Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының



Pdf көрінісі
бет26/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

39-бап. Білікті медициналық көмек
1. Білікті медициналық көмек - диагностиканың, емдеу және медициналық оңалтудың 
мамандандырылған әдістерін пайдалануды талап етпейтін аурулар кезінде жоғары медициналық 
білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін медициналық көмек.
2. Білікті медициналық көмектің түрлері мен көлемін денсаулық сақтау саласындағы 
уәкілетті орган белгілейді.
40-бап. Мамандандырылған медициналық көмек
1. Мамандандырылған медициналық көмек - диагностиканың, емдеу және медициналық 
оңалтудың арнайы әдістерін пайдалануды талап ететін аурулар кезінде бейіндік мамандар 
көрсететін медициналық көмек.
2. Мамандандырылған медициналық көмекті денсаулық сақтаудың көп бейінді ұйымдары 
консультациялық-диагностикалық немесе стационарлық медициналық көмек нысанында 
көрсетеді.
3. Мамандандырылған медициналық көмектің түрлері мен көлемін денсаулық сақтау 
саласындағы уәкілетті орган және облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, 
астананың) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары белгілейді.
41-бап. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек
1. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек
диагностиканың емдеу және медициналық оңалтудың жаңа
технологияларын пайдалануды талап ететін аурулар кезінде денсаулық
сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын медициналық
ұйымдарда бейіндік мамандар көрсететін медициналық көмек.
2. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың 
қызметін үйлестіруді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
3. Жоғары мамандандырылған медициналық көмектің түрлері мен көлемін денсаулық 
сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
42-бап. Медициналық көмек көрсету нысандары
Медициналық көмек:
1) амбулаториялық-емханалық көмек:
алғашқы медициналық-санитариялық көмек;
консультациялық-диагностикалық көмек;
2) стационарлық көмек;
3) стационарды алмастыратын көмек;
4) жедел медициналық көмек;
5) санитариялық авиация;
6) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;
7) паллиативтік көмек және мейірбике күтімі;
8) дәстүрлі медицина, халық медицинасы (емшілік) нысандарында көрсетілуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет