Кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы»



бет1/8
Дата03.07.2016
өлшемі0.99 Mb.
#173922
түріКодекс
  1   2   3   4   5   6   7   8
Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 Қаулысы



      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.17 N 1059 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет стандарты;
      2) «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет стандарты;
      3) «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      4) «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
      5) «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық құралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
      6) «18 жасқа дейiнгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      7) «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      8) «Қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
      9) «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
      10) «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
      11) «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      12) «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттiк және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
      13) «Жалғызiлiктi, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
      14) «Жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
      15) «Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
      16) «Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты;
     РҚАО-ның ескертпесі!
Мемлекеттік тілдегі мәтіні берілмегендіктен стандартты орыс тіліндегі мәтіннен қараңыз.
      17) «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      РҚАО-ның ескертпесі!
Мемлекеттік тілдегі мәтіні берілмегендіктен стандартты орыс тіліндегі мәтіннен қараңыз.
      18) «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.17 N 1059 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы    


Үкіметінің         
2011 жылғы 7 сәуірдегі  
№ 394 қаулысымен   
бекітілген        

«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті мекенжайларының тізбесі осы «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) 1-қосымшада көрсетілген Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді. Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаған жағдайда тұтынушы мемлекеттік қызмет алу үшін кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкіміне (бұдан әрі – ауылдық округтің әкімі) жүгінеді.


      Сондай-ақ мемлекеттік қызмет баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталық) арқылы көрсетіледі. Орталық мекенжайлары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.17 N 1059 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Мемлекеттік қызмет «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесінің (бұдан әрі – Ереже) 4-тарауының негізінде көрсетіледі.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 № 435 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында http:/www.enbek.gov.kz, уәкілетті органның, ауылдық округ әкімінің, орталықтың стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады, сондай-ақ нөмірлері осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінің телефоны арқылы алуға болады.
      5. Мемлекеттік қызмет алушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы тағайындау не себебін көрсете отырып, тағайындаудан бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі хабарлама болып табылады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 № 435 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: 18 жасқа дейінгі балалары бар, отбасының жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себеті құнынан төмен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға (бұдан әрі – тұтынушылар) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызмет алушының өтінішін және осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тіркеген күннен бастап:
      уәкілетті органда – жеті жұмыс күні ішінде;
      тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкіміне – жиырма екі жұмыс күнінен асырмай;
      орталықта – жеті жұмыс күні ішінде (құжатты (мемлекеттік қызметтің нәтижесін) қабылдау және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
      2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің жол берілетін ең көп уақыты бір тұтынушыға қызмет көрсетуге уәкілетті органда, ауылдық округтің әкімі 15 минуттан, орталықта 30 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;
      3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет тұтынушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең көп уақыты уәкілетті органда, ауылдық округтің әкімі 15 минуттан аспайды, орталықта – 30 минут.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 № 435 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Уәкілетті органның немесе ауылдық округ әкімінің жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен, күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
      Орталықтың жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз, орталық филиалдары мен өкілдіктерінде – демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз «электронды» кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 № 435 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      10. Мемлекеттік қызмет:
      тұтынушының тұрғылықты жері бойынша орындықтар, үстелдер, толтырылған бланкілердің үлгілерімен ақпараттық стенділер бар, мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген уәкілетті органның немесе ауылдық округ әкімінің үй-жайында;
      залда анықтама бюросы, кресло, толтырылған бланкілердің үлгілерімен ақпараттық стенділер орналастырылған, мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген орталықтың үй-жайында көрсетіледі.
      Уәкілетті органның, ауылдық округ әкімінің және орталықтың үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздік, оның ішінде өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді, үй-жай режимі – еркін.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет алу үшін мемлекеттік қызмет алушы өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:


      1. Уәкілетті органға немесе орталыққа:
      1) мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ықтиярхаты);
      сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі;
      2) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді;
      3) мемлекеттік қызмет алушының деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда, неке қию (бұзу) туралы куәлік;
      4) құжаттардың түпнұсқалары негізінде толтырылған белгіленген үлгідегі отбасының құрамы туралы мәліметтер;
      5) белгіленген үлгідегі отбасы мүшелерінің табыстары туралы мәліметтер;
      6) отбасының тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
      7) балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді немесе асырап алуды растайтын құжат;
      8) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік шот нөмірлері туралы мәліметтерді растайтын құжат.
      Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша баланың (балалардың) тууы туралы куәлігі не туу туралы акті жазбасынан үзіндіні, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша неке қию (бұзу) туралы куәлікті, сондай-ақ осы тармақтың 6), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну, олардағы ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкін болған жағдайда талап етілмейді.
      Түпнұсқада ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның маманы сканерлейді, содан кейін мемлекеттік қызмет алушыға қайтарады. Орталық маманы түпнұсқада ұсынылған құжаттарды сканерлейді, оларды ЭЦҚ-мен куәландырады, содан кейін мемлекеттік қызмет алушыға қайтарады.
      2. Кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш білдіру кезінде ұсынылатын құжаттар:
      1) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшін белгіленген үлгідегі өтініш;
      2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің (куәліктерінің) көшірмесі (көшірмелері);
      3) мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (Қазақстан Республикасы азаматының куәлігі, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ықтиярхаты);
      4) отбасының тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
      5) белгіленген үлгідегі отбасы құрамы туралы мәліметтер;
      6) белгіленген үлгідегі отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер;
      7) балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді немесе бала асырап алуды растайтын құжат;
      8) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік шот нөмірлері туралы мәліметтерді растайтын құжат.
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттік қызмет алушыға қайтарылады.
      Балаларға арналған жәрдемақыны алу құқығын растау үшін мемлекеттік қызмет алушы отбасы құрамы, отбасы мүшелерінің кірістері және жеке қосалқы шаруашылығынан түскен кірістері туралы мәліметтерді тоқсан сайын ұсына отырып, өтініш білдіреді.
      Жәрдемақы тағайындау үшін өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші тұлғалардың тапсыруы жәрдемақыны алуға құқығы бар адамның нотариат куәландырған сенімхаты бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 № 435 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      12. Уәкілетті органда және ауылдық округ әкімінде өтініштердің нысандары күту залындағы арнайы тағанда не құжат қабылдайтын қызметкерде болады.
      Орталықта бланкілер күту залындағы арнайы тағанда орналасады.
      13. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті өтініштің толтырылған нысаны мен басқа да құжаттар заңды мекенжайы, телефоны, электронды поштасының мекенжайы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органның жауапты адамына немесе тұрғылықты жері бойынша ауылдық округтің әкіміне тапсырылады. Жауапты адамның кабинет нөмірі туралы мәліметтер уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі ақпараты орналастырылған стендісінде орналастырылған.
      Мемлекеттік қызметті орталық арқылы көрсету кезінде құжаттарды қабылдау «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 № 435 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      14. Барлық қажетті құжаттар тапсырылғаннан кейін тұтынушыға:
      1) уәкілетті органда немесе ауылдық округтің әкімінде – мемлекеттік қызметті тіркеу және алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген, құжаттардың тапсырылғанын растайтын талон беріледі;
      2) орталықта:
      өтініштің нөмірі және қабылданған күні;
      сұралатын мемлекеттік қызметтің түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      құжаттарды беру күні, уақыты және орны;
      құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
      15. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама беру:
      уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне жеке өтініш жасағанда не пошталық хабарлама арқылы;
      орталыққа жеке өзі өтініш білдірген кезде қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы күн сайын жүзеге асырылады.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 № 435 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      16. Уәкілетті орган:
      1) егер әкесі немесе анасы (асырап алушылар) бірінші, екінші топтағы мүгедектердің, мүгедек балалардың, сексен жастан асқан адамдардың, үш жасқа дейінгі баланың күтімімен айналысатын жағдайларды қоспағанда, баланың еңбекке жарамды ата-анасы (асырап алушылар) жұмыс істемейтін, күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, әскерде қызметін өткермейтін және жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелмеген болса;
      2) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себетінің белгіленген құнынан асып түскен жағдайда жәрдемақы тағайындаудан бас тартады.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату үшін негіздер мыналар болып табылады:
      1) баланың қайтыс болуы;
      2) баланы толық мемлекеттік қамсыздандыруға белгілеу;
      3) мемлекеттік қызмет алушының жәрдемақыны заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған жалған мәліметтерді беруі;
      4) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-аналық құқығынан айыру немесе шектеу, асырап алуды заңсыз деп тану немесе жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өздерінің міндеттерін орындаудан босату немесе шеттету.
      Мемлекеттік қызмет орталық арқылы көрсетілген кезде уәкілетті орган жоғарыда көрсетілген себептер бойынша бас тарту себебін жазбаша дәлелдейді және құжаттар пакетін алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қайтарады және орталыққа жібереді.
      Осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда, уәкілетті орган құжаттар пакетін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды жетіспейтін құжат туралы хабарламамен орталыққа қайтарады.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз мемлекеттік қызмет алушы құжаттарды тапсырған кезде толық емес және (немесе) дәйексіз мәліметтерді ұсынуы болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздер көзделмеген.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 № 435 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкілетті органның, ауылдық округ әкімінің және орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезінде заңдылықтың сақталу қағидаттарына негiзделедi және сыпайылық, толық ақпараттың берілуін, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.



4. Жұмыс нәтижелері

      18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа мен тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.


      19. Уәкілетті органның, ауылдық округ әкімінің және орталықтың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданудың тәртібін түсіндіретін және шағымды дайындауда жәрдем көрсететін мемлекеттік органдардың атаулары, олардың заңды мекенжайлары, электронды поштасының мекенжайлары, телефон нөмірлері осы стандартқа 1, 4, 5-қосымшаларда көрсетілген.


      Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданудың тәртібі осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметтерінің телефондары бойынша түсіндіріледі.
      21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда шағым атауы, жұмыс кестесі, телефондары, электронды поштасының мекенжайы осы стандартқа 5-қосымшада көрсетілген аталған мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға жауапты жоғары тұрған уәкілетті орган басшысының атына беріледі.
      22. Қызмет дөрекі көрсетілген жағдайларда шағым кабинет нөмірі уәкілетті органның, облыс әкімі аппаратының, орталықтың стендісінде көрсетілген уәкілетті органның, облыс әкімі аппаратының, орталық басшысының атына немесе ауылдық округ әкіміне беріледі. Уәкілетті органның жұмыс кестесі, заңды мекенжайы, телефоны, электронды поштасының мекенжайы, облыс әкімі аппаратының және орталықтың телефоны мен мекенжайы осы стандартқа 1, 2, 6-қосымшаларда көрсетілген.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
      24. Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға өтініш беруші қол қоюға тиіс. Шағым бергенде әрекетіне шағым жасалатын субъектінің атауы немесе лауазымды адамның лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш және талап беру себебі көрсетіледі.
      25. Жазбаша шағым берген тұтынушыға жауап алу күні және уақыты, шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.
      26. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, № 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, интернет-ресурс: www.enbek.gov.kz.

«18 жасқа дейінгі балалары бар   


отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар 
тағайындау» мемлекеттік қызмет  
стандартына 1-қосымша        

Уәкілетті органдардың тізбесі

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.17 N 1059 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.



Ақмола облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері

Р/с №

Уәкілетті органның атауы

Уәкілетті органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №, электронды поштаның мекенжайы)

Телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

Ақкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 81 akkol_ozsp@mail.ru

8-71638 2-10-48

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, аптасына бес күн сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 14-00 дейін

2

Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Аршалы ауданы, Аршалы ауылы, Тәшенов көшесі, 47 arshaly_rotz@kokshetau. online.kz

8-71644 2-13-76

3

Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50 astr_socz@kokshetau. online.kz

8-71641 2-25-34

4

Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Ағыбай батыр көшесі, 50 atb_rotziszn@kokshetau. online.kz

8-71643 2-45-69

5

Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Некрасов көшесі, 19 bulandy_rozsp@mail.ru

8-71646 2-14-26



6

Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі, 6 egindykol_ozsp@mail.ru

8-71642 2-15-44

7

Еңбекшілдер ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласы, Ленин көшесі, 64 oz_sp.enbek@bk.ru

8-71639 2-21-29

8

Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Кенесары көшесі, 87 eremzsp@mail.ru

8-71633 2-37-44

9

Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Есіл ауданы, Есіл қаласы, Қонаев көшесі, 5 esil_sobes@mail.ru sobes@kokshetau.online. кz

8-71647 2-16-57

10

Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Достық көшесі, 3 soc_zahita_21@kokshetau.online.kz socasp@mail.ru

8-71635 2-13-00

11

Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Жарқайың ауданы, Державин қаласы, Ленин көшесі, 32 rusz_irk@kokshetau. оnline.kz

8-71648 9-17-02

12

Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Бейбітшілік көшесі, 64 sobes_zer_08@mail.ru

8-71632 2-11-68

13

Қорғалжын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Балғамбаев көшесі, 9 kszn@kokshetau.online.kz

8-71637 2-11-83



14

Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Ленин көшесі, 117 Sondyktau_OZSP @kokshetau.online.kz

8-71640 9-17-43

15

Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 15 otdelakmol@mail.ru

8-71651 3-11-10

16

Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Абылайхан көшесі, 22 shortsobes@mail.ru

8-71631 2-19-75

17

Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, 8 наурыз көшесі, 24 soczachita@ kokshetau. оnline.kz

8-71636 4-27-68

18

Степногор қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Степногор қаласы, 4-шағын аудан soc_progr@mail.ru

8-71645 6-26-33 6-20-30

19

Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Көкшетау қаласы, Локомативная көшесі, 9 а Sobes_kokshe@kokshetau.оnline.kz

8-71623 1-92-76 1-92-78


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет