151
шарала- рын қолданса, тәуекел негізді деп танылады.
Егер ол адамдардың өміріне, денсаулығына көрінеу қатер төндіретін,
экологиялык апатқа немесе
өзге де зардаптарға апарып соқтыратын болса, тәуекел негізсіз деп таны- лады.
Заңға сәйкес негізді тэуекелге байланысты әрекеттер екі түрлі шартқа байланысты қылмыс
болып табылмайды. Бұл шарттарды екі түрлі топка бөлуге болады.
Бірінші топка тәуекел әрекеттерін қолдануға негіз болатын шарттар, ал екінші топқа сол
әрекеттің өзін сипаттайтын шарттар жатады.
Тәуекел әрекеттерін қолдануға медицина, ғылым, техника, мэдениет,
шаруашылық саласы
қызметінің тиімділігін жетілдіру қажеттілігі негіз болады.
Қажеттілік коғам, мемлекет алдына койылған маңызды міндеттерді шешуден де туындайды.
Ғылым, техника, өнер саласында жаңалықтар ашу көп жағдайда эр түрлі тәжірибелерді игеру
нэтижесінде жүзеге асырылады. Мұндай кәсіптік қызметті іске асы- руда зиянды зардапқа әкеліп
соғатын қажеттіліктердің де болуы мүмкін. Творчестволық, кэсіптік немесе шаруашылық қызметінде
орын алатын осындай қажеттіліктерге жол бер- меу орын алса, онда ғылым мен техниканың дамуы
да болмас еді. Мұндай тәуекелге барудың негізгі мақсаты сол арқылы тиімді жетістіктерге жету,
тәуекелсіз алға қойылған мақсаттың орындалуы жүзеге аспайтындығы болып табылады. Осыған
байланысты мұндай әрекеттерден туындайтын теріс зардаптар негізді тәуекел күйінде келтірілген
деп саналып, ол қылмыс қатарына жатқызылмайды.
Тәуекел эрекеттері кеиде кездеисоқ жағдаиларға баиланысты да қолданылады. Мы- салы,
сокырішекпен ауырған адамға операция жасау үшін оны 120 шақырым жердегі
ауруханаға жеткізу
қажет болды. Оған жеткенше жолдың кедір-бұдырына байланысты аурудың жағдайы өте қиынға
соғуы мүмкін. Жергілікті дәрігер жағдайды жан-жакты есепке алып және аурудың көлікке отыруға
жарамайтынын, оның ауыр жағдайын ескеріп, кажетті жағдайлардың жоктыгына карамастан
операцияны өзі жасауға шешім жасауға тәуекел еткен. Нэтижесінде ауру адам қаза болған. Мұндай
жағдайда адам өмірін құтқарып қалуға байланысты әрекет негізді тәуекел күйінде жасалған деп
танылды. Яғни, осыған сәйкес кажеттілік негізді тәуекелділікті қолданудың бірінші негізі болып
табылады. Не- гізді тәуекелді қолданудың екінші негізі болып алға қойған мақсатқа тәуекелге байла-
ныссыз әрекеттерсіз жетуге мүмкін болмаған талаптан туындайтындығы болып табыла- ды. Алға
қойған максатқа жету қолданылып жүрген
технологиялық эдістердің, ғылыми эксперименттердін,
нұскаулыктарда, ережеде көрсетілген талаптардың шеңберінде жүзеге асырылмайтын болса, онда
негізді тәуекелді колданудың да негізі жоқ.
Қылмыс болып табылмайтын тәуекелді қолдануға байланысты шарттар да теория- да бірнеше
түрге бөлінеді. Оның бірінші шарты - кәсіптік тэуекелді жүзеге асыру, яғни кәсіпке байланысты
дәрігерлік, ғылыми, технологиялық, техникалық қызметтерге байла- нысты жұмысты жүзеге асыру.
Екінші шарт - негізді кәсіби тэуекелді қолдану арқылы заң қорғайтын мүдделерге зиян келтіру.
Үшінші шарт, негізді тәуекел ақталған болуы керек. Негізді тэуекелде кұкык қорғайтын мүдделерге
зиян келтірілуі мүмкін. Кәсіпкер тәуекелді қолдана отырып, оның зияндылығын
сезеді жэне одан
болатын жалпыға қауіпті зардапты болжайды. Сөйте тұра тәуекелге бел буады, бұлай етпейінше ол
алға койған максатына жетпейді. Сондыктан да тэуекел жай емес - ақталған, негізді болуы қажет.
Егер әрекеттер казіргі ғылыми-техникалық білімдерге жэне тэжірибелерге сәйкес болса, тәуекел
негізді деп танылады. Осы шартқа сәйкес, осындай тәуекелге барган адамның теориялық білімге
және іс-тәжірибелік істерге негізделген жеткілікті кәсіптік сауаты болуы қажет.
Мұндай біліктілік
белгілі бір әрекетті білгірлікпен жүзеге асыруға, жаңалықтар табу аркылы алга қойған максатына
жетуге мүмкіндіктер тугызады.
Егер тәуекел күні бұрын экологиялық кауіптің болуына немесе адамдардың өміріне,
денсаулығына қатер туғызатын болса, онда ол негізді тәуекелге жатпайды.
Төртінші шарт, тәуекелді колданған адам заң қорғайтын мүдделерге зиян келтірмеудің барлык
шараларын колданса ғана ол орынды тәуекел болады. Осы шартка байланысты адам тәуекелге
152
байланысты әрекеттерді істегенге дейін мүмкін болатын барлық кедер- гілерді күні бұрын
қарастырып, оны
жоюдың амалдарын ойластырып, одан туындайтын қоғамга зиянды нәтижелерді
болдырмаудың барлык шараларын қолдануы қажет.
Бесінші шарт, негізді тәуекел алға қойған максатка тәуекелге байланыссыз әрекеттерсіз жетуге
мүмкін болмаса ғана колданылады. Яғни, негізді тәуекелдің алға қойған мақсаты қоғамға пайдалы
нәтижеге жету болып табылады. Олар ғылымда, техникада жаңалык ашу, жаңа технологияны
өндіріске енгізу,
жаңа материалдар, шикізаттар жасап шығару, ауруға карсы тиімді емдер табу т. б.
Жоғарыда айтылған шарттардың біреуі жок болған жағдайда тәуекел негізді деп са- налмайды,
кінэлі адам жалпы негізде жауапка тартылады. Аса кажеттілік пен орынды тәуекелдің бір-бірімен
ұксастығы, сондай-ак өзара айырмашылықтары да бар. Бұларға тән ортак белгілер: екеуінің де
кұкыктық жэне әлеуметтік мэні бірдей, екеуі де құқык қорғайтын мүддеге зиян келтірумен
байланысты. Аса қажеттілік кұкық қорғайтын мүддеге табиғат күштерінің
биологиялык
процестердің, адамдардың коғамға зиян- ды әрекеттері аркылы кауіп төндіруі жағдайы негізінде
пайда болады. Негізді тәуекел мұндай кауіппен байланысты емес. Аса қажеттілікте адамның әрекеті
зиянды тойтаруға бағытталған. Негізді тәуекелде әрекет қогамға пайдалы жаңа жетістіктерге немесе
колда барды жаксартуға багытталған. Аса кажеттілік жағдайында зиян үшінші жаққа келтіріледі. Ал
негізді тәуекелде зиян тек қана бейтарап немесе үшінші жаққа келтіріледі. Мэжбүрлі кажеттілік
жагдайында қауіпті тойтару аркылы сақтап қалған мүдделерге азырақ зиян келтіріледі, ал негізді
тәуекелде зиянның көлеміне ешқандай шек қойылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: