Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015



Pdf көрінісі
бет48/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

Үйымдастырушы. Қылмыстық құқык бұзушылык жасауды ұйымдастырған не- месе оның 
орындалуына басшылык еткен адам, сол сиякты кылмыстык топты кұрған не оларға басшылық еткен 
адам 
ұйымдастырушы 
деп 
танылады 
(28-бап, 
3-бөлігі). 
Ұйымдастырушы 
қылмыстыққұқықбұзушылыққа қатысушылардың ішіндегі ен қауіптісі болып табылады. Оның 
әрекеті Қылмыстық кодекстің 29-бабына сілтеме жасала отырып сараланады. Қылмысты 
ұйымдастырушылардың әрекеті көбінесе тұрақты қылмыстык топ құруға байланысты болады. 
Ұйымдастырушылар объективтік жагынан алганда қызметі қылмыстық кұқық бұзушылыққа 
қатысушыларды табу, оның дайындығына, жүзеге асырылуына жоспар жасау, қылмыстық құқық 


121 
бұзушылыққа қатысушылардын арасында берік тәртіп орнату, олардың өзара міндеттерін бөлу, 
сондай-ақ қылмысты істеу барысында оган тікелей басшылық жасау жагынан көрінеді. Барлық 
жағдайларда да ұйымдастырушы, қылмыстық құқық бұзушылықты істеуді дайындағанда немесе 
басқарганда олардың катысушыларын біріктіріп, басшылық жасайды, көп жағдайларда қылмыстық 
құқық бұзушылык істеудің бастамашысы болады. Кейбір ретте қылмыстық құқық бұзушылықты 
ұйымдастырушы өзінің ұйымдастырушылық қызметін істелген қылмыстық құқық бұзушылықтың 
тікелей орындаушылық қызметімен коса аткаруы да мүмкін. Бірақ та мұндай жағдайда оның 
ұйымдастырушылық қызметін қылмыстық құкық бұзушылықты орындаушылық қызметімен 
алмастыруға болмайды. Өйткені қылмыстық құқық бұзушылыкты ұйымдастырушының зияндылыгы 
орындаушыга қараганда жогары жэне қауіпті болып табылады. Үйымдастырушы тек кана тікелей 
қасақаналықпен эрекет жасайды. Ол эрекетінің қоғамга қауіпті екенін біле тұра, содан туындайтын 
зардаптардың болуын болжай тұра, сол зардаптың болуын тілеп істейді. Яғни басқаша айтқанда, 
ұйымдастырушы қылмыстық құкық бұзушылыкка қатысушылардың барлығының қылмыстық құқық 
бұзушылық әрекетінің біріктірушісі болады жэне сол үшін де өзі ұиымдастырған нақты қылмыстық 
құқық бұзушылық құрамының санкциясына сэикес жазаға тартылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет