Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


  Үзақтыгына қарамастан, согыс уақытында бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен



Pdf көрінісі
бет628/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   624   625   626   627   628   629   630   631   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

5. 
Үзақтыгына қарамастан, согыс уақытында бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен 
тастап кету - 
он жылдан он бес жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Ескерту. 
Осы баптьщ бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекетті жасаған әскери 
қызметші, егер бүл іс-әрекет ауыр және өзге де мән-жайлардың тоғысу салдары бо- лып табылса, 
қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. 
Қылмыстык кұқық бұзушылық объективтік жағынан бейбіт уакытта жасалған болімді немесе 
қызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол сияқты кызметке дәлелсіз себептермен мерзімінде келмеу, 
егер өз бетімен тастап кетушілік бес тәуліктен асып кетсе, бірақ бір айдан аспайтын уақытка созылу 
арқылы сипатталады. 
Әскери кызметшінің бөлімді немесе кызмет орнын өз бетімен бастықтың рұқсатынсыз тастап 
кетуге кұкы жок. 
Бөлім немесе кызмет орнына әскери бөлім орналасқан жерлер, аумақтар жатады. Сондай-ақ 
қызмет орнына әскери бөлім орналаскан жерлерден тысқары жерлерде әскери кызметшілердің 
әскери міндетін өтейтін орындары да (уақытша жұмыс орны: эшелон, поиызд, жылжымалы 
маршрут т.с.с.) жатады. 
Әскери кызмет өткеруші бөлімді немесе кызмет орнын өз бетімен тастап кетсе, сол сияқты 
бөлімнен рұксат бойынша босатылған кезде, тағайындау, ауыстыру кезінде, ісса- пардан, 
демалыстан немесе емдеу мекемелерінен қызметке бес тәуліктен асатын, бірақ бір айдам аспайтын 
уақытқа дәлелді себептерсіз келмесе онда оның әрекетінде осы баптың 1-бөлігінде көрсетілген 
кылмыстык кұкык бұзушылык кұрамы бар. Бұл құрамның субъ- ектілері әскери кызмет өткеруші - 
жауынгерлер, матростар, сержанттар, старшиналар. 
Қылмыстык кодекстін 441-бабының 2-тармағында дэл сол іс-әрекеттер, яғни өз беті- мен 
бөлімді немесе қызмет орнын тастап кету бір айдан ұзакка созылғаны үшін көтеріңкі кылмыстың 
жауаптылык белгіленген. 
Қызмет бабымен сеніп тапсырылған қарумен жасалған не адамдар тобы немесе ал- дын ала сөз 
байласу арқылы адамдар тобы жасаған, бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету (егер оз 
бетімен болмаушылык бір тәуліктен ұзаққа созылса) үшін жауаптылық ҚК-тің 441-бабының 3-
тармағында көзделген. 
¥рыс жағдайында немесе төтенше жағдай кезінде жасалған, бөлімді немесе қызмет орнын өз 
бетімен тастап кету, егер өз бетімен болмаушылық бір тәуліктен ұзаққа созылса - жауаптылык ҚК-
тің 441-бабының 4-тармағы бойынша сараланады. 
Қылмыстың кодекстің 441-бабында көзделген эрекеттерді соғыс уақытында өз бетімен бөлімді 
тастап кетушілік үшін кылмыстың жауаптылық белгіленген (ҚК-тің 
441- 
бабынын 5-тармағы). 
Бөлімді немесе қызмет орнын соғыс жағдайында ұзақтығына қарамастан, өз беті- мен тастап 
кету осы кұрамның өте ауырлататын түрі болып табылады. Мұндай регғе қылмыстың субъектісіне 


719
 
шакыру бойынша немесе келісімшарт бойынша эскери қызмет өткерушілер жаткызылады жэне бұл 
іс-эрекет үшін көтеріңкі жаза мөлшері белгіленген. 
Кінэлінің бөлімді немесе қызмет орнын уақытша қалдыру ниетінің болуы неме- се оның 
шегінен тыс жерлерде болуы жэне бөлімге немесе қызмет орны жалғастыру үшін кайта оралу 
ниетінің бар болуы ҚК-нің 441-бабымен көзделген қылмыстык қүкық бұзушылык құрамының 
субъективтік жағының міндетті белгісі болып танылады. 
Әскери бөлім немесе кызмет орнын әскери кызметшінің тастап кету сәті, сондай-ак оның 
қызмет орнына белгіленген мерзімде келмеуі - бөлімді өз бетімен қалдырудың басталуы деп, әскери 
кызметшінің әскери орган басқармасына немесе әскери бөлімге келген сэті, не оны ұстаған уакыт - 
аяқталуы деп танылады. 
Әскери қызмет міндеттерін өтеуден жалтарған адамның қандай да бір жеке және қызметті 
өткеру бойынша міндеттерін орындаумен байланысы жок өзге де себептер- мен әскери бөлімге 
уақытша келуі, өз бетімен болмау кезеңінің тоқтағанын білдірмейді. (жоғарыда көрсетілген жоғарғы 
сот қаулысының 14-тармағы). 
ҚК-тің 441-бабындағы ескертуде бекітілген ережелер негізінде қылмыстық жауаптылықтан 
босату туралы мәселені сот істің барлық мән-жайына жэне кінэлінің жеке басына байланысты эрбір 
жағдайда жеке шешеді. 
Әскери кызметті өту үшін абсолютті кедергі болып табылмайтын, бірақ әскери қызметшінің 
қызметте болуын аитарлықтаи киындататын тұрмыстык жағдаилар: әскери қызметшінің өзінің ауыр 
науқасқа шалдығуы, оның тікелей туыстарының ауыруы немесе қайтыс болуы, стихиялық 
бақытсыздық, сондай-ак кызметтестер тарапынан орын алған жарғыдан тыс әрекеттер, командирлер 
мен бастықтардың заңсыз әрекеттері, эскери кызметшінің өмірі мен денсаулығына шынайы қатер 
төндіретін немесе оның ар-ожданы және қадір-қасиетіне немесе өзге де құкықтарына қол сұғатын 
эрекеттер (әрекетсіздіктер) ауыр жағдайдың туындауы деп танылуы мүмкін. 
ҚК-нің 34 жэне ҚК-нің 37-баптарына сәйкес, ең соңғы қажеттілік ретінде бағаланатын 
жағдайлардың күштеу немесе психикалық мәжбүрлеудің болуы - адамды бөлімді өз бетімен тастап 
кеткені немесе қашқындық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатады (ҚР Жогарғы 
Сотының аталған №6 нормативтік қаулысының 14-тармағы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   624   625   626   627   628   629   630   631   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет