Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Науқасқа көмек көрсетпеу



Pdf көрінісі
бет462/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   458   459   460   461   462   463   464   465   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

320- 
6 а п. Науқасқа көмек көрсетпеу 
1. 
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес немесе арнайы ңагида бойыниіа науқасқа 
көмек көрсетуге міндетті адамның дәлелсіз себептермен оны көрсетпеуі, егер
 
бул 
абай- 
сызда науқастың денсаулыгына ауырлыгы орташа зиян келтіруге әкеп соқса
 -
 
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқыгынан екі 
жылга дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жүз айлық есептік көрсеткішке 
дейінгі мөлшерде айыппұл салуга не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық 
сагатқа дейінгі мерзімге қогамдық жұмыстарга тартуга не жетпіс бес тәулікке дейінгі 
мерзімге қамаққа алуга жазаланады. 
2. 
Дәл сол іс-әрекет, егер ол абайсызда науқастың өліміне не оның денсаулыгына ауыр 
зиян келтіруге әкеп соқса
 -
 
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу 
құқыгынан 
үш 
жылга дейінгі мерзімге айыра отырып, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде 
айыппұл салуга не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылга дейінгі мер- зімге бас 
бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас бостандыгынан айыруга 
жазалана■ 
ды. 
Қылмыстық кұкык бұзушылықтын тікелей объектісі - ауру адамның өмірі және денсаулығы. 
Қылмыс кұрамы материалдык. Қылмыстық кодекстін 320-бабынын I -тармагы бойынша заңға 
сэйкес немесе арнайы ереже бойынша көмек көрсетуге міндет- ті адамның дәлелді себептерсіз 
наукаска көмек көрсетпеуі, егер бұл абайсызда наукастын денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян 
келтіруте әкеп сокканы ушін жауаптылык бел- гіленген. 


547
 
Қылмыстық қуқық бұзушылық объективтік жағынан: 1) заңға сәйкес немесе ар- найы Ереже 
бойынша көмек көрсетуге міндетті адамның дэлелді себептерсіз наукаска көмек көрсетпеуі; 2) бұл 
әрекетсіздіктен абайсызда наукастың денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіруі; 3) 
әрекетсіздіктен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланыстың болуы арқылы көрініс 
табады. 
Заңға немесе арнайы ережеге сәйкес медицина қызметкерлері, басқа адамдар бакытсыз 
жағдайларға байланысты зардап шеккендерге, жаракат алғандарға, уланғандарға неме- се басқадай 
кенеттен пайда болган аурумен ауыратындарга тез арада көмек көрсетуге міндетті. Мұндай көмекті 
медициналық мекемелер аумактық ведомстволық немесе мен- шік нысанына, бағыныштылығына 
карамастан тез, кез келген уақытта, кез келген жер- де көрсетуге міндетті. Дәлелді себептерсіз 
наукаска көмек көрсетпесе және одан заңда көрсетілген зардап орын алса, онда кінэлі Қылмыстық 
кодекстің осы бабының тиісті тармактары бойынша жауапка тартылады. 
Дәлелді себептерге - тойтарылмайтын күш орын алуы (су тасқыны, жер сілкіну), аса мэжбүрлік 
жағдайына байланысты дер кезінде көмек бермеушілік жатады. Дәлелді себеп- термен науқасқа 
комек көрсетпеу қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жоятын мэн-жайға жатады. 
Қылмыстық құқык бұзушылық заңда көрсетілген зардап - наукастың денсаулығына орташа 
ауырлықтағы зиян келтірілген уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Орын алған зардапқа 
кінэлі адамның әрекетсіздігі себепті болуы керек. 
Қылмыстык құқык бұзушылық субъективтік жағы әрекетсіздікпен істелген касақаналык, ал 
одан орын алатын зардап абайсыздықтан болады. 
Қылмыстық құқық бұзушылык субъектісі - арнаулы, 16-га толған, науқасқа көмек көрсеуте 
міпдетті адам. 
Қылмыстық кодекстің 320-бабының 2-тармағында осы қылмыстық құқык бұзушылықтың 
ауырлататын түрлері: абайсызда наукастың өлуіне не оның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп 
соққан әрекеттер үшін жауаптылык көзделген. Мұндай зардаптарға сипаттама Қылмыстық 
кодекстің 104 жэне 114-баптың 1-тармағында берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   458   459   460   461   462   463   464   465   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет