Коксохимиялық өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары



бет3/4
Дата15.06.2016
өлшемі405 Kb.
#136329
1   2   3   4

14. Пекококс цехтары
251. Қазіргі Талаптардың 222, 226-229; 231-240; 242-243; 246-259; 261-271; 273-279; 282-293 пункттері пекококс цехтарына да таралады.

Пек дайындау және конденсация бөлімдерінің жабдықтары ұстап алу және шайыр өндіру цехтарының жабдықтарына ұқсас қазіргі Талаптарға сай.

252. Сұйық пек тасымалданатын құбырлардың фланцтік қосындылардың қорғау қаптамалары болады.

253. Пекококс ошақтардың есіктерінің сылау жағдайына әрдайым бақылау жүргізіледі. Сылауда пайда болатын тығыздықсыздар ерітіндімен жабылады.

254. Пекококс ошақтары атмосфераға пек газының шығарындысы кезінде іске қосылатын булы инжекциямен жабдықталады.

255. Сұйық пекпен сыйымдылықтар мен аппараттар атмосфераға газдың бөліну мүмкіндігін шығарып тастайтын құрылғылармен жабдықталады.

256. Пекококс ошақтарын пайдалану кезінде рұқсат етілмейді:

1) кокс беруіне дейін 20 минут ертерек стояктарды ашуға;

2) интенсивті газ бөліну кезінде патрубокты шешу немесе ауалы люкті ашуға.

257. Текшеден пек беру кезінде, технологиялық уақыт тәртібімен ескертілген, текшедегі қысым мөлшері шамадан тыс аспау үшін қадағалау жүргізу.

258. Пек тотығуы реакторынан пайдаланылған газдар тазалауға және өртеуге душар болады.

259. Пек газбен және пек шаңымен химиялық күйіктерден құтылу үшін, пекококс цехтар мен пек тиеу учаскелеріне қызмет көрсететін, пектан, пек шайырынан және дистилляттан сыйымдылықтарды тазарту жұмыстарын атқаратын жұмысшылар, қорғау пастамен бет және дененің ашық бөлімдеріне жағады.

260. Пекқабылдағыш ауасынан булар ұстап алуға жатады.

261. Пек құбырларын қыздыру пек қозғалысына кері жақтан жүргізіледі.

262. Пекококс цехтарда ошақтар үстінде жұмыс қызметкерлерді газ жинағыштарда газ қысымы қауіпті жоғарлауы туралы және ошақтардың автоматты түрде ашылуын ескертетін, жарық дыбысты сигнал беруі болады.

263. Пекококс ошақтардың камераларынан газ соруы тоқтатылан кезде, ошақтарды пекпен тиеуі тоқтатылады.

264. Пекококс ошақтарын тиеу кезінде рұқсат етілмейді:

1) стояктарды ашу;

2) камерада пектің берілген деңгейін арттыру.

265. Жағылатын жүйеге есіктердің сылауы және қалау арқылы пектің ағып өтуі кезінде ошақтарды тиеу, пек шағару және қызмет көрсету қызметкерлермен күйіктерді алу қауіпсіздігін тудыратын, пек құбырдың және тиеу құрылғының герметикалығы бұзушылығы кезінде жүргізуге рұқсат етілмейді.

266. Ошақтарды тиеу кокстау камерасында пек деңгей бақылауын қамтамасыз етумен жүргізіледі.

15. Коксты құрғақ сөндіру құрылғылары және пек коксты құрғақ сөндіру мен шынықтыру құрылғылары
267. КҚСҚ (одан әрі-коксты құрғақ сөндіру құрылғысы) газды даңғыл жолдардын пайдалану «Газ қауіпті жұмыстарды қауіпсіз өткізуді ұйымдастыру бойынша типтік нұсқауының» талаптарына сай болады.

268. КҚСҚ буқазандықтарын пайдалану Қазақстан Республикасы өнеркәсіпте қауіпсіз жұмыстарды жүргізуіне бақылау және таулы бақылау бойынша Мемлекеттік Комитетпен 1994 жылғы 21 сәуірде бекітілген Булы және су жылыту қазандарын қауіпсіз пайдалану және орнату ережелерімен және ССРО энергетика және электрификация Министрлігінің Басэнергоқадағалаумен 21 желтоқсанда 1984 жылы бекітілген Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану ережелерімен, Тұтынушылардың электр қодырғыларын пайдалану кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерімен сәйкестікте жүргізіледі.

269. КҚСҚ тұрақты қызмет көрсету орындары екі жақты оперативті байланыс құралдарымен жабықталады.

270. КҚСҚ көтергіштер, тиеу мен түсіру және шаңаулағыштар құрылғыларының жұмысын басқару авоматтандырылады. Сонымен қатар қолдық басқару мүмкіншілігі ескеріледі.

271. Құрғақ сөндіру камераларына кокс түсіру мүмкін емес жағдайында оны кузовта сумен сөндіру шаралары қолданылады.

272. Жүк түсіру құрылғыларының бөлмелерінде желдетудің тоқталуы немесе істен шығуы кезінде, КҚСҚ өнімділігі минималды деңгейге төмендетіледі.

Сонымен қатар, қызмет көрсетуші қызметкерлерге жүк түсіру құрылғыларының бөлмелерінде және конвейерлер галереяларында болуға рұқсат етілмейді.

Бұл жағдайда жөндеу жұмыстары қатар-кіру рұқсатымен жүзеге асады.

273. Айналып жүруші инертті газдағы оттегінің құрамы тұрақты автоматты газанализаторымен бақыланады.

Оттегі құрамы, технологиялық уақыт тәртібімен бекітілген, мөлшерден жоғарлаған жағдайда, газды даңғыл жолдың герметикалығы және азотта оттегі құрамы тексеріледі, егер ол айналып жүруші инертті газға жіберілген болса.

274. Жинақтаушы камера күмбезіндегі қысым ± 50 Па (± 5 кгс/м2.) шамасында болады. Қысымды реттеу түтінсорғыштан кейін шырақ арқылы айналып жүруші газдың артықшылығын шығаруды ұлғайту немесе азайту жолымен жүргізіледі.

275. Кокс температурасы жүк түсіру құрылғылардан шығуы кезінде 250°С аспайды. Сонымен қатар жүк түсіру құрылғысы сөндірілген кокс температура көрсеткішімен қоршалады.

276. КҚСҚ келесі жағдайларда орнатылады:

1) сөндіруге кокс беруді тоқтату немесе коксты құрғақ сөндіру камера жабдықтарының істен шығуы кезінде;

2) түтінсорғыштардың, булы қазанның немесе оның қосалқы жабдықтарының істен шығуы кезінде.

277. Кокс түсірумен және камераларды салқындаумен КҚСҚ тоқтату, келесі қыздыру және КҚСҚ жіберу технологиялық уақыт тәртібімен сәйкестікте жүргізіледі.

278. Түтінсорғыштың жоспарлы тоқтатылуы камерадағы коксты толық сөндіруінен кейін жүргізіледі. Айналып жүруші газдағы жану компоненттерінің құрамы 4 % аспайды.

Азот беруі түтін сорғыштың сорып алу патрубогына, жүк тиеу құрылғысына және шаңқамайтын бункерге жүргізіледі; бу түтін сорғышқа беріледі және қазаннан кейін.

279. Пайдалану уақытында тиейтін және жүк түсіретін құрылғылардың толассыз жұмысы кезінде айналып жүруші газдың улылығына байланысты рұқсат етілмейді:

1) оларды ашу және қайта нығыздауын жүргізу;

2) жұмыс барысында кокс және шаң түсіретін құрылғыларды тексеру және жөндеу жүргізу;

3) сөндірілген желдету кезінде түсіру құрылғылардың жанында болу және жұмыс істеу.

280. Газды даңғыл жолда нығыздау бойынша жұмыстарды және атыс жұмыстарды 11 - тарау талаптарына сәйкес жұмыс істеуші түтін сорғыш кезінде жүргізуге рұқсат етіледі; егер жұмыстар тоқтатылған түтін сорғыш кезінде жүргізілген болса, газды даңғыл жол желдетіледі.

281. Айналып жүруші даңғыл жол: сөндіру камерасы - шаң тұндыратын бункер-қазан-циклондар-түтін сорғыш - үрлегіш қорап - сөндіру камерасы, айналып жүруші газ тығыздықсыздықтар арқылы бөліне алмайтындай немесе ауа сорылмайтындай етіп нығыздалады.

Шаң шығару затворлары, жарылыс сақтандырғыш клапандары, шығарынды шырақтардың ысырмалары, тесіктер мен люктардың қақпақтары, тиеу құрылғысындағы фланец қосындылары және тағы сол сияқты жүйелі бақылау мен қадағалау астында болады.

282. Айналып жүруші газдың жарылыс қаупі бар құрамның пайда болуын алдын алу үшін, оған оттегінің құрамы 3,5 % аспайтын, таза техникалық азот немесе бу жіберіледі.

Айналып жүруші газда жанатын компонеттердің құрамын төмендету үшін және апатты тоқтатулар кезінде газ жүрулерде жарылыс қаупі бар концентрацияны пайда болдырмау үшін камерадан шығуда айналма каналда газдардың жағып бітуін жүргізуге рұқсат етіледі.

283. Айналып жүруші газдағы сутегінің құрамы 8 % жоғары болғанда бу аралас су даңғыл жол тығыздығы тексеріледі және табылған тығыздықсыздарды жою үшін шаралар қолданады.

Айналып жүруші газдағы сутегіні құрамы 8 % жоғары болғанда КҚСҚ қазанагрегаттарының жұмысы рұқсат етілмейді.

284. Түсіру құрылғыда газ тұтануы және ұшырып түсуі кезінде ұшырып түсіруі тоқтауына дейін түтін сорғыштың ауыртпалығын төмендету, тиеу және түсіруді тоқтату және ұшырып түсіру себебін жою.

285. Қысып буу, шанақ көтеру және камераға тиеу жүйесі қоршалған және жарық сигнал беруі болады. Көтергіштің автоматты бітеуі тиеу люгі жабық кезінде кокс тасымалдау вагон шанағынан ыстық кокс түсіруді, тиеу люктің өздігінен ашуын болдыртпайды.

286. Қазанда ағу табылған кезде, технологиялық уақыт тәртібімен анықталған көлеміне дейін сутегі мен метан құрамы артуы немесе газда мақталардың бар болуы, камераның тоқтатуын талап ететін, герметикалық бұзушылығы немесе сынықтар табылған жағдайда, түтін сорғыш сорып алу қорабына және сөндіру камерасына айналып жүру тұрақты төмендеуі кезінде түсіру құрылғыларының қораптары арқылы азот жіберіледі.

287. КҚСҚ көтергіш машинашы кабинасы жылумен қоршалған, нығыздалған және жылытылады. Машинашы жұмыс орнынан механизмдер мен қозғалыс жолдарының толық шолуы қамтамасыз етіледі.

288. Пек коксты құрғақ сөндіру және шынықтыру құрылғыларын (әрі қарай - КҚСШҚ) пайдалану 312 және 313, 315-318; 320-331 пункттердің және технологиялық уақыт тәртібі талаптарымен сәйкестікте жүргізіледі.

289. КҚСШҚ-да қазанагрегаттарына қызмет етуші қызметкерлеріне, коксты құрғақ сөндіру және шынықтыру камераларына да қызмет етуге рұқсат етіледі.

16. Химиялық цехтар. Жалпы талаптар
290. Жарылыс қаупі бар сұйық химиялық өнімдерді тиеу және түсіру жүргізілетін теміржол кірме жолдарында, тиеу пунктінің екі жағынан бөлектеуші жапсарлар орнатылады. Екіншілер бөлектеуші жапсарлар локомотивтан, паналар мен теміржол цистерналарынан тұратын, құрам ұзындығынан асатын, ара қашықтықта орнатылады.

Химиялық цехтер аумағында кіреберіс жерлерінде МСТ 12.4.026-76 ССБТ сәйкес қауіпсіздік белгілері орнатылады. Сигнал түстері және қауіпсіздік белгілері.

291. Зақымданған жылу изоляция аппараттары, бу құбырлары және құбырлар дер кезінде қалпына келтіріледі.

292. Қызмет көрсетуші қызметші жұмыс істеуші жабдық пен құбырдың герметикалығын жүйелі түрде тексеріп отырады.

Сөндірілген аппараттарға, резервуарларға, құбырларға және газ құбырларына бақылау жасалынады; қажет жағдайда олар буландырылады немесе азотпен үрлеу қайталанады, ішкі жақ ылғалданады. Егер аппарат ашық болса, оның желдетілуі қамтамасыз етіледі.

293. Сальник арқылы ағу анықталғанда насостардың жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді.

294. Сыйымдылықтар мен аппараттардың әуегіштері жүйелі түрде тексеріледі, қажетті жағдайда буландырылады.

Резервуарлар мен аппараттардың люктары герметикалық жабық.

295. Теміржол цистерналарына қызмет көрсету үшін, тиеу - түсіру жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін алаңдар орналасады.

296. Сыйымдылықтар мен аппараттар қызмет көрсету алаңдарымен жабдықталады.

297. Бензолды көмірсутегі және күкірткөміртекті өнімдердің қоймаларында беру және толтыру үшін штуцерлерді орнатуға рұқсат етіледі, мына штуцерлерге захлопоктардың бар болу шартымен ғана.

298. Аппараттар мен құбырлар сынау алу құралдарымен жабдықталады. Тез тұтанатын сұйықтықтардың сынауларын алу үшін болат ыдысты қолдануға рұқсат етілмейді.

299. Су өлшеуші шынылардың крандар конструкциясы өнімдерді төгусіз және соңғылардың кран өңдеусіз тазалауды қамтамасыз етеді.

300. Қышқылдар, сілтілер, фенол өнімдері, центробеждік насостардың сальниктары тасымалданатын, бұл өнімдер үшін қолданатын, қысым құбырлардың фланец қосындыларында қорғау қаптамалар болады.

301. Темір жол цистерналарынан қысылған ауамен қышқыл мен сілтіні түсіруге және оларды қоймаларға және қысым бактарына тапсыруға рұқсат етілмейді. Қышқыл сымды өнімнен босату үшін қысылған ауамен үрлеуге рұқсат етіледі.

302. Аппараттардағы, сыйымдылықтардағы, қайта қайрағыш жәшіктердегі, скрубберлердегі люктар жұмсақ салулармен қақпақтармен жабдықталады. Қақпақтар тез және герметикалық жабылады.

303. Буландыру құбырлардың газ құбырларына және газ аппараттарына қосылу «Газ қауіпті жұмыстарды қауіпсіз өткізу талаптарына» сай жүргізіледі.

304. Тез тұтанғыш және улы өнімдерді алу кезінде, әсіресе сыйымдылықтарда қандай да болмасын жұмыстарды жүргізуге рұқсат етілмейді. Теміржол цистерналарында оларды тиеу және түсіру кезінде, цистерналардағы өнім деңгейін тексеру үшін қызмет көрсету қызметкерлерінің болуларына рұқсат етіледі.

305. Қышқыл ерітінділері үшін аппараттар мен құбырларда салынатын материал ретінде қышқылға төзімді материалдар қолданады.

306. Жіберу, ілмектік және реттеуші аппаратурамен басқаруға, тікелей учаскеге немесе жұмыс орынға қызмет етпейтін тұлғаларға кіруге рұқсат етілмейді.

307. Тез тұтанғыш және жарылыс қаупі бар өнімдерді (шикі бензол, бензол тазарту өнімдері және тағы сол сияқты) цистерналарға тиеу және түсіру кезінде барлық тиеу-түсіру құрылғылары, құю құбырлары және цистерна жерге қосылады.

Өнімдерді жіберу, цистерна түбіне дейін түсірілген, түсті металдан құбыр бойынша жүргізіледі. Құбыр соңы қиғаш кесумен бітеді. Қысқа жетілген патрубокты қолдану жағдайында патрубок ішіне қосымша, сыйымдылық түбіне дейін жететін, аз қима түтік немесе түрлі түсті металдан жасалған иілгіш арқанша орнатылады.

Өнімді құю және төгу аяқталғаннан кейін құбыр баяу алынады; жерге қонудан сөндіру цистернадан құбыр толық шығарылғаннан кейін жүргізіледі.

308. Сыйымдылықтарға тез тұтанғыш сұйықтықтарды жіберуге арналған құбырлар сыйымдылықтан сұйықтықты алуға арналған құбыр деңгейінен төмен орнатылады. Сыйымдылықтарды тез тұтанғыш сұйықтықтармен толтыру және босау үшін арналған құбырлар тіректермен жабдықталады және сенімді бекітіледі.

309. Қысылған ауа көмегімен шикі бензолды, тазарту өнімдерін, пиридиндік негіздерді және басқа да тез тұтанғыш өнімдерді тасымалдауға және араластыруға рұқсат етілмейді.

310. Сыйымдылықтардың, аппараттардың, азық түлік шамдардың ауағыштары шатырдан немесе шамнан 4 м кем емес биіктікте сыртқа орнатылады және желдердің басым болатын бағыттарын есепке ала отырып, құйылғыш желдету ауа дуалынан алысырақ орнатылу мүмкін.

Аппараттар мен жабдықтарды бөлме сыртында орналастырған кезде ауағыштардың биіктігі қызмет көрсету алаң деңгейінен 5 м кем емес.

311. Воздушканың диаметрі босау кезінде сыйымдылықтар мен аспаптардың түр өзгерту алдын алуын қамтамасыз етеді.

312. Сыйымдылықтардағы тез тұтанғыш сұйықтықтарда қандай да болмасын заттардың жүзуіне рұқсат етілмейді.

313. Тез тұтанғыш сұйықтықтармен едендерді жууға рұқсат етілмейді.

314. Химиялық цехтарда канализацияға ағынды сулармен бірге өндіріс өнімдерінің түсуін алдын алу бойынша шаралар жүргізіледі.

315. Газ аппатураның барлық қосулары және сөндірулері бақылаушы тұлға рұқсатымен және қатысумен жүргізіледі.

316. Технологиялық уақыт тәртібінде әрбір газ аппарат, аппараттар топтары және газды магистраль учаскелері үшін дұрыс және шекті мүмкін кедергі орнатылады, оның артуы кезінде олар тексеруге, жөндеуге, тазалауға, буландыруға немесе жуылуға сөндіріледі.

317. Барлық жұмыс істемейтін газ аппараттары және газ құбырлардың учаскелері (газды тікелей өткізу үшін газ құбырларының учаскелерінен басқа) ысырмалардың болуына және газ қысымына байланыссыз бұқтырмалармен сөндіріледі.

318. Барлық химиялық аппараттар нөмірленген. Нөмірлер бояумен өшірілмейтін, көзге көрінетін жерлерге белгіленеді.

319. Химиялық цехтарда сақталынатын өнімдерге байланысты әрбір сыйымдылықты толтыру дәрежесі орнатылады.

320. Бөлмелер сыртында орнатылған және оңашалаумен жабылған қоймалар мен жинақтарда, оңашалау, сыртына ылғал тиюын болдырмайтын, күнқағарлар болады.

Сұйықтықтың оңашалау сыртына тию мүмкіншілігі шығарылады, зиянды сұйықтықтардың қойма түбіне тиюын болдырмайтындай, шаралар көзделген.

321. Зерттелмеген физикалық-химиялық қасиеттермен өнімдерді өңдеу және реактивтерді қолдануына рұқсат етілмейді.

17. Химиялық өнімдерді ұстап алу цехтары
322. Химиялық өнімдерді ұстап алу цехтардың машиналы бөлмелер жалпы зауыттықтан басқа, кокс цехымен, газ жоғарлағыш станциямен (газ цехымен) және ұйым диспетчерімен тікелей байланысты болады.

323. Кокс газдың бастырмалатқышты жіберу және тоқтату туралы машиналы бөлімнің қызмет көрсету қызметкерлері диспетчерге, кокс цехының, газ цехының буқазандық және газ жоғарлағыш станцияның бақылау тұлғасына ескертеді.

324. Машиналы бөлімнің толық тоқтатылуынан кейін кокс газдың бастырмалатқыштарын іске қосу бастырмалатқышты жіберу кокс цехтың дайындығы және газ қабылдауға ұстап алу цехтың дайындығы кокс цехтың бақылау тұлғамен расталғаннан кейін ғана жүргізіледі.

325. Бастырмалатқышты жіберу технологиялық уақыт тәртібіне сәйкес бумен жылыту және газбен үрлеуден кейін жүргізіледі.

326. Машина залында бастырмалатқыштардың апатсыз жұмысын қамтамасыз ететін, бақылау-өлшеу құралдары орнатылады.

327. Технологиялық уақыт тәртібімен анықталған бастырмалатқыштардың айналымдардың шекті санын шамадан асыруға рұқсат етілмейді.

328. Бастырмалатқыштардың вибрациясы жүйелі түрде тексеріледі және әрбір бастырмалатқыш үшін анықталан нормалар шамадан асырылмайды. Жоғары вибрациялар анықталған кезде, оның жоюын қамтамасыз ететін шаралар қолданылады.

329. Подшипниктерге май беруді немесе электр қозғалтқыштарын салқындату үшін ауа түсуін тоқтату туралы ескертетін бастырмалатқыштар, зауыт-әзірлеушімен алдын ала ескерілген, сигналдық құрылғылармен және басқа да қорғау құрылғылармен жабдықталады.

330. Газ құбырлардың бастырмалатқыштардан және оған жақын учаскелерден конденсат бұрғыштар арқылы конденсат (шайыр, шайыр үсті су) ағыны толассыз және жүйелі түрде бақыланады.

331. Қозғалтқышқа электр энергиясын беру кенеттен сөндірілуі кезінде бастырмалатқыш агрегаттың толық тоқталуына дейін және оның тоқтатылуынан кейін подшипниктердің толық салқындау үшін қажетті уақыт ішінде де, барлық подшипниктердің майлауы жүргізіледі. Подшипниктерді майлау жіберу немесе қолдық май насостың көмегімен жүргізіледі.

332. Тұтынушыларда, газ қысымын жоғарлату құрылғылармен жұмыс істейтін бастырмалатқыштардың апатты тоқтауы кезінде, газ құбырларына ауаның тиеуін қақпайлайтын, бітеу орнатылады.

Күш көрсеткіші ретінде, сорып алу жоғарлау құрылғының газ қысымын бақылайтын құралдар қызмет етеді.

333. Газдың газ құбырлары және аппаратура тығыздықсыздары арқылы бөлмеге немесе сыртқа қарай шығу жағдайында, сорып алуды азайту жолымен газ қысымын төмендету, мүмкін болса, герметикалығы бұзылған учаскелерді сөндіріп тастау. Бір уақытта апатты сору желдету қосылады және бөлмелерде табиғи желдету күшейтіледі (бөлмедегі барлық ойықтарды ашу), газ құбырдың немесе аппараттың тығыздық бұзушылықтарын жоюға шаралар қолданады.

334. Екі және одан да көп бастырмалатқыштар жұмыс істейтін машиналы бөлмелерде, машинаның өздігінен тоқтау туралы сигнал беру ескеріледі.

335. Кокс газындағы оттегінің құрамы 1 % аспайды. Газдағы оттегі құрамы жоғарлаған жағдайда, газ жүйесіне ауаның соруына ұшыратқан, себептерді табуға және жоюға шаралар қолданады.

Сорып алушы газ құбырында бақылау тығынын бірден көп ашуға рұқсат етілмейді.

336. Электр сүзгілер пайдалануға енгізу алдында (монтаждан, жөндеу немесе тазалаудан кейін) зауыт - әзірлеуші нұсқауларымен сәйкес герметикалық байқауға ұшырайды.

337. Кокс газын шайырдан тазалау электр сүзгілерін пайдалану технологиялық уақыт тәртібімен сәйкестікте жүргізіледі.

338. Электр сүзгілер кокс газындағы оттегінің құрамы жоғарлауы туралы сигнал берумен жабдықталады. Сигнал беру жоқ болуы кезінде газ құрамындағы оттегіне талдау жасау график бойынша жүргізіледі.

339. Машиналы бөлімнен кейін (тіру сызығында) орнатылған, тіреу-өту изоляторлармен, электр сүзгілерде, оттегі талдауы үшін ауа сынағы күштену алынған кезде изоляторлық қораптан жүргізіледі. Ауадағы оттегінің құрамы 20,6 % төмен болса, электр сүзгіштері сөндіріледі.

340. Электр сүзгілер сорғышта (вакуумдық сызықтар) орналасқан кезде, электр сүзгі корпус тығыздығына бақылау жүргізіледі.

Электр сүзгілер технологиялық уақыт тәртібімен сәйкес тығыздыққа тексеру жүйелі түрде ұшырайды.

341. Электр сүзгілердің газды ысырмалардың приводтарының дистанциялық басқаруы болады.

342. Сатураторларға қышқыл беру немесе сатураторлардан ерітінді беру үшін, қысылған ауаны қолдануға рұқсат етілмейді.

343. Сульфатты бөлімнің құбырлары, ілмектік арматура және насостар, жоғары температурамен күкірт қышқылының сұйытылған ерітінді әсеріне берік материалдардан жасалады.

344. Центрифугаларда тұзды тазарту үшін және сатуратор былауын тазарту үшін шайыр үсті суды қолдануға рұқсат етілмейді.

345. Сатураторлар астындағы котловандарға жатырлық ерітінді шығаруға рұқсат етілмейді.

346. Кристалл қабылдағыштарда, ғимарат шатырынан 4 м кем емес биікке шығарылған, сорылатын құбыры болады.

347. Бөлмелердегі айналып жүруші сағандар және кері ағындардың сағандары, герметикалық жабылады және ғимарат шатырынан биіктігі 4 м кем емес сорылатын құбыры болады.

348. Қалпына келтірілген қышқыл қолдануы жатырлық ерітінді көбіктендіруді және айналып жүруші сағандардың гидрозатворларын қағуды ескерту мақсатымен регламенттендіріледі.

349. Сатураторлар жұмысы кезінде насостармен сатураторлардан алынған ерітінді мөлшері, сол көлемде әрбір сатураторға қайтаруын қамтамасыз етеді.

350. Газ бен буларды бұруына арналған пиридиндік құрылғылар құбырлардан және аппаратурадан ауағыштар, сорып алушы газ құбырына қосылған, жалпы коллекторға қосылады. Ауағыштарда сирету құралдармен бақыланады.

Байқау шамдардың және конденсатор ауағыштары ауысым кезінде бірден сирек емес бумен үрлендіріледі.

351. Жатырлық ерітінді бейтараптандырғыштан ерітінді, қышқылдану жүргізілетін бөлек жабық жинаққа түсіріледі. Сонымен қатар бөлініп тұратын зиянды газдар және булар сорып алушы газ құбырына апарылады.

352. Пиридиндік негіздерге арналған өлшегіштер герметизациялнады, олардың ауағыштары болады және олар бөлектенген бөлмелерде немесе сыртында орнатылады.

353. Байқау шамдардың және шоғырланған аммиак суының бөлімдердің диссоциаторлар ауағыштары, ғимарат сыртында орнатылған, қақпан арқылы ауысым кезінде бірден сирек емес үрлендіріледі.

354. Рұқсат етілмейді:

1) аппараттармен және құбырлармен газ жіберу кезінде жұмыс істеуге;

2) байқау шамдарда жөнге келмейтін шынылармен және конденсаторлар мен қақпандардың ластанған ауа сызығымен агрегатта жұмыс істеу;

3) өлшегіштер мен өнім қоймаларын ашық ұстауға.

355. Фенолсыздандыратын скруббердің жөндеуге тоқтатылуы, скрубберде бөлініп шығулардың өздігінен жану ескерту бойынша шаралары көзделген, технологиялық уақыт тәртібімен сәйкестікте жүргізіледі.

356. Рұқсат етілмейді:

1) дрюссельдік клапан ашығы кезінде фенолсыздандыратын скруббердің желдеткішін қосуға;

2) вакуум пайда болуынан құтылу үшін жұмыс істейтін фенолсыздандыратын скрубберге салқын суды немесе салқын феноляттар әперуге;

3) фенолсыздандыратын скруббердің гидрозатвордағы кран жабуға.

357. Металл саптаумен скруббердің тоқтауы кезінде, келесі талаптар орындалады:

1) ашық ауағыш және жабық люктар кезінде таза конденсаттың пайда болуына дейін және ауағыштан интенсивті будың шығуына дейін скруббер буландыруға ұшырайды; скруббер саптауын салқындатуға және жууға арналған су буландыру тоқталғаннан кейін беріледі;

2) скруббер ауағыштан будың бөлінуі тоқтатылғаннан кейін және буландырудан кейін саптауды салқындатуға және жууға арналған су беріледі, сонымен қатар скрубберде вакуумның пайда болуына рұқсат етілмейді;

3) скрубберде вакуумның пайда болуы кезінде су беруі тоқтатылады:

4) скруббердің тоқтауы кезінде, оған тұрақты бақылау орнатылады;

5) екі сағаттан артық жұмыс үзілісі кезінде скруббердегі люктар жабылады және суландыру қайта басталады. Скрубберде ішкі жөндеу бір ғана ашылған люк және жабылған ауағыш кезінде жүргізіледі;

6) егер ашық скруббер кезінде жергілікті температураның жоғарлауы немесе күкіртті газ иісі анықталса, температураның төмендеуіне дейін немесе иістің жоғалуына дейін саптауды сумен суландыруды қайталау.

358. Скрубберден саптауды суырып алу кезінде бөлініп шығулар аумақ бойынша шашып тастау және шашуға рұқсат етілмейді.

359. Аппаратура мен газ құбырларынан гидрозатворларға, конденсат бұрғыштарына ағындар алмастыруда бірден сирек емес тексеріледі, гидрозатволарға және олардан ағындардың сызықтарын буландыру жүйелі түрде жүргізіледі.

360. Цехтың газ жабдығын жіберу және тоқтату технологиялық уақыт тәртібімен сай жүргізіледі.

361. Газ аппараттарын және газ құбырларын жұмысқа қосу кезінде газды даңғыл жол кедергінің өзгеруіне толассыз бақылау жүргізіледі.

362. Газ аппаратураның қосуы немесе сөндіруі туралы кокс газының бастырмалатқыштарының машинасына ескертіледі.

363. Кокс газының қысымы 500 Па (50 кгс/м2) төмен түскен кезде оны бензолмен қанған май қызуы үшін құбырлы ошаққа беруі тоқтатылады.

364. Құбырлы ошақтар жағылатын газ қысымын және шығынын, жұтқыш майдың қысымын, шығынын және температурасын анықтауға арналған құралдармен жабдықталады.

365. Құбырлы ошақтарда шілтерлерді тұтату, газды аппаратураның тазалығын тексеруді және оттықтардың мұқият желдетуін ескеретін, технологиялық уақыт тәртібімен жүзеге асады. Шілтерлерді тұтату бақылаушы тұлғаның қатысуымен жүзеге асады.

366. Құбырлы ошақтың майлы жылан түтіктерінің құбырлардың ағуы табылған жағдайда, кокс газдың берілуі тоқтатылады және ошақ оттығына бу жіберіледі, жылан түтіктеріне жұтқыш майдың берілуі тоқтатылады; жылан түтіктері босатылады және оларға бу жіберіледі.

367. Құбырлы ошаққа жұтқыш майдың беруі тоқтатылған жағдайда оттыққа кокс газын беруі тоқтатылады.

368. Бензолмен қанған май жылуына арналған құбырлы ошақты жөндеуге тоқтату кезде шілтерлерге газ жеткізіп салу сызықтарында бұқтырмалар орнатылады.

369. Ұзақ тоқтаудан кейін дүрсіл жүйе ауасын, ондағы жанатын заттар құрамына алдын ала талдаусыз, құбырлы ошақты жұмысқа қосуға рұқсат етілмейді.

370. Жұтқыш майдың регенераторларында, мына аппаратта барынша мүмкін болатын қысымды орнататын сақтандыру клапандары болады. Клапан технологиялық уақыт тәртібімен анықталған мезгілде тексеріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет