Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


қауіпті қарулы шабуылмен немесе зорлық-зомбылықпен не осындай зорлық- зомбылықтың



Pdf көрінісі
бет56/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

қауіпті қарулы шабуылмен немесе зорлық-зомбылықпен не осындай зорлық- зомбылықтың 
тікелей қатерімен, не тургын үйге, үй-жайга басып кірумен уштасқан өзге де қолсуғушылыққа 
тойтарыс беру кезінде адамга зиян келтіру, сондай-ақ егер қорганушы қолсугушылықтың 
кенеттен болуы салдарынан шабуыл қаупінің дәрежесі мен сипатын объективті багалай 
алмаса, қажетті қорганыс шегінен шығу болып табылмайды. 
Әрбір азаматтың конституциялық борышы - қоғамдық қатынастарды қылмыстық құқық 
бұзушылық жолмен келтірілген зияннан қорғау. Осы міндетті жүзеге асыруда жеке адамға, қогамға, 
мемлекетке қарсы бағытталған іс-әрекеттерді дер кезінде тыюдың, тойтарудың маңызы ерекше. 
Қоғамға қауіпті іс-әрекетті тойтаруда, оның зияндылығын тыюда, сол қауіпті төндірген адамға 
материалдық, моральдық жэне басқа да зиян кел- тірілуі мүмкін. Мұндай әрекеттер формальдық 
жағынан алғанда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жекелеген баптарында көрсетілген 
қылмыстық құқық бұзушылык құрамына жатуы мүмкін. Бірак та бұл әрекеттер белгілі бір 
жағдайларда қылмыстық құкық бұзушылық болып табылмайды. Өйткені мұндай әрекетте 
қылмыстық құкық бұзушылық материалдық белгісі болып табылатын басты белгі - қоғамға 
қауіптілік жок. Керісінше, мұндай жағдайларда, қогамдық қатынастарға зиян келтіруге бағытталған 
қауіпті жою, тойтару қоғамға пайдалы іс-әрекет деп танылады. Қолданылып жүрген қылмыстық заң 
бойынша бұларға қажетті қорғану; аса (мэжбүрлі) қажеттілік; жедел- іздестіру шараларын немесе 
жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру; қол сұғушылық жасаган адамды ұстау; негізді кәсіби 
тәуекел; күштеу немесе психикалық мэжбүрлеу; бүйрықты немесе өкімді орындау әрекеттері 
жатады. 
Осы аталган жагдайларда істелген әрекет немесе эрекетсіздік сырттай қылмыстык күкық 
бүзушылык белгілеріне үқсаганымен, оларда қоғамга кауіптілік болмағандықтан, кылмыстық күкық 
бүзушылык катарына жатпайды. Өйткені бұл аталған институттар коғамга пайдалы іс-эрекеттер 
катарына жатады. Енді осы мэн-жайларға талдау жасайық. 
Қылмыстык заңга сәйкес барлык адамдардың кәсіби немесе өзге де арнаулы даярлыгына және 
кызмет жағдайына карамастан тең дэрежеде кажетті корғануға кұкыгы бар. Бұл құкық адамға 
қогамға кауіпті қол сұгушылықтан құтылу баска адамдардың немесе мемлекеттік органдардың 
комегіне жүгіну мүмкіндігіне қарамастан тиесілі бо- лып табылады. (32-бап, 2-бөлік). Қажетті 
коргану жағдайында кол сұғушы адамга зиян келтіру, ягни қорганушының немесе өзге бір адамның 
жеке басын, тұргын үйін, мен- шігін, жер учаскесін және баска да кұкыктарын, когамның немесе 
мемлекеттің заңмен корғалатын мүдделерін қогамдық кауіпті қол сұгушылықтан кол сұғушыга зиян 
келтіру жолымен қоргау кезінде, егер бұл орайда қажетті қорғану шегінен асып кетушілікке жол 
берілмеген болса, ол кылмыс болып табылмайды делінген (32-бап, 1-бөлігі). 
Бұл жерде мемлекеттік, қогамдық мүдделерге қорганушының өзіне, баска адамның заңды 
құқықтарына, кұқықтық тәртіпке тікелей қауіп төндіріп тұрган істі тоқтату максатымен соны 
төндірушіге зиян келтірушілік, қылмыстық құқык бұзушылық құрамда көрсетілген белгілерге дэл 


135 
ұксағанымен қылмыстық құқык бұзушылық болып саналмай- ды делініп отыр. 
Қажетті қоргану - әрбір адамның заңды жэне заңмен көтермеленетін әрекеті болып та- былады. 
Әлеуметтік мәні бойынша кажетті қорганудың когамға кауіптілігі жоқ. Қажетті қорғану адамның ең 
қасиетті, табиғи құкықтары, өмірін, денсаулыгын, бостандығын, меншігін т. б. басқа да игіліктерін 
қоргаудың тэсілі болып табылады. Қажетті қорғану кылмыстық кұкык бұзушылыкты тыюды, 
зорлықиен істелетін қылмыстық құқык бұзушылык жэне меншікке, баска да қылмыстык кұкық 
бұзушылыкка карсы күресудің пәрменді құралы болып табылады. 
Сондай-ак қажетті қоргануды қолданудың аса маңызды сақтандырушылық мэні зор. Өйткені, 
киянат келтірушінің өзі зиян келтіру жолымен тойтарыс берілетінін сезінуі оны көп жагдайларда 
кылмыс істеуден тартындырады. 
Міне, осыған байланысты кажетті корғану Конституцияда көрсетілген азаматтардың құкыктары 
мен бостандықтарын коргаудың кепілі, когамга пайдалы әрекет деп санала- 
ДЫ .
Мұндай жағдайда киянат жасаушының өмірі, денсаулыгы, меншігі оның қылмыс істе- уіне 
байланысты кылмыстык құқык бұзушылык заңның корғануынан тыскары қалады. Қажетті қорғану 
жағдайында оған зиян келтіру қылмыстык кұқылық эрекетпен заң қорғайтын объектіге кол 
сұтушылық болып табылмайды. Қажетті қорғану киянат жа- сауды тыюдың, оған тойтарыс берудің 
белсенді нысаны болып табылады. Бұл шабуыл жасаушыға қарсы істелген тікелей әрекет болып 
саналады. Сол себепті де мемлекет заңда белгіленген тәртіппен кейбір тэртіп сакшыларына мундай 
реттерде кару колдану құқығына да жол береді. 
Қылмыстык заңға сәйкес адам басқа қоғамга қауіпті қол сұғушылыктан құтылу не- месе 
мемлекет органдарынан көмек сұрауға мүмкіндігі болғанына карамастан кажетті қорғануды 
қолдануға құкылы. 
Көмек сұрау мүмкіндігіне кауіпті қиянаттан қашып кету, жасырынып қалу, жұлқынып шығу, 
қиянат жасаушыга басқадай бөгеттер жасау, айғайлап көмекке шакыру, теле- фонмен құқық қорғау 
органдарына, туысқандарына, көршілеріне, таныстарына хабар- лау сияқты эрекеттер жатады. Заң 
бойынша барлық азаматтар - кәсіби немесе өзге де даярлығын, кызмет жағдайына қарамастан 
кажетті қорғануды жүзеге асыруға бірдей не- гізде құқылы. Заңда лауазым адамдары немесе 
басқадай кұқық корғау органдары үшін кажетті қорғануды қолданудың ерекше талаптары 
белгіленбеген. Көптеген азаматтар үшін қажетті қорғануды қолдану олардың жеке құқығы болып 
табылады. 
Қажетті қорғануды пайдаланудан бұлтарған немесе бас тартқан адамдар тек қана моральдық 
жағынан айыпталады. Керісінше заңға, ережеге, басқадай нормативті ак- тілерге сәйкес қажетті 
қорғануды жүзеге асырмаса, оның эрекеті қылмыстык құкық бұзушылык немесе тәртіптік 
жауаптылықка жатады. 
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының «Қажетті қорғану жөніндегі заңдарда қолдану 
туралы» 2007 жылғы 11 мамырдағы № 2 нормативтік қаулысына сәйкес: 
«1. Қажетті корғану - эр адамның өміріне, денсаулығына, мүлкіне, тұрғын үйіне, мен- шігіне 
жэне басқа да заңмен қоргалатын құқықтары мен мүдделеріне коғамға қауіпті қол сұғушылыктардан 
корғануга ажырама конституциялык кұқығы болып табылады. Осыған байланысты қаза келтіру де 
денсаулығына зиян келтіру бойынша істерді жүргізу кезінде ҚК 32-бабының қажетті қорғаныс және 
оның шектері туралы ережелеріне сүйене отырып, мақсат, себеп, кінә нысанын, кылмыстың жасалу 
тәсілін жэне эрекетті дұрыс саралауға қажетті басқа да мән-жайларды мұқият анықтау керек. 
2. Барлык адамдардың кәсіби немесе өзге де арнаулы даярлығына жэне қызмет жағдайына, 
жынысына, жасына және басқа да жағдайларга қарамастан тең дәрежеде қажетті қорғануға құкығы 
бар. Бұл құкық адамға заңмен корғалатын кандай объектіге қоғамға қауіпті қол сұғушылық 
жасалғанына, ол объект қорғанушының өзіне немесе басқа адамдарға тиесілі екендігіне, сондай-ак 
қоғамға кауіпті қол сұғушылықтан құтылу не баска адамдардың немесе мемлекеттік органдардың 
көмегіне жүгіну мүмкіндігіне қарамастан тиесілі болып табылады. 


136 
3. Адамды қажетті қорғаныс жағдайында болды деп тану үшін қоғамға қауіпті қол сұғушылык 
жасалғанын және бұл қол сұғушылық оның осы қол сұғушылықты болдыр- мау немесе тойтарыс 
беру үшін шабуыл жасаушыға қаза келтіру немесе денсаулығына зиян келтірумен ұштасқан 
әрекеттер жасауына себеп болғанын анықтау қажет. 
Қорғанушы адамның немесе басқа да тұлғалардың әлеуметтік маңызы бар құндылықтарына, 
қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіруге багытталған кол сұғушылық 
қоғамға қауіпті деп танылады. Тиісінше кажетті қорғану кезінде адамның кұқығы, яғни оның өмірі, 
денсаулығы, жыныстық тиіспеушілігі, ар- ожданы мен намысы, меншігі, тұрғын үйі, жер учаскесі 
және қорғанушының өзіне жэне баска тұлғаларға тиесілі өзге де құқықтары, сондай-ақ қоғам жоне 
мемлекеттің мүдделері қорғау объектілері бола алады. 
4. Адам одан қорғануға құқылы қол сұғушылык касакана жэне абайсызда жасалуы мүмкін, онда 
қылмыс кұрамы болуы немесе қылмыс болмауы мүмкін, алайда, бұл мэн- жайлар корғанушының 
корғану кұкығына әсер етпейді, өйткені корғанушы қылмыстық жауаптылыкка тартылуға жататын 
адамнан, жэне есі дұрыс емес немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылуга жасы жетпеген адамнан 
тікелей келген қасақана немесе абай- сыз кол сұғушылықтан бірдей мөлшерде қорғануға құқылы. 
Зиян когамға қауіпті қол сұгушылык жасаған адамның өзіне тікелей келтірілсе ғана ол кажетті 
корғану жағдайында жасалған деп танылуы мүмкін (соның ішінде олар техника- ны, жануарларды, 
есі дұрыс емес адамдарды, жасоспірімдерді пайдаланған жағдайларда да). 
5. Шабуыл жасаушының касақана немесе абайсыз әрекеттерімен зиян келтіріліп болғанда ғана 
емес, зиян келтіру элі басталмаған, бірақ нақтылы келтірілу каупі төнген (мысалы, кол сұғушылықты 
іске асыруға дайындык әрекеттері жасалған жэне т.б.), не қол сұгушы кұкыкка қарсы әрекеттерін әлі 
аяқталмаған (ұрып-соғуын жалғастырган, ұрланган заттарды пәтерден әкетіп үлгермеген) кезде, 
сондай-ақ негізінен аяқталған, бірак істің мән-жайларына карай корғанушы үшін оның кай сәтте 
аяқталғаны айкын болмаған кол сұғушылықтан кейін іле-шала жалғаскан қоргану кезінде кажетті 
корғануға жол беріледі». 
Қылмыстык кодекстің тиісті бабына сэйкес, қажетті қорғану құкығы азаматтардың өмірін, 
денсаулыгын, арын, беделін, сондай-ақ мүлкін қоғамдық кауіптерден коргаудағы конституциялық 
құкығын жүзеге асырудың ең бір кепілі екендігіне соттардың назарын аудару керек. 
Азаматтар заңға сәйкес шабуылдан кашып қорғанудан немесе баска амалдар қолданудан тыс, 
заңга сәйкес қоғамға қауіпті шабуылға қарсы залал жасау жолымен белсенді шараларды колдануға 
кақысы бар. Мұндай кезде олар қоғамға қауіпті шабуыл- дан қорғану жағдайында келтірілген залалы 
үшін жауап бермейді, деп атап көрсетілген. Қажетті қорғануды жүзеге асырудың заңға сыйымды 
негізгі шарттары бар. 


137 
Қиянатқа байланысты қажетті корғануды колданудың заңға сыйымдылык шарттары: оның 
біріншісі қиянат коғамға қауіпті болуы керек, яғни киянат аркылы зан қорғайтын мүдделерге тікелей 
зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін тудыратын жағдайда кажетті корғануды қолдануға 
болады. 
Қоғамға кауіпті қол сұғушылықжоқболса, кажетті корғануда жок. Қол сүғушылықтың түрлері 
Қылмыстык кодекстің 32-бабында қорғанушылықты немесе баска адамның жеке басына тікелей 
төнген кауіпті киянаттан болған әрекеттер деп көрсетілген. Бүл әрекеттер шабуыл арқылы жүзеге 
асырылады. Шабуыл - бұл ашықтан-ашық кенеттен пайда болған зорлык әрекет. Өмірге қауіпті 
зорлық өлімге экеліп соғуы, ал өмірге қауіпті емес зорлык денсаулыкка зиян келтіруі мүмкін. Зорлык 
көрсетемін деп коркыту өмірді жоюға немесе денсаулықка зақым келтіруге накты бағытталуы 
мүмкін. Қажетті корғану кауіпті тудыру ошағына арналгандықтан, оны кім немесе не төндіргеніне 
қарамайды. Қорғаныс заңсыз істеудің нэтижесінде заң корғайтын мүддеге қауіп төндіретін 
лауазымдык жағдайын пайдаланушыға да, жасы қылмыстық жауаптылыкка толмағандар мен есі 
дұрыс емес- терге, корғаудың шегінен асып кетушілік әрекеттеріне жэне жалған қорғануға қарсы 
қолданылуы мүмкін. Заңда бұларды бір сөзбен айтқанда, кауіпті киянатты төндіруші деп айтады. 
Қауіпті төндірушілерге заң бойынша жоғарыда айтылған іс-әрекетті істегендердің бэрі жатады. 
Қажетті қорғануды заңды эрекетке колдануға болмайды, сол сияқты кажетті корғануды қандай 
да бір әрекетінде кылмыстың формальдық жағынан белгілері бар, маңызы шамалы эрекет немесе 
эрекетсіздікке қолдануга болмайды. Мұндай әрекеттерге өте арзан заттарды ұрлау, жасөспірімдердің 
бау-бақшадан жеміс-жидек ұрлауы сияқты әрекеттері жатады. Адам мұндай іс-эрекеттері арқылы 
зиян келтірсе, онда олар жалпы негізде жауаптылыққа тартылады. 
Қажетті қорғану экімшілік теріс қылыққа да қарсы қолданылуы мүмкін. Мысалы, ұсак 
бұзақылықка қарсы. Қажетті корғануды қолдануда негіз болатын қоғамға зиянды касақана әрекеттің 
(абайсызда емес) өмірге, денсаулыққа, бостандыққа, меншікке, баска да кұқыктарына, коғам немесе 
мемлекеттің заңды мүдделеріне, когамдық тәртіпке дереу зиян келтірілуі мүмкін болғанда ғана 
қолдануға болады. Мысалы, кісі өлтіруге, әйелді зорлауға, ұрлыққа, тонауға окталу. Егер қиянаттың 
когамдық қатынастарға дереу, тез зиян келтіруге қабілеті болмаса, онда ондай әрекеттерге қарсы 
кажетті корғануды қолдануға болмайды. Мұндай жағдайда төнген залалды тойтару баска жолмен 
жүзеге асырылады. 
Қажетті қорғануды карсы әрекетке гана қолдануға болады. Құқылык міндетін орындамаған 
әрекетсіздікке кажетті қорғануды колдануга негіз жоқ. Мұндай кұкылық міндетті орындамаушылық 


138 
орын алған жағдайда оган зиян келтірмей-ақ, оны зорлап орындатушылык орын алады. Заңда 
көрсетілген қылмысты қиянатпен кол сұғу қасакана болуы қажет, абайсыздықпен қол сұғу баска 
жолмен тоқтатылады. 
Қажетті қоргануды колданудың екінші шарты - корғану қол сұғушылык нақты бар болғанда ғана 
қолданылады. Қол сұғушылыктың объективтік категория ретінде баста- луы және аяқталуы болады. 
Нактылы төніп тұрған қол сұғушылық деп заң қорғайтын объектіге зиян келтіруге кірісуді бастағалы 
жаткан немесе кіріскен эрекетті айтамыз. Яғни, кол сұғушылықтың кірісуі деп когамға қауіпті 
әрекеттің басталған уакытын ай- тамыз. Қасақана кылмыстық құкык бұзушылық үшін қол 
сұғушылықтың бастама- сы болып кылмыстық құқық бұзушылык істеуге оқталгандық әрекеті 
айтылады. Ал қол сұғушылықтың аяқталуы болып іс-әрекеттің накты біткен, шын мәнінде оның 
доғарылған уақыты саналады. Қол сұғушылық алға қойған максатқа жетуге немесе одан ерікті түрде 
бас тартуға байланысты догарылуы мүмкін. Егер де қол сұғушылык бітіп кетсе, оган қажстті 
қоргануды қолдануга болмайды. Өйткені қажетті қорганудың максаты - болатын, орын алатын 
зиянды тойтаруга, оны болгызбауга багытталган. Қазакстан Республикасының Жогаргы Соты өзінің 
2007 жылы 11 мамырдағы «Қажетті қоргану жоніндегі заңдарда қолдану туралы» № 2 нормативтік 
қаулысында қажетті қоргану құқыгы тек когамга кауіпті қол сұғушылық сәтінде гана емес, шабуыл 
жасау қаупі анық төнген кезде қолданылатынын корсеткен. Яғни, қажетті қоргануды нақтылы қауіп 
төніп тұрган тұрған кол сұғушылыкка гана колданады. Нақтылы төніп тұрған қаупі біткен қылмыска 
оны қолдануга болмайды. Осыған орай, кейде қажетті қоргануды қолданушы қылмыстың біткен 
немесе бітпегенін ажырата алмаудан қолдану жағдайлары да кезде- суі мүмкін. Жоғарыда аталған 
Жогаргы Сот нормативтік қаулысының 5-8-тармагына сэйкес, мұндай реттерде «Шабуыл 
аяқталғаннан кейін, бірақ істің мэн-жайларына сәйкес қорганушы үшін оның бітіп қалу сәтінің 
түсініксіз жагдайына сэйкес, кылмыстың біткен немесе бітпегенін ажырата алмай біткен кылмысты 
бітпеген кылмыс деп ұғып, кажетті қоргануды қолдаса, ол әрекетті кажетті қорғануга жатқызуы 
керек», - делінген. Егер қорганушы қауіптің біткенін біле тұра қажетті корғануды қолданса, ондай 
әрекет корғану шегінен 
І І І Ы Г Ы П
кеткен деп есептеледі. Қауіпті емес әрекетті онын қауіпті екендігін 
білу- ге мүмкіндігі болмай шынымен қауіпті іс деп санан, қажетті қоргану қолданылса, ол үшін 
қажетті корғануды колданушы жауапкершілікке жатпайды. 
Егер корганушы іс-әрекеттің кауіпті емес екендігін байқауға мүмкіндігі болып тұрып, коргануды 
қасақана емес күйде жүзеге асырса, бұл жагдайда ол абайсыздык түрінде істелген әрекет үшін 
қылмыстык жауаптылыққа тартылады. 
Қажетті корганудың үшінші бір шарты - қогамға кауіпті кол сүгу айкын, шын мәнінде, ягни 
когамдық катынастарга анық зиян келтіретін болуы керек. Адамның санасында гана елестетілетін 
қиянаттың зиян келтірумен ешқандай байланысы жоқ. Елестетілетін киянаттан қорғануды жалған 
қоргану дейміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет