Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Пойызды қажет болмаған жағдайда өз бетінше тоқтату



Pdf көрінісі
бет508/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   504   505   506   507   508   509   510   511   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

352- 
6 а п. Пойызды қажет болмаған жағдайда өз бетінше тоқтату 
Пойызды тоқтату-кранымен не ауа тежегіш магистралін ажырату жолымен немесе өзге 
тәсілмен қажет болмаган жагдайда өз бетінше тоқтату, егер бул адам өліміне неме- се өзге 
де ауыр зардаптарга әкеп соқса
 -
 
екі жылдан сегіз жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Пойызды стоп-кранмен не ауа тежегіш магистралдарын ажырату жолымен немесе өзге әдіспен 
қажет болмаған жагдайда оз бетінше тоқтату, егер бұл кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарга 
әкеп сокса - кінэлі Қылмыстык кодекстің 352-бабымен жауапқа тартылады. 
Қылмыстык кұкык бұзушылыктың тікелей объектісі - пойыздың біркалыпты, қауіп- сіз 
жүмысы, қосымша тікелей объект адамдардың өмірі немесе денсаулығы, меншігі болуы мүмкін. 
Қылмыстык кұкык бұзушылық объективтік жагынан: а) пойызды стоп-кранмен не ауа тежегіш 
магистральдарды ажырату жолымен немесе өзге де әдіспен қажет болмаган жагдайда өз бетінше 
токтату; б) одан кылмыстың зардабы - кісі өлімі немесе өзге де ауыр зардаптардын болуы; в) 
олардың арасындағы себепті байланыс. 
Өз бетімен токтату деп ешбір кажетсіз, негізсіз жүріп келе жатқан пойызды тоқтатуды айтамыз. 
Тоқтатудың тәсілдері әр түрлі: стоп-кранды пайдалану арқылы, ауа тежегіш магистралды ажырату, 
өзге әдіспен - кызыл жалаумен немесе кызыл от жанған әйнек аркылы, жолга көлденендеп тұрып 
алу аркылы жүзеге асырылуы мүмкін. Аса кажеттілік жагдайында (мысалы, ауыр жагдайдагы ауру 
адамга дәрігерлік комек корсету) пойызды өз бетінше токтату қоғамға қауіпті іс-эрекет болып 
табылмайтындықтан, қылмыстык қүкык бұзушылык катарына жатпайды. 
Пойызды кажетсіз өз бетінше тоқтатудың зардабы - кісі өлімі немесе өзге де ауыр зардаптарға 
(адамдардың ауыр дене жарақатын алуы, пойыздың күйреуі, жолдың істен шыгуы т.б.) әкеліп 
соғады. Істелген іс-әрекет пен орын алган зардаптың арасында себепті байланыс болуы шарт. 
Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан екі нысандагы кінә түрімен (іс- әрекет 
жөнінде касақаналық, ал одан туындайтын зардап жөнінде абайсыздық) істеледі. 


589
 
Қылмыстық құқық бұзушылыктың істелу ниеті әр түрлі болуы мүмкін, бірақ ол саралауға әсер 
етпейді. Егер кінэлі адам пойызды қасақаналықпен, адам өлтіру үшін тоқтатса, онда ол кісі өлтіргені 
үшін жауапқа тартылады. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толған кез келген адам. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   504   505   506   507   508   509   510   511   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет