396-
6 а п. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қуқыққа қайшы өзгерту
1.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қуқыққа қайшы өзгерту
мақсатында шекаралық белгілерді алып тастау, орнын ауыстыру немесе жою -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуға не сол мөлшерде
түзеу жумыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мер-
зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады.
2.
Бірнеше рет жасалган немесе ауыр зардаптарга әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер -
төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол
мөлшерде түзеу жумыстарына не төрт жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шекте- уге
не сол мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі - күзетілетініне немесе күзетілмейтініне
қарамастан, Қазақстан Республикасының шекарасына қол сұғыл- майтындыгы.
Қылмыстық заты - шекаралық белгі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ше- кара туралы
заңында мемлекеттік шекараның көзге анық көрінетін шекаралык белгілер арқылы белгіленетіні
айтылған.
Шекаралық белгілердің бейнесі жэне оларды орнату тэртібі Қазақстан Республи- касының
халыкаралык шарттарымен, Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімі- мен анықталады.
Қылмыстық құкық бұзушылық объективтік жагынан: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
шекарасын кұқыққа қайшы өзгерту мақсатында шекаралық белгілерді алып тастау, орнын ауыстыру
немесе жою аркылы сипатталады.
Шекаралық белгілерді алып тастау деп - осы белгілерді мемлекеттік шекарадан шығарып
тастауды; орнын ауыстыру деп бұл шекаралық белгіні екінші бір жерге апарып қондыруды, ал жою
деп осы белгілерді түгелімен жоюды, түкке жарамайтын етіп тастау- ды айтамыз. Осы көрсетілген
әрекеттердің бірін орындау аяқталган қылмысты істегендік деп танылады. Қылмыстық құкық
бұзушылық құрамы формальдық.
Қылмыстық құқык бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналыкпен істе- леді. Кінәлі
шекаралық белгілерді алып тастайтынын, орнын ауыстыратынын немесе жоятынын сезеді және
соны істеуді тілейді.
Қылмыстық құқык бұзушылықтың мақсаты - заңға қайшы түрде Қазақстан Республи- касының
Мемлекеттік шекарасын өзгерту.
Қылмыстық құкық бұзушылықтың субъектісі - І6-ға толған, кез келген адам.
Қылмыстык кодекстің 396-бабының 2-тармағында осы кылмыстың ауырлататын екі балама түрі
- бірнеше рет жасалған шекаралық белгілерді алып тастау, орнын ауыстыру немесе жою (бірнеше
рет қылмыс түсінігі Қылмыстық кодекстің 12-бабында берілген) немесе ауыр зардаптарға экеп
соққан сол әрекеттер үшін жауаптылық белгіленген. Ауыр зардаптарға - шекаралық даулардың
пайда болуы, ірі материалдық залалдың орын алуы т.с.с. Ауыр зардаптың көлемін нақты
жағдайларға байланысты сот шешеді.
Достарыңызбен бөлісу: |