Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


§5. Әскери қызметке шакыру тәртібіне қарсы кылмыс



Pdf көрінісі
бет566/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   562   563   564   565   566   567   568   569   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

§5. Әскери қызметке шакыру тәртібіне қарсы кылмыс 
387- 
6 а п. Әскери қызметтен жалтару 
1. 
Әскери қызметтен босатуга заңды негіздер болмаган кезде осы қызметке 
шақырылудан жалтару - 
бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппүл салуга не сол мөлшерде 
тузеу жумыстарына не бір жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мер- 
зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
2. 
Мынадай: 
1) 
өзінің денсаулыгына зиян келтіру арқылы; 
2) 
аурумын деп жалган сылтаурату жолымен
3) 
жалган қужат жасау немесе өзге де алдау арқылы жасалган дәл сол іс-әрекет - 
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде 
түзеу жумыстарына не үш жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мер- 
зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Ескерту. 
Егер әскерге шақырылушы тергеп-тексеру органы істі сотқа бергенге дейін әскерге шақыру 
пунктіне өз еркімен келсе, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі - әскери қызметке шақырылу тэртібі болып 
табылады. 
Объективтік жағынан алғанда кылмыстық құқық бұзушылык әскери қызметтен боса- ту үшін 
заңды негіздер болмаған кезде осы кызметке шақырудан жалтару арқылы жүзеге асырылады. 
Көрсетілген қылмыс әрекет немесе әрекетсіздік күйде жүзеге асырыла- ды. Заң бойынша әскери 
қызметке шақырылған адам әскери орган белгілеген уакытта, белгіленген орынға келуге міндетті. 
Осы тәртіпті бұзып, уақытында келмеу немесе кешігіп келу, я болмаса мүлдем келмей кою 
шақырудан заңсыз жалтару деп табылады. Шақырудан жалтарудың тәсілі сан түрлі: өтірік ауырып 
калу, жалған құжат көрсету, өз денесін жарақаттау т.с.с. Бұлтару тәсілі кылмысты іс-эрекетті 
саралауға эсер етпейді, ол тек жаза тағайындаганда есепке алынуы мүмкін. Қылмыстық құқық 
бұзушылық құрамы жөнінен формальдық. Әскери қызметтен жалтару фактісі орын алган уақыттан 
бастап қылмыс аякталған деп саналады. Егер әскери қызметтен босату үшін заңды негіздер бол- са, 
онда қылмыс құрамы орын алмайды. Заңды негіздерге - әскери қызме^ке шақырылу жасына толмау 
немесе осы жастан асып кету, әскери қызметке денсаулығы бойынша жа- рамсыз деп танылу, әскери 
қызметті басқа мемлекеттің қарулы күштері құрамында өтеп келу, тагы сол сияқтылар жатады. 
Қылмыстық кұқық бұзушылық субъективтік жагынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Адам 
эскери қызметке міндетті бола тұра заңды негізсіз әскери қызметке шақырылудан жалтарганын 
сезеді және соны тілейді. 
Қылмыстық кұқық бұзушылыктың субъектісі арнаулы - Қазакстан Республикасының эскери 
қызметті өтеуге міндетті шақыру жасына толған, әскери қызметке жарамды деп танылған, одан 
босатылуға заңды негізі жоқ азаматтары болып табылады. 
Қылмыстық кодекстің 387-бабының 2-тармағында осы қылмыстық құқық бұзушылықтың 


649
 
ауырлататын түрлері: 
а) өзінің денсаулығына зиян келтіру арқылы; 
б) ауруды сылтаурату жолымен
в) құжаттарды бұрмалау немесе өзге де алдау арқылы жасалған әрекеттер үшін жауаптылық 
көзделген. 
Кінәлінің өз паііымдауынша әскери кызметтен жалтаруға негіз боларлықтай өзіне дене 
жаракатын салуы денсаулыгына зиян келтіру деп танылады. 
Ауруды сылтауратуга - кінэлінің отірік ауырып (керең, ақсақ, мылқау, есі дұрыс емес боп 
көрінуі аркылы) әскери кызметтен жалтару амалдарын істеу әрекеттері жатады. 
Кұжагіарды бұрмалауға - кінәлінің жалган кұжаттар аркылы, әскери қызметтен жал- гару 
эрекегтері жатады. 
Өзге де алдау әрекеттеріне - дэрігерлік комиссия мүшесі болып табылатын лауазымды адамды 
сатын алу жолымен әскерге жарамсыз деген жалган қорытынды алу, отбасылык жагдайы туралы 
көрінеу жалған мәлімет тапсыру, тағы сол сияқтылар жатады. 
ҚК-тің 387-бабының ескертуіне сэйкес - егер әскерге шакырылушы тергеп-тексеру органы істі 
сотқа бергенге дейін эскерге шақыру пунктіне өз еркімен келсе, ол қылмыстық жауаптылыктан 
босатылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   562   563   564   565   566   567   568   569   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет