Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-бап. Денсаулық сақтау саласындағы біліктілік емтихандары



Pdf көрінісі
бет86/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

168-бап. Денсаулық сақтау саласындағы біліктілік емтихандары
1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік
емтихандары жоғары немесе орта білімнен кейінгі медициналық немесе
фармацевтикалық білімі бар адамдардың кәсіби медициналық, дәрігерлік
немесе фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға дайындығын анықтау,
сондай-ақ кәсіби деңгейін анықтау мақсатында өткізіледі.
2. Санат берілмейтін бірінші біліктілік емтиханы денсаулық сақтау саласындағы 
уәкілетті орган айқындайтын мамандықтар тізбесі бойынша интернатурадағы немесе 
резидентурадағы оқу аяқталғаннан кейін, сондай-ақ ортадан кейінгі, техникалық және 
кәсіптік медициналық білім беру бағдарламалары бойынша оқу аяқталғаннан кейін 
өткізіледі.
Санат белгіленбейтін біліктілік емтихандары әрбір бес жыл сайын өткізіліп тұрады. 
Осы Кодексте көзделген мерзімдерден бұрын санат белгілеусіз біліктілік емтихандарын 
өткізуге жол берілмейді.
3. Үміткер денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген біліктілік 
талаптарына сай болған кезде санат берілетін біліктілік емтихандары өткізіледі.
Маман санат берілетін кезекті біліктілік емтиханына медициналық немесе 
фармацевтикалық білім беру қызметіне лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымдарында соңғы 
бес жыл ішінде мамандығы бойынша біліктілігін арттырған жағдайда жіберіледі.
4. Біліктілік емтихандарын өткізудің нәтижелері бойынша қолданылу мерзімі бес 
жылға, біліктілік деңгейі туралы белгіленген үлгідегі құжат (маманның сертификаты) 
беріледі. Бірнеше мамандық бойынша біліктілік емтихандарын тапсырған жағдайда маман 
сертификаты әр мамандыққа жеке беріледі.
5. Біліктілік емтихандарын өткізу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті 
орган айқындайды.
6. Маманның тиісті сертификаты болмаған, сондай-ақ оны қолдану мерзімі аяқталған 
жағдайда жеке тұлғаға дәрігерлік қызметпен айналысуға тыйым салынады.
7. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде медициналық білім алған мамандарды 
Қазақстан Республикасында клиникалық қызметке жіберудің тәртібі мен шарттарын денсаулық 
сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет