Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


жылга дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жылдан жеті жылга дейінгі мер- зімге



Pdf көрінісі
бет476/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   472   473   474   475   476   477   478   479   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

жылга дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жылдан жеті жылга дейінгі мер- зімге 
бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Суларды ластау, бітеу жэне сарқығаны үшін кылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылық 
белгілеудің мақсаты су пайдалану ережелерін сақтауды қамтамасыз ету, судың табиғи қасиеттерін 
сақтауды, тіршілік етушілердің күллісіне судан болатын зиян- ды тойтару болып табылады. 
Қылмыстық кұқық бұзушылыктың объектісі суларды пайдалану және су объектілерін қорғау 
саласындағы қатынастар. 
Қылмыстық кұқық бұзушылықтың заты жер беті немесе жер асты сулары, мұздықтар, ауыз 
сумен жабдықтау көздері болады. 
Суды қорғау ережелері көптеген заң және баскадай нормативтік-құқықтык актілер- де: 
Қазақстан Республикасының су кодексінде, қоршаған табиғи ортаны қорғау тура- лы заңда, суды 
ластаудан қоргау туралы ережелерді жэне тағы басқадай нормативтік- құқықтық актілерде 
көрсетілген. 
Осы қылмыстың объективтік жағы: а) жер беті немесе жер асты суларын, мұздықтарды, ауыз 
сумен жабдықтау көздерін ластау, бітеу, сарқу не олардың табиги қасиеттерін өзге де өзгерту; б) 
осы әрекеттер жануарлар немесе өсімдіктер дүниесіне, балық қорына, ор- ман немесе ауыл 
шаруашылығына айтарлықтай залал келтіруге әкеп соқса; в) іс-әрекет пен зардаптың арасындагы 
себепті байланыстың болуы арқылы сипатталады. 
Зиянды заттардың қосылуы салдарынан пайда болған судың физикалық, химиялық немесе 
биологиялық сипатының өзгеруі судың ластануы деп танылады, осының салдары- нан су 
коммуналдық, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, балық шаруашылыгы жэне басқа максаттарга 
дұрыс пайдалану үшін жарамсыз болып қалады. Судың ластануы белгілен- ген тэртіп бойынша 
суды сынап көру жолымен анықталады. Өндірістік жэне тұрмыстык қатты қалдыктар мен 
қоқыстардың суга тасталуы судың бітелуі деп танылады, осының салдарынан су объектісінің 
гидрологиялық жайы нашарлайды және суды пайдалануға кедергі келеді. 
Жер асты жэне жер үсті суларының запас қоры, саласы кеміп, пайдалануға жарамсыз болуын 
су объектілерінің сарқылуы деп білеміз. 
Су объектілерінің сарқылуы өзендердің, көлдердің, бөгеттердің, жер үсті, жер асты суларының 
жэне басқа су объектілерінің бірқалыпты су режимін сақтаудан, суды пайда- ланатын 
субъектілердің су объектілерінің саркылуын болғызбау жөніндегі міңдеттерін орындаудан, жер 
асты суларын сарқылудан коргау шараларының дұрыс жүргізілмегенінен пайда болады. 
Жарылыс, құрылыс, басқа жұмыстарды тікелей су объектілеріне немесе оған жақын жерлерде 
жүзеге асырудың эсерінен судың құрамының зиянды өзгеруі судың табиги касиеттерін өзге де 
өзгертулер деп айтамыз. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының міндетті белгісі - заңда көрсетілген 
зардаптардың - жануарлар немесе өсімдіктер дүниесіне, балық корына, ор- ман немесе ауыл 
шаруашылыгына айтарлықтай залал келтірудің болуы болып табылады. Ягни қылмыс құрамы 
материалдық. Егістіктің апатқа ұшырауы: мал жайылымының жа- рамсыз күйге келуі ауыл 
шаруашылығына келтірілген елеулі зиянга жатады. 
Жабайы аңдардың, құстардың өсуінің сиреуі, ағаштардың, ормандагы барлык өсімдіктердің 
қурауы жануарлар немесе өсімдіктер дүниесіне келтірілген елеулі зиянбо- лып табылады. 
Балықтардың ауруга, өлім-жітімге ұшырауы, тұқым шашпауы және тағы басқа зиян- ды 
зардаптардың орын алуы балық қорына келтірілген елеулі зиян болып табылады. 


560
 
Занда көрсетілген іс-әрекеттер мен зардаптардың арасында себепті байланыс болуы шарт. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың заңда көрсетілген балама зардаптардың біреуінін орын 
алган уақытынан бастап аяқталган деп танылады. 
Субъективтік жағынан қылмыстық құқық бұзушылықтың қасақаналықпен де, абайсыздықпен 
де істеледі. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі - жалпы, 16-га толған кез келген адам. 
Қылмыстык кодекстің 328-бабының 2-тармағында осы құрамның ауырлататын түрі - қоршаған 
ортада ірі залал келтірген не келтіру қатерін туғызған, сол сияқты ерекше қоргалатын табиги 
аумақтарда не төтенше экологиялық жагдай аумагында жасалган дэл сол әрекеттер үшін 
жауаптылық белгіленген. 
Ерекше қоргалатын табиғи аумақтарга - Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын 
табиги аумақтар туралы» 1997 жылғы 15 шілдедегі заңына сәйкес мем- лекеттік табиғи корыктар; 
мемлекеттік ұлттық табиги парктер; мемлекеттік табигн парктер; мемлекеттік табиғат 
ескерткіштері; мемлекеттік қорық өңірлері; мемлекет- тік табиги заказниктер; мемлекеттік 
экологиялық парктер; мемлекеттік ботаникалык бақтар; мемлекеттік дендрологиялық парктер; 
ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе гылыми жагынан ерекше кұнды су қоймалары; 
халықаралык маңызы бар сулы-батпакты алқаптар; жер қойнауының экологиялық, гылыми, мәдени 
және өзге де жагынан ерекше құнды учаскелері жатады. 
Төтенше экологиялық жағдай аумагының түсінігіне Қылмыстық кодекстің 326-бабы- на талдау 
жасаганда тоқталып өткенбіз. 
ҚК-тің 328-бабының 2-тармағында сөз болып отырған - ерекше корғалатын табиғи аумақ жэне 
төтенше экологиялык жағдай аумағы кылмыстын істелетін орны. Занға сәйкес бұл жерлерде 
жасалған коғамға қауіпті іс-әрекет кылмыстың зардабының болған, болмағанына карамастан 
кылмыстык кұкық бұзушылық болып табылады. 
Қылмыстык кодекстің 328-бабыньщ 3-тармағында осы кылмыстың аса ауырлататын түрі - осы 
баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген эрекеттер коршаған ортаға аса ірі залал 
келтіруге не адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққаны үшін жауаптылық 
белгіленген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   472   473   474   475   476   477   478   479   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет