652
Қылмыстық құкықбүзушылықтың субъектісі - 16-ға толган адам. Егер осы іс-әрекетті лауазым
адамы жасаса, онда ол Қылмыстық кодекстің 308-бабы бойынша - билікті неме- се кызметтік
өкілеттікті асыра пайдаланганы үшін жауапка тартылады.
Қылмыстық кодекстің 389-бабының 3-тармагында өзінше билік етудің ауырлататын түрі - күш
колданумен немесе оны колданбак болып қоркытумен не адамдар тобының алдын-ала сөз
байласуымен жасалган эрекеттер үшін жауаптылық белгіленген.
Күш қолдану кез келген тәсілмен - өмірге қауіпті немесе қауіпсіз түрде жүзеге
асы- рылуы
мүмкін. Осы бап бойынша денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтагы зияннан аспайтын жарақат
келтіру жатады. Одан асса әрекет қылмыстардың жиынтыгы бойын- ша сараланады. Күш қолданбақ
болып қорқытуға өлтіремін, жоямын, өртеймін деген эрекеттер жатады.
Қылмыстық кодекстің 389-бабының 4-тармагында осы кылмыстың аса ауырлататын түрі - осы
баптың екінші жэне үшінші бөліктерінде көзделген сөз ауыр зардапка әкеліп соққан әрекеттер үшін
жауаптылық белгіленген.
Ауыр зардаптардың түсінігін Қылмыстық кодекстің 382-бабының 2-тармагын талдағанда
көрсеттік.
Достарыңызбен бөлісу: