Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының



Pdf көрінісі
бет28/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

45-бап. Стационарлық көмек
1. Стационарлық көмек - тәулік бойы медициналық бақылауы бар білікті, 
мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету нысаны.
2. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары азаматтарға тиісті 
күтім мен тамақтануды қамтамасыз етеді.
3. Стационарлық көмек көрсету тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті 
орган айқындайды.
46-бап. Стационарды алмастыратын көмек
1. Стационарды алмастыратын көмек - бір күннің ішінде ұзақтығы төрт сағаттан сегіз 
сағатқа дейін болатын медициналық бақылауы бар дәрігерге дейінгі, білікті, 
мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету нысаны.
2. Стационарды алмастыратын көмек көрсету тәртібін денсаулық сақтау саласындағы 
уәкілетті орган айқындайды.
47-бап. Жедел медициналық көмек
1. Жедел медициналық көмек - денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау немесе өмірге 
тенген қатерді жою үшін аса шұғыл медициналық көмекті талап ететін аурулар мен жай-күй 


туындаған кездегі медициналық көмек көрсету нысаны.
2. Жедел медициналық көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында 
белгілеген тәртіппен мамандандырылған ұйымдар және жедел медициналық көмек қызметтері 
құрылады.
3. Жедел медициналық көмек көрсету тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті 
орган белгілейді.
48-бап. Санитариялық авиация
1. Санитариялық авиация қызметі - пациенттің тұрған жеріндегі медициналық ұйымда 
медициналық жабдықтың немесе тиісті біліктіліктегі мамандар болмауы себебінен 
медициналық көмек көрсетіле алмаған жағдайда халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету 
нысаны. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету әртүрлі көлік 
түрлерімен мамандарды межелі жерге жеткізу немесе науқасты тиісті медициналық ұйымға 
тасымалдау жолымен жүзеге асырылады.
2. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету тәртібін денсаулық 
сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет