Көліктер түрлерінің өзара әрекеттестігі


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет8/25
Дата19.12.2023
өлшемі400 Kb.
#487086
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
ВВТ лекция каз (1)

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Иерархияның төменгі баспалдағы қалай қалыптасады?
2. Жолаушылар ішкі жүйесінің төменгі деңгейі қалай қалыптасады?
3. КТ қалай орналасады?


Ұсынылатын әдебиеттер
1. Правдин Н.В., Негрей В.Я. и др. Взаимодействие различных видов транспорта. Минск. «Высшая школа», 1983г
2. Пиньковецкий С.У., Шишков В.И., Взаимодействие автомобильного транспорта с другими видами транспорта


9-дәріс. Өзара әрекеттесу үрдістерінің негізгі сипаттамалары
Дәріс жоспары:
1. Детерминделген және стохастикалық үрдістер
2. Ағын жылдамдығына байланысты көліктік үрдістерді бөлу
3. Орта жылдамдық үрдістері
4. Баяу жүретін жылдамдықтар

Әртүрлі көліктердің барлық өзара қарым-қатынастары детерминделген, стохастикалық және олардың үйлесуі деп бөлінеді. Анықталған шамалар анықталған заңдылықтарға байланысты өзгеретін үрдіс, ал көліктік үрдістің шығуы алдын-ала белгілі болатын, детерминделген деп аталады. Мысалы, станцияға поездардың келуі, поездардың график бойынша қозғалысы.


Анықталған шамалардың өзгеруі кездейсоқ болатын үрдіс, ал ол өтетін шарт анықталмаған элементтерді қамтуы мүмкін, яғни алдын-ала белгілі емес, стохастикалық деп аталады. Мысалы, жүк поездарының сұрыптау станцияларына келуінің аралығы, олардың ұзындығы, массасы, жүру уақыты және т.б.
Күрделі жағдайда орналастыру заңдарын алу мүмкін емес, себебі қатарды тұрғызу үшін статистикалық тұрақтылықпен болатын сәйкес мәліметтердің жоқтығынан; технологияның перспективалы өзгеруінің сипатының және түйіндер мен олардың элементтерінің жұмыстарының режимдерінің азықсыздығынан; көліктік түйіндердің жабдықтарының перспективалы конструкциялары бойынша қажетті мәліметтердің жоқтығынан (мысалы, ақырындатқышқа енудің максималды жылдамдығы) және ұйымдастырушылық сипаттағы параметрлерді анықтайтын қатарлардың болмауынан (поездарды перспективаға жоспарлаудағы кызметтер саны);

5-сурет. Көліктік түйінде болатын үрдістердің жалпы сызбасы, және олардың түйін параметрлерімен, ішкі жүйелермен, элементтермен байланысы.


Көліктік үрдістер жүру жылдамдығына байланысты ақырын жүретін, орташа жылдамдықтағы және жылдам жүретін деп бөлінеді. (Сур 5.).
Жылдам жүретінге оптимизациясы оперативті жоспарлау және басқару жүйелері көмегімен іске асатын үрдістер жатады
Орташа жылдамдықтағы үрдістер екі уақытша деңгейді қамтиды:

  1. Жылдық немесе мезгілдік, көліктік түйіннің жұмысын бір жылда немесе мезгілде сипаттайды.

  2. Айлық немесе апталық

Ақырын жүретін үрдістер уақытша деңгейді қамтиды:

  1. Перспективалы, көліктік түйіннің болашақта дамуын болжайды (20-30 жыл). Бұл деңгей ең маңызды және ең анықталмаған болып есептеледі. Осы аралыққа көліктік түйіндерді болжау әлеуметтік факторларды талап етеді, себебі көліктік түйіндердің перспективалы дамуын қалалардың, өндірістердің дамуын және адамдардың санын есептемей мүмкін емес;

  2. 5-15 жылға жоспарлау;

  3. Қарастыратын көліктік түйіннің дамуын 2-5 жылға жоспарлау және болжау.

Ақырын жүретін үрдістерді оптимизациялау ұзақ мерзімді болжау және жоспарлау жүйесі бойынша іске асады, олар келесілерді қамтиды:
Ғылыми-техникалық үрдістердің әсерінен техникалық үрдістердің қазіргі заманғы заңдылықтардан перспективалы заңдылықтарға өту әдістерін дайындау;
Көліктік түйіндер құрылымының ары қарай даму жолдарын (әртүрлі жылдам жүретін жолаушылар көлігін қолдану, жұмыстың перспективалы технологиясын жайында, жаңа шешімдер қабылдау және т.б.)
Көліктік түйіндерді басқарудың орталықтандырылған жүйесін құрастыру (автоматтандырылған).
Максималды тиімділікті және жоғары санмен болатын нәтижені қамтамасыз ететін түйін қызметтері режимдеріне әркет ету тәсілдерін алу үшін, жалпылама параметрлерді тағайындау керек. Өзара әрекет үрдістерін сипаттауда параметрлердің үш тобын тағайындауға болады:
Көліктік түйін параметрлері (Lт), оған жататындар:

  • Түйіндегі өзара қатынаста болатын көліктер саны;

  • Жеке ішкі жүйелермен орындалатын, типтік технологиялық тізбектер саны (звенолар): транзитті жүк лектеріне және жолаушыларға қызмет көрсету бойынша технологиялық тізбек; көліктің бір түрі шеңберінде орын ауыстыратын жолаушыларға қызмет көрсету; өндіруші қоймаларынан тұтынушы қоймаларына жүктерді жеткізу; қозғалмалы составтың техникалық жағдайын бақылау, тұрып қалуы және жөндеу бойынша технологиялық тізбек;

  • Көліктік ішкі жүйелермен орындалатын типтік технологиялық тізбек саны: жолаушылардың көліктің бір түрінен екіншісіне орын ауыстыруларына қызмет көрсету бойынша технологиялық тізбек; түйіндегі өзара қарым-қатынаста болатын әртүрлі көлік түрлері арасында жүктерді жеткізу бойынша технологиялық тізбек;

  • Фазалар саны (егер элементтердің немесе ішкі жүйелердің жекелеме топтары бірінен кейін бірі жұмысқа кіріссе, жүйені көп фазалы дейді, мысал 6 суретте көрсетілген);

  • Фазалар және ішкі жүйелердегі элементтер арасындағы байланыстар саны,


6-сурет. Көліктік түйіндегі қызмет көрсетудің көп фазалы жүйелерінің мысалдары.


Элементтер параметрлері (Lэ): егер сұрыптау станциясы элемент болып табылса, онда оның негізгі параметрлері қайта жаңарту мүмкіндігі, жол тораптарының қуаттылығы және т.б. Егер келу паркі элемент болып табылса, онда оның параметрлері – жолдар саны, олардың қосылу сызбалары, жолдың толық және пайдалы ұзындығы, т.б.
Енетін және шығатын көлік лектерінің параметрлері (), оларды түйіндерді есептеуде негізгі топта көрсету керек. Жалпы жағдайда көліктік түйін көп параметрлі, көп номенклатуралы, біртекті емес лектерге қызмет көрсетеді. Көліктік лектің негізгі параметрлеріне жататындар: уақытша біркелкіліксіздік (тәулік ішілік, апта ішілік, мезгілдік және өндіріс көлемінің басқа да ауытқуларынан болады); өндірістік біркелкіліксіздік; лектердің интенсивтілігі және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет