Көліктер түрлерінің өзара әрекеттестігі


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет2/25
Дата19.12.2023
өлшемі400 Kb.
#487086
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
ВВТ лекция каз (1)

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Көліктік түйін деп нені айтамыз?
2. Көліктік түйін құрамына не кіреді?
3. Тоғысатын пунктер не үшін қажет?


Ұсынылатын әдебиеттер :
1. Правдин Н.В., Негрей В.Я. и др. Взаимодействие различных видов транспорта. Минск. «Высшая школа», 1983г
2. Пиньковецкий С.У., Шишков В.И., Взаимодействие автомобильного транспорта с другими видами транспорта


2-дәріс. Көліктік түйіндердің классификациясы мен түрлері

Дәріс жоспары:


1. Көліктік құрам бойынша көліктік түйіндердің классификациясы
2. Пайдалану жұмысы бойынша көліктік түйіндердің классификациясы

Түйінге қызмет етуші көлік түрінің саны бойынша 3 топты атап айтуға болады:



    • темір жол жолдары - автомобиль жолдары;

    • темір жол жолдары - су – автомобиль жолдары;

    • су – автомобиль жолдары.

Пайдалану жұмысының сипаты бойынша түйіндер мынандай болады:



  • транзитті түзу және аралас қатнас жолдарындағы транзитті ағымдарға қызмет көрсетеді.

  • Үлкен жергілікті жұмысы бар транзитті және жергілікті қызмет көрсететін ағымдар;

  • Жергілікті және соңғы.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Кеме жүрмейтін өзендердегі түйіндерді қай топқа жатқызуға болады?
2. Су-автожолдық түйіндер қай топқа жатады?
3. транзитті тасымалды қамтамасыз ететін түйіндер қай топқа жатады?


Ұсынылатын әдебиеттер :
1. Правдин Н.В., Негрей В.Я. и др. Взаимодействие различных видов транспорта. Минск. «Высшая школа», 1983г
2. Пиньковецкий С.У., Шишков В.И., Взаимодействие автомобильного транспорта с другими видами транспорта


2-дәріс. Көліктік түйіндер классификациясы.
Дәріс жоспары:

  1. Қызмет көрсетілетін кәсіпорындардың өндіріс салалары бойынша көлік түйіндерінің классификациясы.

  2. Геометриялық салу бойынша көлік түйіндерінің классификациясы.

Экономика – географиялық белгісі бойынша құрлықтық теңіздер жағасында орналасқан және кеме жүретін жерлерде орналасқан түйіндерді танып білуге болады.


Түйін қызмет көрсететін қала тұрғындарының санына байланысты көлік түйіндері 3 топқа бөлінеді:

  1. Кіші және орташа-100 мыңға дейін халық саны және аз дамыған өндірісі бар қала;

  2. Үлкен және ірі - 1 млн.дейін тұрғыны және дамыған өңдейтін, қазып шығаратын өндірісі бар қала;

  3. Өте үлкен – 1 млн. астам тұрғыны және дамыған өндірісі бар қалалар.

Көлік жабдықтарының орналасуы бойынша түйіндер мыналарға бөлінеді:

  1. Негізгі көлік түрінің жабдықтарының бірігіп орналасуы бар бір комплектілі;

  2. Жолаушылар және жүк тасымалдайтын аудандарды бөлек орналастыратын бір жинақты;

  3. Негізгі көлік түрінің жабдықтарының бірігіп орналасатын көп комплектілі;

  4. Жолаушылар және жүк әр түрлі көлік түрлерінің жабдықтары бөлек орналасқан көп комплектілі;

  5. Аралас түрдегі көп комплектілі.

Бір комплектілі көлік түйіні кіші, орташа және үлкен жинақты түрдегі үлкен қалаларға жақын орналасады және оларға мыналар жатады: бір-бірінен станция, осы станция қызмет көрсететін бір өнеркәсіп ауданы және біріккен темір жол, автомобиль жол бекеті. Үлкен қалаларда бір комплектілі түйіндерді жолаушылар және жүк аудандарында бөлуге болады. Көп комплектілі түйіндер ірі және өте ірі қалаларға тән. Оларға жүк станциялары қызмет көрсететін бірнеше өнеркәсіп аудандарды, бір-екі сұрыптау станциялары, қаланың әртүрлі аудандарында орналасқан және көліктердің әр түріне арналған бекеттері бар біріктірілген жолаушылар кешені бар темір жол, автомобиль жолы және су көліктердің тоқтау пунктері.
Геометриялық пішіні бойынша түйіндерді тұйық, тарамдалған, ұзындыққа созылған, тарамдалған жарты айналымды, тарамдалған айналымды және аралас деп бөлінеді.
Тұйық көлік түйіні теңіз, үлкен өзендер, таулы жерлердің маңында орналасады. Осы түйіндер үшін біраз темір жол және автомобиль жолдарының жанасуы тән. Әдетте соңғы түйіндер тығыз және ішкі түйінді жолдар және бірігулер 2-6 км. Қашықтықта болады. Өндіріс орындарының бытыраңқылығында бірігулер қашықтығы тез өсіп кетеді, 45-60км. Оларды пайдалануда тұйық түйіндер ыңғайсыз, сондықтан оларды тура жүретін жолдарға ауыстырып жатыр. Тұйық түйіндер үлкен емес қалаларға қызмет етеді.
Тарамдалған түйіндер КСРО –ың көлік жүйесіне тән. Олар 500 мыңға дейінгі халық саны бар қалаларға қызмет көрсетеді.Тарамдалған түйіндерде магистралдың көлік түрлері қаланың бір ауданына сәуле - радиустарымен бірігеді. Екі орталығы бар түйіндер болады, біреуінде автомобиль жолдары бірігетін, ал екіншісінде темір жол жолдары тарамдалған көлік түйінінде темір жол жолдары тарамдалған үш бұрыш крест тәрізді сызбалар бойынша орналасады.
Ұзындыққа созылған түйіндер топографиялық жағдайы қиын аудандарға тән. Олар өзендердің, теңіздердің жағасында немесе таулы жерлерде орналасады. Осындай түйіндер тік бұрышты жоспарланған, ұзақтыққа созылған қалаларға қызмет етеді. Осы түйіндерде темір жол және автомобиль жолдарының кірістерінің диаметрлері қарама-қарсы соңғы орындарында орналасады, осының нәтижесінде оның ұзындықтары 20км, ао ішкі түйіндік бірігулердің қашықтығы 100-150 км құрайды. Қалаға кіреберістегі темір жол жолдарының бірігу орындарында бірінен кейін бірі орналасқан бірнеше станциялар кіріс жолдарға қызмет көрсететін жұмыстар және поезд құрау, ұрғыш ағымдарын өңдеу жұмыстары орындалады жүк (жолаушылар) поездарының бару жолдарының бағыттары ішкі түйін жолдарының бағытымен бағыттас болмағанда олардың жүрісі өте үлкен болады. Мұндай түйінді жоспарлау кезінде минималды бұрыш ағымын қамтамасыз ететін жолдарының жанасуын ескеру керек. Қарастырылатын көлік түйінінің сызбалары түйінде темір жол көлігі болмасада қолданыла береді.
Тарамдалған-айналымды көлік түйіні үлкен және астаналар орналасқан қалаларға тән. Олар әдетте бірнеше айналымы бар қала ішінде радиусы және диаметрі бар темір жол және автомобиль жолдары болады.
Тарамдалған- жарты айналымды көлік түйіні теңіз, үлкен көлдер немесе жасанды су қоймалары маңында орналасқан қалаларға тән, және де бір кездерде үлкен өзендер маңында да орналасқан қалаларға да, бір айналымы немесе бірнеше жартылай айналымы болады. Тарамдалған-айналымды және тарамдалған жарты айналымды көлік түйіні пайдалануда
өте ыңғайлы және қалалардың жоспарларына жақсы келеді. Кейбір тарамдалған- жарты айналымдарда және тарамдалған-айналымдарда темір жол жоқ болуы да мүмкін.
Аралас көлік түйіні тік бұрышты және тарамдалған жоспарлы көше жүйесі бар тұйық темір жол және тарамдалған автомобиль жол түйінінің, параллель жолдары бар темір жол түйінінің және тарамдалған автомобиль жолдарының түйінінің, параллель жолдары бар ұзындыққа созылған темір жол түйінінің немесе тарамдалған автомобиль жолдарының түйінінің үйлесуін көрсетеді.
Көлік түйінінің бір типінің бірнеше сызбасы болуы мүмкін. Көлік түйінінің даму үрдісі кезінде ауыспалы форма болуы мүмкін.
Қалада әр түрлі көлік түрінің және өндірісінің дамуы темір жол түйінінің, порттардың, автомобиль жолдарының түйінінің сызбалары мен түрлерінің өзгеруіне әкеледі. Сонымен байланысты көлік түйінінің толық сызбасы өзгереді. Тарамдалған түйіндер тарамдалған жартылай айналымды және тарамдалған-айналымды болып бөлінеді, ал сонан кейін араласқан бөлінеді.
Көлік түйінінің қатнас жолдарының барлық жүйесінде орналасуы өндіріс күшінің және қалалардың жоспарларына олардың тарихи даму жүйесіне байланысты анықталады. ТМД-да біркелкі емес орналасқан 650 көлік түйіні бар. Көлік түйінінің көбі Балтық елдерінің және Донбасстың аудандарында орналасқан, ал ең аз орналасқаны Алыс Шығыс және Шығыс Сібір аудандары.
Көлік түйінінің шекарасы болып түйінге келетін жолдардың және пунктері табылады, бұл пункттерге келетін поездарды, машиналарды, кемелердің басты болады, айналымдар, айналмалар және түйін ішілік бірігулерге бөліну арқылы жүзеге асады. Әрбір көлік түрі бойынша өз шекарасы белгіленеді. Темір жол көлігі үшін – түйін алдындағы посттар , станциялар, су көлігі үшін айлақ станциялар, айлақтар бөлек каналдар және басқада жабдықтар, автомобиль үшін посттар (темір жол түйінінің шекарасы сияқты), ал автомобиль жолдарының айналмалы жолдары, айналып өтулер және бірігулері жоқ болса – қала маңында болады, жолаушылар көлігі үшін – қала маңындағы жолаушылар көлігінің соңғы пункттері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет