Кодексінің 387-бабының 1 тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



Дата15.06.2016
өлшемі22.32 Kb.
#138165
түріКодекс


ЖОБА

Бесінші шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының

ШЕШІМ №

Жер салығының мөлшерлемелеріне

түзету коэффициенттері туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабының 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Өскемен қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) туралы» Өскемен қалалық маслихатының 2008 жылғы 12 маусымдағы № 7/2 шешіміне сәйкес Өскемен қалалық маслихаты ШЕШТІ:



  1. Жер салығының мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері:

  1. Өскемен қаласының әкімшілік бағынысындағы шекараларда елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп жерлерiне:

1 аймақ бойынша – 1,3; 2 аймақ бойынша – 1,1;

3 аймақ бойынша – 0,9; 4 аймақ бойынша – 0,7;



  1. Өскемен қаласының әкімшілік бағынысындағы шекараларда жеке тұлғаларға қора-қопсы салынған жердi қоса алғанда, өзiндiк (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшiн берiлген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге:

1 аймақ бойынша – 1,3; 2 аймақ бойынша – 1,2;

4 аймақ бойынша – 0,8; 5 аймақ бойынша – 0,7;



  1. бекітілген аймақтарға бөлу схемалары бойынша елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) осы шешімге қосымшаға сәйкес бекітілсін.

  1. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы А. Құрманғалиев

Қалалық маслихаттың хатшысы А. Абакумов

Өскемен қалалық



шешіміне қосымша
Бекітілген аймақтарға бөлу схемалары бойынша елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын

жер салығының мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері


Аймақ №

Түзету коэффициенті

1

1,31

2

1,33

3

1,35

4

1,38

5

1,41

6

1,44

7

1,46

8

1,5




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет