Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


Ескерту.  Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған әскери қызметшіні



Pdf көрінісі
бет632/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   628   629   630   631   632   633   634   635   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

Ескерту
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған әскери қызметшіні
жеңілдететін мән-жайлар болған кезде, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін. 
Қылмыстык құқык бүзушылық объективтік жағынан Қазақстан Республикасы- на кенеттен 
жасалған шабуылды дер кезінде байкау жэне тойтару бойынша не оның қауіпсіздігін қамтамасыз 
ету бойынша жауынгерлік кезекшілікті (жауынгерлік қызмет) атқарудың қагидаларын бүзу, егер де 
бұл әрекет мемлекеттің қауіпсіздігі мүдделеріне зиян келтірсе немесе зиян келтіруі мүмкін болуы 
аркылы сипатталады. 
Жауынгерлік кезекшілікті аткару ережелері Ішкі қызмет Жарғысымен, Қорғаныс ми- нистрі, 
Бас Штаб бастыгы, Қарулы күштер түрлерінің Бас қолбасшысының бүйрыгымен және 
директиваларымен белгіленеді. 
Жауынгерлік кезекшілік аткару ережелерін бүзуға Қазақстан Республикасына кенет- тен 
жасалған шабуылды дер кезінде байқау және тойтару бойынша не оның қауіпсіздігін қамтамасыз 
ету бойынша жауынгерлік кезекшілікті аткару қызметтерін бұзулар жатады. 
Жауынгерлік кезекшілік атқару құрамына кезекшілік уақытында кызмет орны- нан ауытқуға
бөгде жұмыспен айналысуға, өз бетімен кезекшілік орнын тастап кету- ге, кезекшілік орнын баска 
біреуге уақытша болса да беріп кетуге, әскери техниканың дайындығына бөгет келтіретін істермен 
айналысуғатыйым салынады, сондай-ақ жауын- герлік кезекші өз кызметін атқару кезінде спирт 
ішімдіктерін, есеңгірететін, уытқұмарлык заттарды пайдалануға, байқау аппараттарын өз бетімен 
алып тастауға немесе келіп түскен бұйрықты орындамауға құқылы емес. 
Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы жағынан формальдық-материалдық кұрамға жатады. 
Өйткені қылмыс жауынгерлік кезекшілікті атқару ережелерін бұзудан мемлекеттің қауіпсіздігі 
мүдделеріне зиян келтірсе немесе зиян келтіруі мүмкін болған реттерде аякталған деп танылады. 
Мемлекет қауіпсіздігі мүддесіне зиян келтірілгені немесе келтірілу қаупі болганы нақты 
жағдайларға байланысты анықталады. Жауынгерлік кезекшілік ережелерін бұзумен мемлекет 
мүддесіне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның арасындағы себепті байланыс анықталуы 


723
 
тиіс. 
Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей немесе жанама қасақаналықпен 
істеледі. 
Осы баптың 2-тармағында ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер үшін жауаптылық 
белгіленген. Ауыр зардаптарға - Қазакстан Республикасының аумагына шет мемлекеттердің эскери 
барлау ұшақтарының, су асты, су үсті соғыс кемелерінің еніп кетуі, адамдардың қазаға ұшырауы, 
әскери техниканың істен шығуы, маңызды әскери шаралардың жүзеге аспай калуы жатады. 
Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, ұрыс жағдайында не- месе соғыс 
уақытында жасалған құкык бұзушылықтық эрекеттер үшін жауаптылык Қылмыстық кодекстің 444-
бабының 3-тармагында көрсетілген. 
Қылмыстық кодекстің 444-бабының ескертуіне сэйкес осы баптың бірінші бөлігінде көзделген 
әрекетті алғаш рет жасаған эскери қызметші қылмысты жеңілдететін мэн- жайларда сот қылмыстық 
жауаптылықтан босатуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   628   629   630   631   632   633   634   635   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет