Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының



Pdf көрінісі
бет39/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

68-бап. Пациенттердің міндеттері
Осы Кодекстің 67-бабында көрсетілген міндеттерден басқа, Пациент:
1) өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қабылдауға;
2) медицина қызметкерлерімен қатынаста сыйластық пен сабырлылық көрсетуге;
3) медициналық араласуға келісім бергеннен кейін диагноз қою және ауруды емдеу 
үшін қажетті бүкіл ақпаратты дәрігерге хабарлауға, емдеуші дәрігердің барлық 
нұсқамаларын мүлтіксіз орындауға;
4) ол жатқан медициналық ұйымның ішкі тәртібінің ережелерін сақтауға, медициналық 
көмек алу кезінде медициналық персоналмен ынтамақтастық жасауға, денсаулық сақтау 
ұйымының мүлкін ұқыпты сақтауға;
5) диагностика мен емдеу процесінде өз денсаулығы жай-күйінің өзгерісі туралы, 
айналасындағы адамдарға қатері бар аурудың орын алуына күдіктенсе немесе ол бар болса, 
медициналық қызметкерлерді уақтылы хабардар етуге;
6) басқа пациенттердің құқықтарын бұзуы мүмкін іс-әрекет жасамауға;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға 
міндетті.
69-бап. Медициналық көмек алудан бас тарту құқығы
1. Осы Кодекстің 70-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, пациент немесе оның 
заңды өкілі медициналық көмек алудан бас тартуға құқылы.
2. Медициналық көмек алудан бас тартқан кезде пациентке немесе оның заңды өкіліне 
оған түсінікті түрде аурудың ықтимал салдарлары туралы түсіндірілуге тиіс.
3. Медициналық көмек алудан бас тарту, оның ықтимал салдарлары көрсетіле отырып, 
медициналық құжаттарға жазу арқылы ресімделеді және оған пациент не оның заңды өкілі, 
сондай-ақ медицина қызметкері қол қояды.
Пациент не оның заңды өкілі медициналық көмек алудан бас тартуға қол қоюдан бас 
тартқан жағдайда, медициналық құжаттамаға бұл туралы тиісті жазуды медицина қызметкері 
жүзеге асырады және қол қояды.
4. Кәмелетке толмаған балалардың не іс-әрекетке қабілетсіз адамның заңды өкілдері 
аталған адамдардың өмірін сақтап қалу үшін қажетті медициналық көмектен бас тартқан 
жағдайда, медициналық ұйым олардың мүдделерін қорғау үшін қорғаншы және қамқоршы органға 
және (немесе) сотқа жүгінуге құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет