшер т.б. жасаса, онда олар осы қылмыстык құкық 
бұзушылықты істегені үшін жауапты болады. Мұндай адамдар үшін тек кана аса кажеттілік 
жағдайында немесе негізді тәуекел ету арқылы әйелдің өмірін сақтап калу максатымен жүзеге 
асырылған түсік үшін ғана қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылық орын алмайды. 
Субъективтік жағынан Қылмыстық кодестің 319-бабының І-тармағында көзделген қылмыстық 
құкық бұзушылық тек тіке- лей қасақаналыкпен істеледі. Кінәлі адам өзінде тиісті бейіндегі 
жоғары медициналық білімі жоқ екенін және осыған байланысты түсік жасауға құқығы жоқ екенін 
сезеді, бірақ та соны тілеп әрекет істейді. Осындай субъектілердің бірнеше рет жасаған осындай 
іс- әрекет үшін жауаптылық 361-баптың 2-бөлігінде көрсетілген.


546
 
Қылмыстық кұкық бұзушылық субъектісі - жалиы, 16-ға толган тиісті бағдардагы медициналық 
білімі жоқ адамдар. 
Қылмыстық кодекстің 319-бабының 3-тармағында тиісті бағдардағы жоғары медициналық 
білімі бар адамның заңсыз түсік жасағаны үшін жауаптылық көзделген. 
Егер түсік емдеу мекемесінен тыскары жерде жүзеге асырылса (аса қажеттілік жағдайларынан 
басқа); түсік жасаған әйел ауру болса немесе медициналық, әлеумеггік көрсеткіштер бойынша оған 
түсік жасауға негіз болмаса, бүрынғы жасалған түсіктен соң 6 ай мерзім өтпесе, түсік заңсыз 
жасалған деп танылады. 
Қылмыстык құқық бұзушылык заңсыз түсік жасаған уакыттан бастап аяқталған деп табылады. 
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналыкпен және эр түрлі ни- еттермен: пайдакүнемдік, 
тұрмысқа шықпаган немесе некесіз жағдайда пайда болған жүктіліктен арылуды өтінген әйелге 
аяушылық білдіру т.с.с. 
Қылмыстық кұкык бұзушылык субъектісі - 16-ға толған тиісті бейіндегі жоғары медициналық 
білімі бар заңсыз түсік жасаған адам (хирург-гинеколог, акушер-гинеко- лог). Осы қылмыстык 
құқық бұзушылықтың ауырлататын түрі - Қылмыстық кодекстің 319-бабының 4-тармағында 
осындай іс-эрекеттерді тиісті бейіндегі жоғары медициналык білімі бар адамның бірнеші рет 
заңсыз түсік жасағаны үшін жауаптылық көзделген, Қылмыстык құқық бұзушылықты бірнеше рет 
жасау түсінігі ҚК-тің 12-бабында берілген. 
Қылмыстык кодекстің 319-бабынын 5-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі тиісті 
багдардағы жоғары медициналык білімі бар адамның сондай-ақ мұндай білімі жок адамның заңсыз 
түсік жасауы абайсызда жәбірленушінің өлуіне не оның денсаулыгына ауыр зиян келтіруте экеп 
соққаны үшін жауаптылық көзделген. 
Қылмыстык кодекстің 319-бабының 5-тармағында көрсетілген қылмыстық құқык бұзушылық 
материалдық құрамға жатады. Сондықтан да заңсыз жасалған түсік пен одан арын алған зардаптың 
арасындағы себепті байланысты анықтау кажет. Ауыр зиян келтірудің түсінігі Қылмыстық кодестің 
109-бабында берілген. 
Субъективтік жағынан Қылмыстық кодекстің 319-бабының 5-тармағында қылмыстык кұқық 
бұзушылық кінэнің екі бірдей нысаны арқылы жүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   457   458   459   460   461   462   463   464   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет