Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Билік өкілінің немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды



Pdf көрінісі
бет571/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   567   568   569   570   571   572   573   574   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

390- 
6 а п. Билік өкілінің немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды 
адамның атағын өз бетімен иемденіп алу 
1. 
Билік өкілеттіктерін алу мақсатында билік өкілінің немесе жауапты мемлекеттік 
лауазымды атқаратын лауазымды адамның атагын өз бетімен иемденіп алу
 -
 
бір жүз айлық есептік көрсеткіиіке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде 
тузеу жумыстарына не бір жүз жиырма сагатқа дейінгі мерзімге қогамдық жумыстарга 
тартуга не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуга жазаланады. 
2. 
Билік өкілінің немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамның 
атагын осы негізде қылмыс жасаумен уштасқан өз бетімен иемденіп алу - 
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде 
түзеу жумыстарына не екі жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мер- 
зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
3. 
Билік өкілеттіктерін алу мақсатында Қазақстан Республикасының Конституция- сында 
белгіленген лауазымды атқаратын лауазымды адамның атагын өз бетімен ием- деніп алу
 -
 
бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мелшерде 
түзеу жумыстарына не бес жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мер- 
зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Билік өкілеттіктерін алу максатында билік өкілінің немесе жауапты мемлекеттік лауа- зымды 
атқаратын лауазымды адамның атагын өз бетімен иемденіп алу үшін жауаптылық Қылмыстык 
кодекстің 390-бабының І-тармагында белгіленген. Бүл жерде қылмыс объ- ективтік жагынан - билік 
өклінің немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын ла- уазымды атағын өз бетімен иеленіп 
алуы арқылы істеледі. Осындай атагы бар екеніне басқа бірсуді ссндіру кылмыс кұрамының негізі і 
болігін күрайды. Мысалы, озін облыс экімі екендігін растайтын күжатты көрсетуі, немесе ауданның 
сот судьясы екендігіне күмэн келтірмейіін айгактар. 
Ал осы кылмыстың ауырлататын түрі 390-баптың 2-тармағында көрсетілген. 
Бүл кылмыстык кұкык бүзушылыктың келтіретін зияны - жауапты мемлекеттік лау- азым 
аткаратын өкімет өкілінің немесе лауазымды адамның атағын өз бетінше иеленген адам кылмыстык 
іс-эрекет жасау аркылы мемлекеттің өкімет немесе басқару органының бсделін түсіреді, жүрт 
алдында мүндай органдардың дүрыс қызметіне орасан зор нүқсан келтіреді. Мысалы, өзін облыстық 
жол инспекциясының бастығы ретінде көрсетіп, жүргізушіден пара алган жалған жауапты өкімет 
өкілі, сөз жок, осы органның қызметін түкке гұргысыз, аяк асты етумен бірге көпшілік арасында бүл 
органның беделін түсіреді. 
Қылмыстык күкык бұзушылыктың объектісі басқару тәртібін қамтамасыз ететін жа- уапты 


653
 
окімет өкілі мен лауазымды адамның біркалыпты қызметі, ал қосымша тікелей объектісі басқару 
органының беделі болып табылады. 
Объективтік жағынан кылмыс эрекет күйінде жауапты лауазым атқаратын өкімет өкілінің 
немесе лауазымды адамның атагын өз бетінше иелену арқылы жүзеге асырыла- ды. Өз бстімен 
иелену деп заңсыз, негізсіз көрсетілген адамдардың атағын, оған құқыгы жоқ адамдардың иелік 
етуін айтамыз. 
Бұл жерде жауапты лауазымды өкімет өкілінің немесе лауазымды адамның атағын өз бетімен 
иелену фактісі орын алса, кылмыс аякталған деп танылады (мысалы, осындай жалған атақпен 
тексеру жүргізу, аталган адамдардың функциясын жүзеге асыру, лицен- зиясыз эрекет жасауға жол 
беру т.с.с.). 
Жогарыда корсетілген атақтарды иелену арқылы кінэлі адам заң тыйым салган басқа да 
қылмысты әрекеттер жасаса (заңсыз тінту жасаса, пара алса, тұрғын үйден шығарып жіберсе т.б.), 
онда оның әрекеті қылмыстық кұкық бұзушылыктардың жиынтығы бойынша сараланады. Өйткені 
бұл корсетілген баптың диспозициясы басқадай істелген қылмыстарды қамти алмайды. 
Жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 3-бабының 
тиісті тармағында берілген. 
Қылмыстық кұкык бұзушылык құрамы формальдық, заңца көрсетілген іс-эрекет орын алган 
уақыттан бастап аяқгалған деп танылады. 
Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен, жа- уапты 
мемлекеттік лауазым атқаратын өкімет өкілінің немесе лауазымды адамның атағын өз бетінше 
иелену мақсатымен істеледі. 
Қылмыстык кұқык бұзушылык субъектісі - 16-ға толған адам. 
Қылмыстык кодекстің 390-бабының 3-бөлігінде билік өкілеттіктерін алу мақсатында Қазакстан 
Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымды атқаратын адамның атагын өз бетімен 
иеленгені үшін жауаптылык белгіленген. Бірнеше лауазы- мды тұлгалардың тізбегі Қазакстан 
Республикасының Конституциясымен белгіленді, мысалы: Республика Парламентінің, Үкіметінің, 
Конституциялық Кеңес, соттар мен сот торелігі, прокуратура органдарының лауазымды адамдары. 
Кінәлінің Қазақстан Респуб- ликасы Конституциясы бойынша белгіленген осындай лауазымды 
атқарған адамның атағын өз бетінше иеленуі осы қылмыстық құкык бұзушылықтың аяқталғанын 
білдіреді. Егер кінәлі адам осындай атакты иемденумен бірге баскадай кылмысты іс-әрекеттерге 
жол берсе, онда оның әрекеті кылмыстык кұкық бұзушылықтардың жиынтыгы бойынша 
сараланады.


661


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   567   568   569   570   571   572   573   574   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет