Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, мемлекеттік пошта



Pdf көрінісі
бет564/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   560   561   562   563   564   565   566   567   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

385- 
6 а п. Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, мемлекеттік пошта 
төлемі белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу 
1. 
Қүқықтар беретін немесе міндеттерден босататын куәлікті немесе өзге де рес- ми 
құжатты қолдан жасау не мундай қужатты еткізу, сол сияқты қолдан жасалган 
мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, мемлекеттік пошта телемі белгілерін, Қазақстан 
Республикасының немесе КСРО-ның мемлекеттік наградаларын дайындау немесе өткізу - 
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуға не сол мөлшерде 
түзеу жумыстарына не екі жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мер- 
зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
2. 
Бірнеше рет немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалган дәл сол іс-
әрекеттер - 
төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде 
түзеу жумыстарына не терт жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеу- ге не сол 
мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
3. 
Көрінеу жалган қужатты пайдалану - 
үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде 
түзеу жумыстарына не екі жүз қырық сагатқа дейінгі мерзімге қогамдық жумыстарга 
тартуга не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуга жазаланады. 
Қылмыстык кодекстіц 385-бабының 1-тармагында құкықтар бсретін нсмесе мін- деттерден 
босататын куәлікті немесе озге де ресми құжатты қолдан жасау, не мұндай күжатты өткізу, сол 
сияқты қолдан жасалган мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқагаздарды, Қазаксган Республикасының 
немесе КСРО-ның мемлекеттік наградаларын дайындау не- месе өткізгені үшін жауаптылық 
белгіленген. 
Корсетілген кылмыстық күқық бүзушылықтың қогамга қауіптілігі қолдан куәліктер мен 
қүжаттарды жасау, откізу, сондай-ақ қолдан жасалган мөртаңбаларды, мөрлерді, морқагаздарды, 
мемлекеттік наградаларды дайындау аркылы мемлекеттік немесе мем- лекеттік емес үйымдардың, 
кәсіпорындардың немесе мекемелердің заң қорғайтын мүдделеріне елеулі нүқсан келтіріледі. 
Қылмыстык қүқық бүзушылықтың тікелей объектісі қүжаттарды, мортаңбаларды, мөрлерді, 
мөркагаздарды, мемлекеттік наірадаларды жасау, дайындау, өткізудің заңмен белгіленген тэртібі 
болып табылады. 
Қылмыстық күкық бүзушылық затына - куәліктер, ресми қүжаттар, мортаңбалар, морқағаздар, 
мөрлер, мемлекеттік наградалар жатады. 
Қүқықтар беретін немесе міндеттерден босататын куэліктерге тиісінше мемлекеттік немесе 
мемлекеттік емес орган беретін қүжаттар (төлқүжат, әскери билет, көлік жүргізу куэлігі, қызметтік 
куэлік т.с.) жатады. 
Мөркагазга - баспа әріптері арқылы қүжат мәтініне ішінара сөздер жазылган, белгілі бір 
нысанга сай келетін қағаз парагы жатады. 
Ресми қүжаттардың, мемлекеттік наградалардың түсінігіне Қылмыстық кодекстің 383-бабына 
талдау жасаганда тоқталып өттік. 
Көрсетілген кылмыстық күқық бүзушылыктың объективтік жағы мынадай үш түрлі балама 
әрекеттерден тұрады: 1) қүқықтар беретін немесе міндеттемелерден босататын куэлікті немесе өзге 


646
 
де ресми қүжатты қолдан жасау; 2) осы көрсетілген куэлікті неме- се ресми күжатты өткізу; з) 
қолдан жасалған мөртаңбаларды, мөрлерді, мөркагаздарды, Қазақстан Республикасының немесе 
КСРО-ның мемлекеттік наградаларын дайындау не- месе өткізу. 
Қолдан жасауга жалган куэлікті немесе өзге де ресми қүжаттарды дайындаулар жа- тады. 
Ол эр түрлі әдіспен жүзеге асырылуы мүмкін: бастан аяқ шындыққа мүлдем сай келмейтін 
жалған куэлік немесе ресми қүжатты толық қолдан жасау, куәліктерге неме- се ресми қүжаттарга 
кейбір жалган сөздерді жазу, цифрларды түзету аркылы ішінара өзгертулер енгізу; косып жазу, 
сөйлемнің мэнін өзгерту, түзету енгізу, өшіру, цифрларды түзеу аркылы куэліктің немесе өзге де 
ресми қүжаттың шын магынасын өзгерту т.с.с. эрекеттер. 
Мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқагаздарды немесе мемлекеттік наградаларды толык күйде 
колдан жасау осы заттарды дайындау деп саналады. Құқықтар беретін немесе міндеттемелерден 
босататын куэлікті немесе өзге де ресми қүжатты, қолдан жасалған мөртаңбаларды, мөрлерді, 
мөрқагаздарды, мемлекеттік наградаларды басқа адамға тегін немесе белгілі бір акыға, айырбас 
арқылы, қарызын өтеу үшін немесе уақытша пайдалануга беру осы заттарды өткізу деп танылады. 
Қылмыстык күқык бүзушылык формальдық қүрамга жатады жэне құрамның объек- тивтік 
жагында көрсетілген балама әрекеттердің біреуі жүзеге аскан уақыттан бастап кылмыс аяқталган 
деп танылады. 
Қылмыстык күкык бұзушылык субъективтік жагынан тікелей қасақаналыкпен жаса- лады. 
Жалган куәліктерді, ресми қүжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді. мөрқагаздарды. 
мемлекеттік наградаларды колдан жасаған, дайындаған немесе өткізген адам өзінің іс- әрекетінің 
қоғамға қауіпті, заңға кайшы екенін сезеді және соны біле тұра кылмыстык ниетін жүзеге асырады. 
Қылмыстық құкық бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толған, кез келген адам. 
Қылмыстық кодекстің 385-бабында көрсетілген осы қылмыстық құкық бұзушылық құрамы 
Қылмыстық кодекстің 369-бабындағы - қызметтік жалғандық жасаудан субъ- ектісі бойынша 
ажыратылады, Қылмыстық кодекстің 369-бабының субъектісі арнау- лы субъект - лауазымды адам 
немесе мемлекеттік кызметші, ал Қылмыстык кодекстің 385-бабының субъектісі басқару тәртібіне 
кол сұғатын кез келген адам (жалпы субъек- тісі). 
Қылмыстық кодекстің 385-бабының 2-тармағында жоғарыда (385-баптың 1-тармағы) 
көрсетілген эрекеттерді бірнеше рет немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша 
жасаған әрекеттер үшін жауаптылык көзделген. 
Бірнеше рет жасаған қылмыстың түсінігі Қылмыстық кодекстің 12-бабында, ал адамдар 
тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған әрекет ұгымы Қылмыстық кодекстің 31-
бабында берілген. 
Қылмыстық кодекстің 385-бабының 3-тармағында жеке қылмыс құрамы - көрінеу жалған 
құжатты пайдаланғаны үшін жауаптылық көзделген. 
Қылмыстық кұқық бұзушылықтың заты — жалган кұжат. Объективтік жағынан қылмыс көрінеу 
жалған құжатты пайдалану эрекеті арқылы көрініс табады. 
Көрінеу жалған құжаттарды белгілі бір кұқық алу немесе міндеттерден құтылу мақсатымен 
меншік нысанына карамастан мекеме, ұйым, кәсіпорынға, лауазым адамына ұсыну оны пайдалану 
деп танылады. Мысалы, жоғары оқу орнын бітіргендігі туралы дипломды қолдан жасап мекемеге 
өткізіп, қызметке орналасу; жол полициясына көлікті жүргізудің жалған куәлігін көрсету; жалған 
құжат жасап, жоғары оқу орнына түсу т.с.с. әрекеттер. 
Қылмыстық құқық бұзушылық формальдық құрамға жатады жэне ол жалған құжатты тиісті 
органға немесе лауазым адамына ұсынған уақыттан бастап аяқталған деп таныла- ды. 
Субъективтік жағынан көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық тікелей қасақаналықпен 
істеледі. Адам көрінеу жалған құжатты пайдаланганын сезеді, біледі жэне соны пайдаланып, өз 
мақсатын жүзеге асырады. 


647
 
Қылмыстық құқык бұзушылықтың субъектісі - жалпы 16-ға толған адам. 
Қылмыстык кодекстің 385-бабында көрсетілген осы қылмыстық құқық бұзушылық құрамын 
оған ұқсас құрамдардан ажыратудың маңызы айрықша. Осы қылмыс құрамының ҚК-тің 151-
бабында көрсетілген (сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды 
қате есептеу) құраммен аздаған ұқсастығы бар. Бұлардың бір-бірінен озгешелігі мынада: 151-
баптың объектісі азаматтардың сайлау құқығы; ал 385-баптың объектісі баскару тәртібі. 151-баптың 
заты - ресми құжаттардың арнаулы түрлері: сайлау құжаттары, референдум құжаттары болады, ал 
385-баптың қылмыс заттары - 151-бапқа қарағанда едэуір ауқымды, 151-бапта көрсетілген қылмыс 
құрамының объективтік жағы тек кана құжаттарды бұрмалау арқылы (өткізу емес) көрініс табады, 
бұл баптың субъектісі - арнаулы сайлау комиссиясының мүшелері, референдум жүргізу жөніндегі 
комиссиянын мүшелері немесе ынталы тогітың мүшелері. Осы көрсетілген екі бап бір- бірінен 
қылмысты істеу мақсаты арқылы да ажыратылады. 151-бапта сайлау немесе ре- ферендум 
құжаттарын бұрмалау, ал 385-бапта жалған құжаттар белгілі бір құқық алу немесе міндеттен босану 
үшін немесе оны өткізу мақсаты басшылыққа алынады. 
Қылмысгык кодекстің 385-бабындагы кұрам осы Кодекстің 231, 232-баптарын- да көрсетілгсн 
кылмыс кұрамдарынан кылмыстың заты бойынша ажыратылады. 231, 232-баптардагы кылмыстың 
затына - жалган акша, багалы кагаз, жалган төлем карточка- лары, өзге де есеп айырысу кұжаттары 
жатады. ал 385-баптың затына - есеп айырысуга жатпайтын ресми кұжаттар жатады. 
Азаматтык немесе кылмыстык іс бойынша айгактарды бурмалауда (416-бап) жалган кужатгар 
аркылы жасалуы мүмкін. Бул жерде кұжат сот ісі бойынша өтетін айгак болыгі табылады. Ягни 
айгакты бурмалау арқылы қылмыстың баска объектісі - эділ соттылықты жүзеге асыру тэртібі 
зардап шегеді. 416-бапта көрсетілген кылмыс арнаулы субъект - азаматтык іске катысушы адам, 
оның өкілі, аныктама жүргізуші адам, тергеуші, проку- рор немесе қоргаушы аркылы істеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   560   561   562   563   564   565   566   567   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет