Көкпекті ауданы бойынша 2011 жылғы «Жергілікті бюджеттің орындалуы туралы» есебіне түсіндірме жазба



Дата04.03.2016
өлшемі101.78 Kb.
#37343
Көкпекті ауданы бойынша 2011 жылғы « Жергілікті бюджеттің орындалуы туралы» есебіне түсіндірме жазба

1 Бюджеттің орындалуы







Бекітілген бюджет

Анықталған бюджет

Есептік кезеңге жиынтық жоспары

Кассалық орындалуы

Есептік кезеңге жиынтық жоспарына кассалық орындалуының пайызы

1.КІРІС

2688893,0

2923117,7

2925117,7

2938299,3

100,5

Салықтық түсімдер

333605,0

401390,0

401390,0

410369,4

102,2

Салықтық емес түсімдер

2550,0

4910,0

4910,0

8948,5

182,2

Негізгі капиталдан түсетін түсімдер

13845,0

3700,0

3700,0

3863,7

104,4

Ресми трансферттердің түсімдері

2338893,0

2513117,7

2515117,7

2515117,7

100,0

2.ШЫҒЫСТАР

2680393,0

2919368,2

2921368,2

2920912,2

100,0

III.Таза бюджеттік несиелендіру

21365,0

44788,0

44788,0

44894,0




IY.Қаржы активтері операциясының сальдосы

8500,0

6800,0

6800,0

6800,0

100,0

Y.Бюджет дефициті (профициті)

-21365,0

-47838,5

-47838,5

-34306,9




YII.Дефицитті қаржыландыру ( профицитті қолдану)

21365,0

47838,5

47838,5

34306,9




Қарыз түсімі

22255,0

38556,0

38556,0

38556,0

100,0

Қарыздарды жабу

890,0

890,0

890,0

890,0

100,0

Бюджет қаражатының қалдығын қолдану

0

10172,5

10172,5

-3359,1




Жыл басына бюджет қаражатының қалдығы

0

0

0

10172,5




Есептік кезеңнің соңына бюджет қаражатының қалдығы

0

0

0

13531,6



2011 жылдың басына бюджет қаражатының бос қалдығы 10172,5 мың теңгені құрайды. Бюджетті анықтау 4 рет өткізілді.



2. Бюджеттің табыс бөлігінің орындалуы.
2011 жылы аудан бюджетіне 2925117,7 мың теңге сомасындағы болжаммен 2938299,3 мың теңге кіріс түсті. Облыс бюджетінен түскен субвенция және нысаналы трансфер 2553673,7 мың теңге сомасын құрайды. Былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда түсім 287613,0 мың теңге сомасына көп түсті, оның ішінде жеке табыс салығы бойынша 53121,5 мың теңге, әлеуметтік салық бойынша 31589,2 мың теңге, көлік салығы бойынша 3047,6 мың теңге, салық емес түсімдер 3844,0 мың теңге, негізгі капиталды сатудан түскен түсім 1273,1 мың теңге.

Ағымдағы жылы аудан бюджетінің меншік кірісі бойынша 410000,0 мың теңге сомасындағы болжаммен мемлекеттік бюджетке 423181,5 мың теңге түсті немесе 103,2 пайызға орындалды. Жоспардан асыра 13181,5 мың теңге түсті.Өсу қарқыны 128,6 мың теңге сомасын құрайды. Былтырғы жылдың осы мерзімінде 326561,0 мың теңге сомасындағы болжаммен бюджет кірісіне 329179,5 мың теңге түсті немесе орындалу 100,8 пайызды құраған.

Бекітілген жоспардың орындалуы аудан бюджетінің барлық көздері бойынша орындалған.

Өткен кезең аралығына бекітілген салық және төлем бойынша түсім жоспары 110,0 пайызға орындалған.

2012 жылдың 1 қаңтарына салық бойынша қарыз жоқ.
3. Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы.
2011 жылы республикалық бюджеттен түскен нысаналы трансферт және субвенцияна қоса алғанда 2974280,2 мың теңгені құрады немесе 100 пайызға орындалды. Жергілікті бюджет 100 пайызға орындалды.

Ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға 2958911,2 мың теңге бағытталды ( жоспардан 100 пайыз), даму бағдарламалары бойынша орындалу 15825,0 мың теңгені немесе 100 пайызды құрады.

Бюджеттен қаржыландырылатын шығыстардың 16 функционалдық топтарының барлық бағыттары бойынша 100 пайызды құрады.

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер бойынша 2011 жылы 296608,1 мың теңге бағытталды немесе игеру 100 пайызды құрады.

Жергілікті бюджет есебінен әкімшілік ғимаратының 2 қабатына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.



Өткен жылы «Қорғаныс» 7167,8 мың теңге бөлініп, орындалу 100 пайызды құрады. Әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шараларға, медициналық дәрі-дәрмектерді және басқа қажеттіліктерді алуға аудан бойынша 4708,0 мың теңге сомасы бағытталды.

Аудан көлемінде төтенше жағдайды жағдайды есекерту және алдын алуға 1667,8 мың теңге сомасы бағытталған, мемлекеттік өртке қарсы органдар құрылмаған елді мекендердегі өрттін алдын алуға 792,0 мың теңге бағытталған.Қаражаттар толығымен игерілді.

2011 жылы Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 3415,0 мың теңге шығындалды. Қаражат Көкпекті ауылында бағдаршам орнатуға, жол белгілерін алуға және орнатуға бағытталды

Білім беру бойынша 1769133,0 мың теңге жоспармен шығыстар 1768747,5 мың теңге сомасын құрады немесе 100 пайызды құрады. Соның ішінде республикалық бюджет бойынша – 79723,0 мың теңге, жергілікті бюджет бойынша – 1689024,5 мың теңге.

2011 жылдың бюджетінде білім беру бойынша алға қойылған мақсатты орындау үшін республикалық бюджеттен 79723,0 мың теңге сомасында трансферттер шығындалды, оның ішінде 8316,0 мың теңге сомасында ата-аналарының қомқорысыз қалған 55 балаларға әлеуметтік қамтамасыз ету, 20350,0 мың теңге сомасында 5 мектептің биология кабинеттерін оқу құралдарымен қамтамасыз етуге, 38943,0 мың теңге сомасы мектепке дейінгі ұйымдарда « Балапан» бағдарламасы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырын жүзеге асыруға, үйде оқитын мүгедек 10 баланы құралмен, бағдарламамен қамтамасыз ету бойынша 6707,0 мың теңге жоспармен 6499,0 мың теңге сомасы игерілді. Мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу есебіне байланысты қалдық 208,0 мың теңге сомасын құрады.

Жалпы білім беру шығыстары 1610696,0 мың теңгені құрады.

Жергілікті бюджет есебінен 89422,0 мың теңге сомасында ауданның жалпы білім беру мектептерінің және білім беру нысандарының күрделі жөндеу жұмыстарына, мемлекеттік білім беру мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайтуға бағытталды. Игерілген сома 1610522,6 мың теңге немесе 100 пайызды құрайды, өткізілген конкурс бойынша үнемдеу есебінен қалдық 173,4 мың теңгені құрайды.

Білім беру мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайту үшін жергілікті бюджет есебінен 231000,0 мың теңге сомасына 6 автобустар алынды, 9300,0 мың теңге сомасына , 3900,0 мың теңге сомасына спорт жабдықтары алынды, мектепке дейінгі дайындық класстарға 18000,0 мың теңге сомасына жиһаз алынды.

« Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқулықтарды, оқу-методикалық материалдарды алуға бөлінген қаражат толығымен игерілді.

«Мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 78438,0 мың теңге жоспармен орындалу 78438,0 мың теңгені немесе 100 пайызды құрады. Қаражат Көкпекті ауылындағы «Шуақты шұғыла», «Балерке» және Самар ауылындағы «Дәншік» мектепке дейінгі мекемелерді қамтамасыз етуге бағытталған.

Денсаулық сақтау шығыстары 47,0 мың теңгені құрады. Елді мекендерде емханаларға 8 ауыр науқас жеткізілді.

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша 259790,0 мың теңге бағытталды және игеру 100 пайызды құрады.

Қоғамдық ақылы жұмыстарға – 25223,0 мың теңге сомасына 436 адам орналастырылды, кәсіптік даярлау және қайта даярлауға 1707,0 мың теңге сомасына 30 адам, жастар практикасына – 10 адам жіберілді, 1284,0 мың теңге сомасына әлеуметтік жұмыс орнына 12 адам орналастырылды, «2020 жұмыспен қамту» бағдарламасының қатысушыларына мемлекеттік қолдау көрсету шаралары бойынша 7150,0 мың теңге сомасына 50 жұмыс орны құрылды.

1436 алушыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

Тұрғын үйге 8000,0 мың теңге бағытталып, 100 пайызды құрады. Тұрғын үй көмегі 800 алушыларға көрсетілді.

Жергілікті атқарушы органның шешіміне сәйкес жеке азаматтар категорияларын әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету бойынша облыстық және жергілікті қаражат есебінен 64193,0 мың теңге сомасында 425 адам.

Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалды көмек көрсету 2214,0 мың теңге сомасына 30 бала.

18 жасқа дейінгі 1901 балаларға 26211,0 мың теңге сомасында жәрдемақы берілді. 2160,0 мың теңге сомасына 46 мүгедектерге гигиеналық құралдар алынды.

« 2020- бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлікті қолдау 312,0 мың теңге сомасына 50 әлеуметтік жұмыс орны құрылды.



Тұрғын үй коммуналды шаруалығы бойынша 141375,2 мың теңге шығындалды немесе 100 пайыз.

Көкпекті ауылындағы Қабанбай көшесі бойынша орналасқан тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарына 650,0 мың теңге бағытталды, Самар ауылындағы медицина қызметкерлерінің тұрғын үйінің жөндеу жұмыстарына 8850,0 мың теңге.

6 үй сатылып алынды, оның ішінде Теректі ауылында 1 үй аз қамсыздандырылғанға алынды, Самар ауылында 5 үй алынды, оның ішінде 1 үй ҰОС қатысушыға, 1 үй бас дәрігерге, 3 үй аз қамсыздандырылған азаматтарға алынды. Барлық сомасы 4590,0 мың теңге. 78 тұрғын үйге және 60 пәтерге барлығы 1539,0 мың теңге сомасына техникалық түгендеу жүргізілді.

2020 жұмыспен қамту бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылысты дамытуға 2000,0 мың теңге бағытталған, Самар ауылында қосымша құрылғыларымен КТП алынды.

Облыстық бюджет қаражатынан Көкжайық ауылындағы 2 пәтерлі 10 үйдің жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауға 3876,0 мың теңге шығындалды.

Самар ауылындағы муниципалдық базарға 6800,0 мың теңге сомасына ағымдағы жөндеу жұмыстарына жүргізілді, Семей қаласының Водный ауылындағы сквердың құрылысына 4000,0 мың теңге сомасы, Көкпекті ауылындағы балалар алаңының құрылысына 4000,0 мың теңге, Самар ауылындағы тротуарға 2000,0 мың теңге бағытталды.

Жол картасы аясында барлық сомасы 37930,0 мың теңге сомасы бағытталды:

- Самар ауылы, Гролхов көшесі тротуарының орташа жөндеу жұмыстары 5891,0 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджет есебінен 3928,0 мың теңге, жергілікті бюджет есебінен 1963,0 мың теңге;

- Самар ауылының көшелерін абаттандыру 20000,0 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджет есебінен 13333,0 мың теңге, жергілікті бюджет есебінен 6667,0 мың теңге;

- Үлкенбөкен ауылындағы сыртқы жарықтандырудың монтаж жұмыстары 7468,0 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджет есебінен 4979,0 мың теңге, жергілікті бюджет есебінен 2489,0 мың теңге;

- Преображенка ауылындағы сыртқы жарықтандырудың монтаж жұмыстары 4571,0 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджет есебінен 3047,0 мың теңге, жергілікті бюджет есебінен 1524,0 мың теңге.

Тассай ауылындағы суқұбыры жүйесінің және тазарту құрылғыларының жобалық- сметалық құжаттамасын дайындауға республикалық бюджет қаражаты есебінен 3140,0 мың теңге бағытталған.



Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік бойынша 278640,7 мың теңге бағытталды немесе 100 пайызға игерілді. « Тынығу орталығы» ҚМКК қайта қаржыландыруға 71126,0 мың теңге бағытталды.

Көкпекті ауылының мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауға облыстық бюджет қаражаты есебінен 41199,0 мың теңге бағытталды.

Самар ауылындағы мәдениет үйі ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 48151,0 мың теңге шығындалды.

Жол картасы аясында мәдениет нысандарының күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына бюджеттен 30000,0 мың теңге бөлінген, оның ішінде;

- Көкжайық ауылының мәдениет үйі ғимаратының және жылу жүйесінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 15000,0 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджет қаражаты есебінен 10000,0 мың теңге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 5000,0 мың теңге;

- Тассай ауылының мәдениет үйі ғимаратының және жылу жүйесінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 15000,0 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджет қаражаты есебінен 10000,0 мың теңге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 5000,0 мың теңге;

«Дархан» КМК қаржыландыруға және қайта қаржыландыруға 6273,0 мың теңге бағытталды. 5120,0 мың теңге сомасына 45 аудандық іс-шаралар ұйымдастырылды және өткізілді, 7833,0 мың теңге сомасына 43 облыстық жарыс шараларына қатысу.

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығф, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары бойынша 119128,6 мың теңге бағытталды немесе 100 пайызға орындалды.

Елді мекендерде жас мамандарға білім беру саласы бойынша 15 адамға, денсаулық сақтау – 7 адамға тұрғын үй алуға 45678,0 мың теңге сомасында бюджет кредиттері берілді. Оның ішінде 2011 жылы республикалық бюджеттен 38556,0 мың теңге бөлінді, 7122,0 мың теңге сомасы 2010 жылғы қайта бөлінген бос қалдық.

2011 жылы эпизоотикаға қарсы шараларды өткізуге 39297,0 мың теңге бөлінген, мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу есебінен 2,0 мың теңге қалдық қалды.

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі бойынша 9837,8 мың теңге бағытталды немесе 100 пайызға орындалды.

Жергілікті атқарушы орган есебінен шұғыл шығындарға 2000,0 мың теңге шығындалды. Бұл шығындар Көкпекті ауданы Қойтас ауылын су басу қаупіне байланысты жағдайдын алдын алуға бағытталған.



2011 жылы көлік және коммуникация бойынша жергілікті маңызы бар жолдарды куәліктендіруге, қыс және жаз мезгілінде жолдарды қамтамасыз етуге 62917,5 мың теңге сомасы бағытталды.

Мемлекеттік кәсіпорындардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және көбейтуге 6800,0 мың теңге бағытталды, оның ішінде 2000,0 мың теңге сомасына гидрокөтергіш, 4800,0 мың теңге сомасына ДУК автокөлігі алынды.



Жоғары бюджетке 384,2 мың теңге сомасында пайданылмаған нысаналы трансферт қайтарылды. Жергілікті атқарушы органның жоғары бюджет алдындағы қарызы 890,0 мың теңге сомасында қайтарылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет