Бірінші: «Көлік-коммуникация жиынтығын дамытудың алдыңғы қатарлы озық қарқынына қол жеткізу» стратегиялық мақсатты жүзеге асыру үшін көлік салаларын дамыту деңгейін арттыру, сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсарту және мемлекеттік –жекеменшік серіктестіктердің тетіктерін барынша кең көлемде қолдану арқылы мүмкіндік бар.
Елдің көлік инфрақұрылымын дамыту туралы сөз қозғаған кезде, оның жай-кұйі көптеген көрсеткіштер бойынша өте қиын-қыстау деңгейге жетуде. Көлік инфрақұрылымының басым бөлігі нормативтік мерзім шегінен жоғары пайдаланылуда, ал желісі бөлігі осы мерзімге жақындауда. Нәтижесінде көлік жұмысының қауіпсіздігі бойынша жағдай айтарлықтай нашарлай түседі. Сонымен, 1992 жылдан бастап саланың негізгі өндірістік қорларының тозуы 32%-тен 70%-ке дейін өсті. 2008ж. басында қанағаттанарлықсыз жағдайдағы автокөлік жолдарының үлесі республикалық тұрғыдағы жолдар бойынша - 35%, жергілікті тұрғыдағы жолдар – 46,5% құрады. Автокөлік паркі ескірудің жоғары дәрежесімен сипатталады, атап айтқанда жеңіл автокөліктердің 59% және жүк тасымалдау автокөліктерінің 84% 12 жылдан аса уақыт бойы пайдалану үстінде[48].
Көлік қауіпсіздігі ұғымы үрдістер мен өзара қарым-қатынастардың жалпы спектрін қамтиды: көлік үрдісінің әрбір қатысушысының міндеттемелерін және жауапкершіліктерін анықтау, жол-көлік желісінің сапасы және көлік құралдарына қойылатын техникалық талаптар, мамандарды даярлау, көлік құралдарын иеленушілердің азаматтық-құқықтық жауапкершіліктері және оларға медициналық көмек көрсету.
Бүкіл әлемде орын алған жағдайды ескере отырып, Қазақстанда артықшылығы басым салаларды мемлекеттік реттеу барысында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидасын назарға алу қажет. Осыған байланысты, «көлік қауіпсіздігі» ұғымын бөліп алуға болады. АҚШ-та 2001ж. қыркүйектің 1-і күні орын алған драмалық оқиғадан соң, лаңкестік іс-қимылды ұйымдастырушылардың көлік құралын қару ретінде қолдануының нәтижесінде көліктің мәні маңызды сипатқа ие болды.
Сондықтан, екінші «Көлік процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету» стратегиялық бағыты таңдап алынды. Осы бағыт бойынша көлік және коммуникация Министрлігінің қызметі стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететін болады: көліктің барлық түрлерінде жолаушылардың және жүктердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету. Бұл мақсат көлікте қауіпсіздікті мемлкеттік бақылау жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ барлық көлік салаларында қауіпсіздікті арттыру іс-шараларына қатысты тапсырмаларды шешу арқылы қол жеткізіледі. Осы бағыттың маңыздылығын және мәнділігін шет елдердің қатынасы растайды. Мысалы, АҚШ-та «Авиация және көлік қауіпсіздігі туралы» заң өңделген және қолданысқа енгізілген. Мұны жүзеге асыру үшін АҚШ үкіметі 4 млрд.доллардан аса қаражат жұмсады. Канада үкіметі әуе көлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жаңа ұйымды – мемлекеттік корпорацияны құрды және авиациялық қауіпсіздікті арттыру іс-шараларына 2,2 млрд.АҚШ долларын бөлді. 2003-2007 жж. теңіз көлігінде қауіпсіздік іс-шараларының жиынтығын жүзеге асыруға 172,5 млн.АҚШ долларын жұмсау жоспарланған. Сондай-ақ, Еуропалық мемлекеттер солтүстік Америка серіктестіктерінің мысалын алға тартады. Көптеген елдерде жолаушылар мен жүк жөнелтушілерден алынатын және қауіпсіздік бағдарламаларын қосымша қаржыландыруды қамтамасыз ететін арнайы жинақтар енгізілген. Көлік қауіпсіздігі ұлттық көлік жиынтығын және оның құрамды бөлігін келесі көзқараспен сипаттайды: оның қызмет етуіне заңсыз араласу актілерінен қорғалуы; көлік объектілерін және көлік инфрақұрылымдарын диверсиялық-лаңкестік іс-қимылдан қорғалуы; мемлекеттің экономикалық және геосаясаттық мүдделеріне жауап беретін саланы қарқынды дамыту қабілеттігі; әлемдік көлік жүйесіне шоғырлану деңгейі[49].
Көлік қауіпсіздігі жеке тұлғаны, қоғамды және мемлекетті төтенше жағдайлардан және көлік қызметіне заңсыз араласудан қорғауға бағытталған. Көлік елдің аймақтарын біріктіреді, адамдарды және жүктерді тасымалдауда халық шаруашылығының қажеттілігін қамтамасыз етеді, тауарлар мен қызметтерді өндірушілер және тұтынушылар арасында байланыстырушы буын. Осылайша, оның мемлекет пен жалпы қоғам үшін әлеуметтік-экономикалық мәні орасан зор[50].
Көлік жиынтығы толық көлемде көлік инфрақұрылымын қамтиды: көлік құралдарының барлық түрлері, оның ішінде жерасты, сондай-ақ өткізгіш құбырлар, жолдар мен бағыттардың барлық түрлері, көпірлер және тоннелдер, қатынас жолдары, стансалар мен вокзалдардың барлық түрлері, автокөлік құралдарының, кемелердің тұрақтары, теңіз және өзен кемежайлары және кемежай құралдарының барлық түрлері, гидротехникалық құрылымдар, әуе жайлар, байланыс жүйелерінің объектілері, көлік құралдарының қозғалысын басқару және навигациялар, сондай-ақ көлік жиынтығының қызмет етуін қамтамасыз ететін барлық басқа да объектілер: құрылыстар, құрылғылар және жабдықтар[51]. Көлік жиынтығының жұмысындағы кемшіліктер елдің экономикалық қауіпсіздігіне айтарлықтай жағымсыз кері әсер ететін жағдайларға әкелуі мүмкін.
Жалпы, «көлік қауіпсіздігі» ұғымы келесідей ретпен анықталуы мүмкін:
- көлік саласында лаңкестік іс-шараларды жою және тоқтату жүйесі;
- көлікте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше оқиғаларды алдын алу жүйесі;
- көлікте орын алатын төтенше жағдайлардың материалдық және моральдік деңгейін алдын алу және барынша кеміту жүйесі;
- көліктің экологиялық деңгейін арттыру жүйесі;
- жалпы көлік жиынтығында ұлттық қауіпсіздіктің мақсаттарын жүзеге асыру жүйесі.
Көлік қызметтерінің нарығы тұрақты іске қосылған жағдайда барлық деңгейде экономикалық қауіпсіздікті сенімді қамтамасыз етуге мүмкіндік болады, себебі оның потенциалы дағдарысқа қарсы дамудың айқындаушы тұрақты факторы, экономикалық өсімнің және экономикалық тәуелсіздікті, ел қауіпсіздігін ұстап тұрудың кепілі.
Көлік қауіпсіздігі мыналарды қамтамасыз етуге жұмылдырылған: қоғамдық жол жүру; жүк тасымалдау; көлік объектілерін және құралдарын іске қосу және пайдалану; көлік жиынтығы салаларының экономикалық; ақпараттық; өрт; санитарлық; химиялық; бактериологиялық, ядролық және радиациялық; жасақ жию дайындығы.
Табиғи, техникалық және әлеуметтік сипаттағы әртүрлі себептердің ауқымды спектрі елдің көлік қауіпсіздігін әлсірететін ішкі және сыртқы қауіп-қатерлердің кең көлемінің орын алуын алға тартады (2-суретке сәйкес).
Е с к е р т у – Автор құрастырған
2-сурет. Көлік қауіпсіздігіне қатысты қауіп-қатердің топтастырылуы
Көлік қызметтері саласында қауіп-қатер бастапқы қор көзінің сипатына сәйкес келесідей топталады:
- социогендік сипаттағы қауіп-қатер (көлік қызметіне заңсыз араласу, лаңкестік іс-қимылдар, техникалық құралдарды пайдалану ережелерін бұзу);
- техногендік сипаттағы қауіп-қатер (көлік саласының материалдық-техникалық бөлігінің қанағаттанарлықсыз жай-күйі, қызмет көрсететін қызметкерлер біліктілігінің төмен деңгейі);
- табиғи сипаттағы қауіп-қатер (су тасқыны, жер сілкіну, көшкін, жолдарды басып қалған қар және құм үйінділері, цунами, дауылдар және т.б.).
Республикада нарықтық экономиканың бастапқы жолында орын алған күрделі мәселелер экономикалық салада көлік қауіпсіздігі қауіп-қатерінің қалыптасуына ықпал етті( мемлекеттік реттеу және бақылау жүйесінің нашарлауы, бизнесті, ірі өндірістерді, сауда ұйымдарын және тауар өндіруші желілерді басқару саласына қылмыстық құрылымдардың енуі). Олардың санына мыналар жатады: көлік саласына қатысты мемлекеттік реттеу жүйесі тиімділігінің жеткіліксіздігі; құрылымдық кері үйлесулердің, нарықтық қатынасты орнатуға қатысты кедергілердің орын алуы; ұлттық көліктің басқа елдерден ресурстық, қаржылық және технологиялық жағынан тәуелді болуы мәселелері; көлік саласының ақпараттану деңгейі бойынша жетекші елдерден артта қалуы; көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шараларын жеткіліксіз қаржыландыру; жоғары білікті ғалым және инженерлік-техникалық кадрларды даярлау деңгейінің төмендеуі; көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында білікті мамандардың жеткіліксіздігі және т.б.[52].
Көлік инфрақұрылымы орын алуы мүмкін қауіп-қатерлердің ауқымы және дәрежесі бойынша барынша қатерлі объектілердің қатарына жатады. Бұл бірқатар негізгі себептермен шартталған:
- қауіпті жүктерді көлікпен тасымалдаудың жоғарылауы (ядролық қару, мұнай, химиялыққауіпті заттар, радиациялық материалдар, жерге көметін орынға атомдық өнеркәсіптің қалдықтарын тасымалдау);
- көлік жиынтығы объектілерінің апаттық және тозу деңгейінің жоғары болуы;
- ел экономикасын дамыту, жаңа аймақтарды игеру, халықаралық көлік коридорларының жұмысын ретке келтіру шамасына қарай көліктің қарқынды қозғалысының жоғарылауы;
- әлеуметтік-экономикалық түйінді мәселелердің бірі болып саналатын жол-көлік апаттарының өсімі;
- қылмыстық қалыптасулардың, ең алдымен, көлік жиынтығына қатысты лаңкестік іс-қимыл жасаушы ұйымдардың құқыққа қарсы қызмет әдістерінің және тәсілдерінің технологиясының жоғарылауы, халықаралық деңгейде олардың үйлескен қызметінің бірігуі.
Жалпы мемлекеттің көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кез келген жағдайда, экономиканың, қарулы күштердің және халықтың тіршілік етуде маңызды қажеттіліктерін көлік передислокацияларымен қанағаттандыруға мүмкіндік беретін, сондай-ақ елдің аймақтары арасында көлік-экономикалық байланыстарын дамытуға жағдай жасау арқылы оның көлік-экономикалық біртұтастығын сақтайтын көлік жүйесінің қызмет ету және даму деңгейін ұстап тұру қажет. Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін және көлікке байланысты бөлігінде, оның геосаясаттық тәуелсіздігін арттыру үшін өзге елдерден жеткізілетін техникалық құралдарға сәйкес отандық көлік тәуелділігін кемітуді қарастыру, отандық тасымалдаушылардың, көлік құралдарын, ішкі көлік нарығын өндірушілердің мүдделерін қорғау қажет.
Көлік саласында елдің ішкі тапсырмаларын шешуден басқа халықаралық құрамға да назар аудару қажет. Ол негізгі көлік ағындарының қозғалыс бағытын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Қазақстанның еуразиялық континенттің орталығында орналасуы, оның Еуропа мен Азия арасындағы, сондай-ақ Ресей мен Қытай арасындағы транзиттік көпірінің геосаясаттық рөлін айқындайды. Қазақстан халықаралық көлік коммуникация жүйесінде маңызды орын алады және негізгі үш транзиттік бағыттар өтетін аймақты алға тартады: Еуропа-Қытай (Ресейдің қатысуымен); Еуропа-Қытай (ЭЫҰ елдері арқылы); Ресей-Орталық Азия.
Осыған байланысты, көлік саласы Оңтүстік-Батыс, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс, Азия елдерінің ТМД және Еуропа елдерімен сауда-экономикалық қатынасын белсенді жүргізу арқылы Қазақстанның экспортты-шетелдік және транзиттік мүмкіндіктерін дамытудың маңызды факторына айналады.
Қазіргі таңда Еуропа мен Азия арасында тауар айнылымынң көлемі шамамен 700 млрд.АҚШ долларын құрайды, кейбір болжамдар 2015 жыл қарсаңында бұл көрсеткіш 1 трлн.АҚШ долларына жетіп, Қазақстанның транзиттен түсетін кірісі 2015 жылы 1,1 млрд. АҚШ долларына жуық болатындығын көрсетеді (2007 жылы – 500 млн.АҚШ долларын). Жалпы Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Азия-Еуропа бағыттарында транзиттік ағындар шамамен 330-400 млрд.АҚШ долларымен бағаланады, сондай-ақ сарапшылардың пікірі бойынша осы ағындардың кемінде 20% Қазақстанның аймағы арқылы өтуі мүмкін.
Транзиттің маңыздылығы және келешектегі дамуы ескеріле отырып, «Қазақстан Республикасының транзиттік-көлік потенциалын дамыту» үшінші стратегиялық бағыт таңдап алынды. Үшінші стратегиялық бағыттың мақсаты Қазақстан Республикасының аймағы арқылы транзиттік тасымалдаулардың көлемін арттыру болып табылады. Бұл қажетті халықаралық нормативтік құқық дерегін қалыптастыруды, халықаралық стандарттарды енгізуді, халықаралық коридорларды дамытуды, өзге елдердің балама бағыттарына қарағанда ең қолайлы жағдайларды құруды, сауда-көлік бойынша өзге мәселелерді шешуді және бүкіл көлік салаларына қатысты өзінің экспорттық, шетелдік және транзиттік мүмкіндіктерін белсенді дамытуды талап етеді.
Осы мақсаттарға қол жеткізу барысында халықаралық көлік желілерінде ҚР көлік-коммуникация жиынтығын шоғырландыру деңгейін арттыру негізгі міндет болып табылады. Осыған байланысты, көлік және коммуникация Министрлігі халықаралық және аймақтық ұйымдармен бірлесіп жұмысты үйлестіру арқылы белсенді жұмыстар жүргізуде.
Лоббистік қызметке және онымен бірлесіп орын алатын сыбайлас жемқорлыққа байланысты мәселені ерекше атап өткен жөн. Бұл мәселе Қазақстанның ОБСЕ-ге төрелік жүргізуінің қарсаңында өте маңызды сыбайлас жемқорлық пен лоббизм көлік қызметтерінің және жалпы экономикалық нарығын дамытуға орасан зор тосқауыл қояды, мемлекеттің ұлттық мүдделеріне зиян келтіреді, бұл назар аударылуы тиіс ең басты мәселе.
Әр түрлі мүдделі топтардың мемлекеттік билік және басқару органдарына, мемлекеттік ұйымдар мен бизнес арасындағы қатынастарға ықпал етуі барынша кең таралған құбылыс әрі маңыздылығы да кем емес буын болып отыр. Лоббидің әсер ету күші ұйым мүшелерінің саны мен құрамына, оның экономикалық қуатына, сондай-ақ қоғамдағы рөліне сәйкес айқындалады. Лоббизм, ең алдымен экономикалық мақсаттарды зерттейді. Сондықтан лоббирациялау нақты заңдар, несие мен жәрдем ақшалардың бөлінуі, рұқсат қағаздар мен нормалардың берілуі негізінде туындайды. АҚШ-тың іс-тәжірибесі, корпорацияның лоббистерді қамтуға жұмсайтын шығындары тек өзін-өзі ғана өтеп қана қоймай, сонымен бірге өте ірі көлемде кіріс те әкелетіндігін көрсетіп отыр. Байланыстарды қолдану және «қайырымдылық» көрсету арқылы, лоббистер қосымша қаржы бөлінуін және табысы жоғары мәлімдемелер жасалуын көздейді[53].
Осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде, лоббирацияланған жеңілдіктер нарықтық экономиканың – баға қалыптастыру жүйесінің негізгі ақпараттық және таратушы жұмыс тетігін бұзады. Жеңілдіктердің әсер етуі арқылы экономикада ресурстар бұрмаланған баға болжамдары негізінде бөлінеді, бұл экономикалық жүйені ұйымдастыруда сан алуан қайшылықтар туғызады, кейбір қажеттіліктерді қайта өндіруге және өзгесін жеткілікті деңгейде өндірмеуге әкеп соқтырады. Жеңілдіктер жеке тұлғалардың экономикалық қызметінің мақсатын бұзады және өзгертеді. Олар квазинарықтық әдептің ережелері мен тетіктерін (институттарын) қалыптастырады, оларды таратуға жетекшілік жүргізетін тұлғаларда (шенеуніктерде) қасақана жасау әрекетін туғызады. Осылайша, істің орын алған жағдайы, өз алдына, жеңілдіктер нарығының қалыптасуына жетелейді. Бұл квазинарық жеңілдіктері халықтың шын мәніндегі мұқтаж жандарына емес, керісінше, ақпарат пен билікке қол жеткізе алатын, табысы мол жоғары тұлғаларға берілетін мүмкіндіктерді қамтиды[54].
Қазіргі таңда нарық билігінің субъектілері негізгі мақсатты атқарушы билік органдарымен жұмыс жүргізуді көздейді. Мұнда «коридорлық лоббизм» қолданылады, оның мәні тиімді шешімді алға тарту және тоқтату немесе тиімсіз шешімді қабылдаудан толық бас тарту. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін жетекші билік орындарында «өз» адамдарының орын алуы және оларды қолдау өте маңызды. Сондықтан нарық билігінің субъектілері жетекші билік орындарына күштердің орналасуын және олардың басшылыққа әсер ету деңгейін белсенді түрде қадағалайды[55].
А.Флитчер және Б.Росс: «кім шешім қабылдайды, онымен жеке қатынас жүргізу, Конгресс мүшелеріне қысым жасау үшін сайлаушылардың ықпал етуші топтарын жұмылдыру» лоббистердің ең кең таралған әдісі екенін атап көрсетті[56].
Лоббистердің әдістері алға қойылған мәселенің сипатына, осы немесе өзге заң жобасын қолдау дәрежесіне, қоғамдық пікірдің жай-күйіне, таңдай деңгейінің жақындығына, мүдделі топтардың ұстанымына және т.б.байланысты қолданылады.
2.2 Көлік қызметтерінің нарығын мемлекеттік реттеу әдістері және үлгілері
Елдің экономикалық гүлденуіне және тұрақтылығына қол жеткізу мақсатын алға қойған мемлекет үшін көлік саласын дамыту жалпы мемлекеттік стратегия құрамының маңызды бөлігінің бірі болуы тиіс. Бұл ретте, көлік жүйесі мен біртұтас көлік саясаты ішкі және сыртқы нарықты дамытуды айқындайды.
Мемлекеттік көлік саясатын іске асыру Қазақстан Республикасының Конституциясының белгіленген азаматтар құқықтарының еркін қозғалысын, біртұтас экономиканың кеңістікті қамтамасыз ету және тауарлардың орын алмасуын жүзеге асыруды алдын ала қарастырады. Мемлекеттің көлік саясатының негізгі ерешеліктерінің бірі көлік қызметтерінің нарығын реттеу және ұлттық көлік жүйесі үшін тұрақты даму жағдайын қамтамасыз ету болып табылады. Оның мақсаты жолаушылар мен жүктерді тасымалдау сұранысын қанағаттандыруға, олардың қауіпсіздігін және сапасын арттыруға, инвестициялық белсенділік есебінен көлік кәсіпорнының қаржылық жай-күйін жақсарту үшін мүмкіндік жасауға, көлік жұмыстары мен қызметтерінің ішкі және сыртқы нарығында отандық тасымалдаушылардың бәсекелестік қабілетін арттыруға бағытталған. Сондықтан, мемлекеттің алдында көлік қызметтерінің нарығын реттеу бойынша нақты міндеттер тұр (3-суретке сәйкес).
Көлік Қазақстанның экономикасында байланыстырушы маңызды буын, онсыз елдегі барлық салалардың толық іске қосылуы мүмкін емес. Сондықтан, көлік жиынтығында орын алған негізгі мәселелердің шешімін таппай, экономикада тұрақтылық пен өсімге қол жеткізуге болмайды. Көлік жиынтығында нарықтық қатынастарды дамыту көліктің барлық түрлерінің арасында жұмысты барынша тығыз үйлестіру міндетін алға тартып, мұнда мемлекет бағыт сілтеуші рөл атқарады.
Е с к е р т у - Автормен құрастырылған
3-сурет. Көлік қызметтерінің нарығын реттеу тапсырмалары
Іс тәжірибе, шекара өткелдерінде үнемі, кейбір кездері бірнеше күнге дейін созылатын тоқтап қалу себептерінің бірі заман талабына сай технологияның тапшылығы екенін көрсетеді. Келесі себеп кедендік жүйені басқарудың жеткіліксіз деңгейде болуы. Тасымалдаушылар кедендік өткелдерде төрешілдік шырмауларға, сондай-ақ үнемі ресми емес төлемдерге кезігеді. Ал көлік компаниялары өздерінің тапсырыс берушілеріне сан алуан ресми емес шығындардың орын алғаны туралы түсіндіруі, жүктерді жөнелтуші немесе қабылдаушы компаниялар бұл жағдайларды есептен шығаруы тиіс[57].
Осындай күрделі мәселелерге қарамастан, қазақстандық нарықта халықаралық көлік-логистикалық компаниялардың орын алуы, олардың жүктерді Қазақстанға, Қазақстаннан, және Қазақстан арқылы тасымалдаудың әртүрлі мүмкіндіктерін іздейтін, Еуропада, Америкада, Оңтүстік-шығыс Азияда, Қытайда тапсырыс берушілерінің болуымен түсіндіріледі.
Осы тапсырыс берушілердің қызығушылықтары мұнай-газ секторына тәрізді таукенттерін өндіру саласына, халық тұтынатын тауарларға, электроникаға, жабдықтарға және т.б. таралады, сондай-ақ қазақстандық нарық жұмысына да қызығушылық танытады. Қытайдың батыс аймақтарында өндірістің жылдам дамуы Қазақстан арқылы жүктерді тасымалдау тартымдылығын арттыруды көздейді. Жүктердің ағыны үнемі ұлғаюда, бірақ Достық-Алашанкоу қиылысында жүктерді тоқтату туындайды, бұл қосымша шығындарға жол береді. Бизнестің жоғары табысқа жетуі көбінесе жүктерді жеткізу бағасының арзан болуына ғана емес, сондай-ақ жеткізу жылдамдығына да байланысты екені мәлім. Сондықтан Қазақстан Үкіметі көлік және транзиттік бизнесті арттыруы тиіс.
Қазақстан бойынша жүктерді тасымалдау арзандығына сәйкес, егер баға мен сапаны салыстыру қатынасы арқылы қазақстандық темір жол тарифтерін қарастыратын болсақ, онда оларды арзан деп айту қиын. Сонымен қатар, ҚР статистикасының ақпараттар Агенттігі бойынша өткен жылы Қазақстанда көліктің барлық түрлерімен жүктерді тасымалдау қызметтерінің тарифі 11,7 пайызға қымбаттады. Бұл ретте темір жол тасымалдарының тарифі 19,3% жоғарылады, ал темір жол тасымалдарының қауіпсіздік деңгейі төмен болып қала беруде[58].
Сан алуан көліктердің техникалық, экономикалық және экологиялық артықшылықтарын тиімді пайдалану мемлекет мүдделерін қанағаттандыруды қамтамасыз етуі тиіс. Бұл шетелдік көлік қызметтерін қысқартумен тұжырымдалады, оның нәтижесі бюджетке салықтың қосымша түсуіне, өтімнің қосымша нарығына және тасымалдаудан табыс алуға ықпал етеді. Сондықтан көлік жүйесінің тиімді іске қосылуының және дамуының барынша маңызды шарты, оның теңгерімді және өзін-өзі қамту мүмкіндігінің жеткілікті болуында. Тап осы екі шарттың орындалуы, осы немесе өзге тапсырмаларды шешуде күш-жігердің тұйықталу деңгейін және бағытын айқындай отырып, көлік жүйесінің қабілетін көлік қызметтеріне қатысты экономика мен халықтың қажеттіліктерінің өзгеруіне уақытылы және жылдам бейімделуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар көлік жүйесінің өзін-өзі қамту мүмкіндігінің жеткілікті болуы мемлекеттің қатысуын тыс қалдырмайды. Осылайша, Қазақстанда мемлекеттік реттеу жүйесіне жетілдіру тікелей және жанамалай реттеу аясын және келесідей негізгі бағыттарды қамтиды[59]:
- көлік саласында заңнамаларды жетілдіру;
- көлік субъектілеріне, өнімдеріне және қызметтеріне рұқсат қағаз және сертификат
беру тетігін жетілдіру;
- көлік саласында қазыналық саясатты жетілдіру;
- көлік саласында техникалық реттеу жүйесін қайта қалыптастыру;
- көлікте бақылау-қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру;
- орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзара әрекеттесу деңгейін арттыру;
- әлеуметтік-экономикалық даму өлшемдерін және тасымалдау көлемдерін болжау әдістерін пайдалану негізінде көлік жиынтығын жаңарту және дамытуды жоспарлаудың біртұтас жүйесін құру;
- көлік саласында шағын және орта бизнесті дамыту;
- көлік жиынтығын инвестициялау үшін қаржы институттарын ынталандыру және қолайлы жағдай жасау;
- қоғамдық бірлестіктердің рөлін арттыру.
Мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру келесі қағидаларға негізделеді[60]:
- мемлекет пен шаруашылық субъектілерінің қызметін және өкілеттілігін бөлу;
- көлік саласының техникалық реттеу (техникалық тәртіптемелер) аясында нормативтік құқықтық актілерді өңдеу;
- көліктің әр түрінің функционалдық ерекшеліктерін ескеру арқылы және бірыңғай тәсілдер негізінде нормативтік құқықтық актілерді өңдеу;
- біртұтас көлік жиынтығының аясында көліктің кейбір түрлерін және олардың инфрақұрылымын дамыту;
- энергетикалық қорларды ұтымды қолдану және көліктің кері әсер етуінен қоршаған ортаны қорғау.
Көлік қызметтерінің нарығын реттеу процесі бірқатар кезеңдерді қамтиды, олардың ішіндегі негізгілері:
1. Көлік қызметтерінің нарығын сараптау.
2. Көлік қызметтерінің нарығын дамытуды болжау (модельдеу);
3. Реттеуші іс-әрекеттің үлгілерін таңдау;
4. Реттеуші іс-әрекеттің орындалуын бақылау;
5. Көлік қызметтерінің нарығын реттеу жүйесіне өзгерістер енгізу және нәтижелерін сараптау.
Көлік қызметтерінің нарығын реттеудің негізін қалаушы әдістерге мыналар жатады (4-суретке сәйкес):
-
нормативтік-құқықтық;
-
экономикалық;
-
синтетикалық.
Нормативтік-құқықтық әдістер әсер етуі және бағыт-бағдары бойынша көлік қызметтерінің нарығын реттеуші және қауіпсіздікті айқындаушы ретінде бөлінуі мүмкін. Автокөлік қауіпсіздігін реттеуші нормативтік-құқықтық актілердің ішінде жол қозғалысы ережелерін, автокөлік жарғысын, қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерін, экологиялық қауіпсіздік стандарттарын және т.б. атап өткен жөн.
Е с к е р т у - Автормен құрастырылған
4-сурет. Көлік қызметін реттеу әдістері
Көлік қызметтерінің нарығын реттеу әдістеріне рұқсат қағаздарын, нормативтер мен рұқсаттарды беруге (мысалы, халықаралық тасымалдар үшін) шектеулер қоюды (компания санын, парктер және т.б. көлемдерін) жатқызу қажет. Экономикалық әдістердің ішінен жиынтық және жекеменшік әдістерді бөліп алу қажет. Жиынтық әдістер өндірістік қатынастарды, атап айтқанда, меншік қатынасы жүйесін өзгертуді білдіреді. Бұл көлік компанияларын ұлттандыру немесе оларды жекешелендіру. Көлік қызметіне қатысты экономикалық реттеудің жекеменшік әдістері өндірістік қатынастардың өзгеріссіз жүйесінде іске асырылады. Бұл: салықтар, тарифтер, айыппұл санкциялары қосымша операцияларды, несиелерді, жәрдем ақшаларды және т.б. төлеу.
Автокөлік қызметін реттеудің синтетикалық әдістері нормативтік-құқықтық және экономикалық шаралардың синтезін білдіреді, оларды бөлу және ерекшелендіру қиын. Мысалы, Финляндияда туристерді автобустармен тасымалдауға рұқсат қағаз алу барсында, автокөлік фирмаларына қала бағыттарында белгіленген уақытты өтеу міндеттемесі қойылады.
Көлік қызметтерінің нарығындағы қызметтің тұрақтылығы экономиканың салаларына көптеген тауарлар мен қызметтердің құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл ерекшелік өндірістің және тұтынудың өсімін ынталандырады, халықаралық байланыстарды кеңейтуге, ұлттық экономиканы әлемдік экономикалық жүйеге шоғырландыруға ықпал етеді. Көлік қызметтерінің нарығында күрделі мәселелерді жою барысында мемлекеттік реттеу шараларының бірқатарын орындау қажет (2-кесте).
2-кесте - Көлік қызметтерінің нарығын мемлекеттік реттеу шараларының жиынтығы
Іс-шаралардың аталуы
| Іс-шараларды жүргізу үшін негіздеме |
1.Нарықтың әртүрлі секторларында жұмыс жүргізу үшін жаңа кәсіпорындарға рұқсат беру ережелерін өңдеу.
|
Әлемдік іс тәжірибеде мұндай ережелер кейбір кездері тек қарапайым тіркеуге алумен ғана жинақталады. Алайда, қағидалық негізде бас тартуға мүмкіндік берілетін жағдайлар:
Көлік нарығы секторларының ұсынысы қолда бар сұраныстан жоғары болса, бәсекелеске түсетін жаңа кәсіпорындарды құру мақсаты шектеледі. Бұл ретте мемлекеттік реттеу органдары нарықтың осы секторында жаңа кәсіпорындардың туындауын шектеуі тиіс. Төлем төлеу қабілетінің талаптарына сәйкес келмеуі, кәсіпкер атағының нашар болуы, қажетті техникалық қордың орын алуы және т.б. көлік қызметтерінің нарығындағы бұл талаптар білікті және жеткілікті көлік қызметтерін ұсынуға бағытталған.
|
2. Көлік кәсіпорындарына рұқсат қағаздармен берілген талаптардың орындалуын бақылау және осы талаптар бұзылған жағдайда заңнамамен қарастырылған санкцияларды қолдану
|
Бұл жағдайда, ең алдымен кәсіпорын қызметінің, оған рұқсат қағазбен айқындалып, талаптарға сәйкестігі тексерілуі тиіс. Көптеген дамыған елдерде, реттеу органдарының бақылау қызметі негізгі үш бағыт бойынша іске асырылуы тиіс:
- бағытты бақылау (жол полициясы органымен);
- кәсіпорындардағы бақылау. Бұл кәсіпорындардағы автокөлік иелерін жоспарлы тәрізді бір реттік тексеру болуы мүмкін. Олардың мақсаты – кәсіпорынның, оған рұқсат қағазбен берілген, міндеттелген. Талаптарға сәйкестігін айқындау және растау;
- тапсырыс берушілердің және бәсекелес кәсіпорындардың шығымын тексеру. Шетелдік іс-тәжірибе көлікпен қызмет көрсету ережелерін бұзу туралы ақпараттарды алудың осы арнасы әділетсіз бәсекелестікпен және қолданыстағы тасымалдаушылардың заңды құқықтарын қорғаумен күресуде барынша тиімді екенін көрсетеді.
|
3. Бағаны қалыптастыруды және тарифтерді қолдануды бақылау
|
Өкінішке орай, қазіргі таңда орын алған дағдарыс жағдайы қаржы тәртібінің бақылауы жалпы әлсіреумен, тарифтерді қолдану бойынша нақты нұсқаулардың тапшылығымен және көлік тарифтерін мәжбүрлі түрде түгелдей босатумен (барлық қорларға бағаның өсуіне байланысты) сипатталады. Нәтижесінде, көлікте бағаның қалыптасуы іс жүзінде бақылаусыз қалады, сондай-ақ бірақатар жағдайларда көлік қызметтеріне қатысты бағаның ұлғаюы қажетті мөлшерді айтарлықтай басып озады.
Келешекте нақты аймақтарда, тасымалдаудың кейбір түрлерінде, нақты кәсіпорындарда тарифтерді жеткілікті деңгейде еркін қалыптастыру арқылы тарифтердің жалпы деңгейіне орталықтандырылған бақылауды көздейтін жаңа тарифтік жүйе құрылуы мүмкін.
|
4. Көлік қызметін салықтық реттеу
|
Тарифтермен салыстырғанда, салықтардың деңгейі тапсырыс берушілер әрі көлік кәсіпорындары үшін өте маңызды «бір бағытты» әсер ету тетігі болып табылады және қызметтің белгіленген түрлерінің орындалуын ынталандыру немесе керісінше, бәсекелестік деңгейі жоғары нарықтық секторларды «шектеу» үшін қолданылады.
|
5. Нарықтың әртүрлі секторларында көлікпен қызмет көрсетуді бақылау және сараптау
|
Бұл міндет көлік қызметін реттеудің барлық жүйесі үшін өте маңызды. Көлік қызметін реттеу аясында мақсатты бағытта шешімдер дайындау үшін көлік қызметтеріне деген қажеттіліктер және оларды қанағаттандыру дәрежесі туралы нақты ақпарат өте қажет.
|
Е с к е р т у - Автормен құрастырылған
|
Достарыңызбен бөлісу: |