Көліктер түрлерінің өзара әрекеттестігі


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет9/25
Дата19.12.2023
өлшемі400 Kb.
#487086
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
ВВТ лекция каз (1)

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Детерминделген және стохастикалық үрдістерге анықтама беріңіздер
2. орта жылдамдықтағы үрдістерде неше деңгей болады?
3. баяу жүретін үрдістерде неше деңгей болады?


Ұсынылатын әдебиеттер
1. Правдин Н.В., Негрей В.Я. и др. Взаимодействие различных видов транспорта. Минск. «Высшая школа», 1983г
2. Пиньковецкий С.У., Шишков В.И., Взаимодействие автомобильного транспорта с другими видами транспорта


10-дәріс. Түйіндердегі әртүрлі көлік түрлерінің өзара әрекеттері үрдістерінің классификациясы

Дәріс жоспары:


1. Кеңістіктік өзара байланыстар сипаты бойынша өзара әрекеттесу үрдістерінің классификациясы
2. Жоспарлау аралығының ұзақтығына байланысты өзара әрекеттесу үрдістерінің классификациясы
3. Өзара әрекеттесетін ішкі жүйелер рангісі бойынша өзара әрекеттесу үрдістерінің классификациясы
Көліктік түйіндердегі өзара әрекеттер үрдістерін кеңістіктік өзара байланыстар, өзара әрекеттер режимдерін жоспарлау периодының ұзақтығы, өзара әрекеттесетін ішкі жүйелер шеңбері және өзара әрекеттер формалары сипаттамалары бойынша классификациялауға болады.
1-кесте.

Кеңістіктік өзара байланыс сипаты бойынша

Өзара әрекеттер режимдерін жоспарлау периодының ұзақтығы бойынша

өзара әрекеттесетін ішкі жүйелер ранг бойынша

Өзара әрекеттер түрлері

Нөлдік

бірінші

екінші

үшінші

Көліктік түйіндер және бірыңғай көліктік жүйенің басқа да элементтердің өзара әрекеттері.

Өзара әрекеттерді ұзақ мерзімге, орта мерзімге, ағымдық және жедел жоспарлау.

Енетін көлік ағымдары мен көліктік түйіннің тұрақты көліктік құрылғыларымен өзара әрекет.

Түйіндегі әртүрлі көлік түрлерінің өзара әрекеттері

Көліктің бір түрінің негізгі ішкі жүйелерінің өзара әрекеттері

көліктік түйіннің жеке элементтерінің және оның ішкі жүйелерінің өзара әрекеттері

Техникалық, технологиялық, экономикалық, ақпараттық, құқықтық



Кеңістіктік өзара байланыстар деңгейіндегі сипаттаманы есепке алу өнеркәсіптік объектілерді және ауылшаруашылық өндірісті дұрыс орналастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді: еңбек орындары мен демалыс аймақтарының ыңғайлы байланысын; көліктік жүйелер мен инженерлік құрылғылардың (электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау) өзара байланысты дамуын; территорияны дұрыс пайдалануға.
Өзара әрекеттер режимдерін жоспарлау периодының ұзақтығы бойынша үрдістерді классификациялау қоғамның қазіргі заманғы даму деңгейі талаптарын ескере отырып өзара әрекеттер режимдерінің болашақтағы және ағымдағы жоспарының үйлесуін іске асыруға мүмкіндік береді
Жоспарлау периодының ұзақтығына байланысты ұзақ мерзімді, орта мерзімді және ағымды (жедел) жоспарларды бөліп қарастырады.
Өзара әрекеттер режимдерінің ұзақ мерзімді перспективалы жоспары жеке көлік түрлерінің стратегиялық міндеттерін және олардың іске асуының маңызды бағыттарын сипаттайды:

  • Бірыңғай көліктік жүйедегі жеке көлік түрлерінің рөлін және техникалық құралдардың болашаққа құрылымын;

  • Көліктік түйіндердің тұрақты жабдықтарының (станциялар, қоймалар, порттар және т.б.) дамуының бағдарламасын және технологиялық үрдістердің алға жылжуының бағыттарын;

  • Техникалық құралдар мен еңбек ресурстарын дұрыс пайдаланудың бағдарламасын;

  • Көліктік түйіндердің жұмыс көлемдерін және перспективалық құрылымын, сонымен қатар олардың жоспарлаудың есептеу периоды шеңберінен тыс даму тенденциясын.

Жоспарлар жүйесі мына түрде құрылған: бір жоспар екіншісінен туындайды және оның бөлімі болады. Бірыңғай көліктік жүйенің ортамерзімді жоспары (бес жылға құрылады) ұзақ мерзімдіден туындайды, оның дамуы және нақтысы болып табылады. Ағымдағы жоспар орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлармен сабақтасқан және бір жылға дейінгі мерзімдегі интервалда шешім қабылдау үшін қызмет етеді.
БКЖ жұмыс жоспарларында кері байланыс та болады.
Ағымдағы және орта мерзімдегі жоспарлардың орындалуы кезекті перспектива үшін база қалыптастырады.
ұзақ мерзімді, орта мерзімді және ағымдық жоспарларды даярлау, олардың теңкелуі-әртүрлі көлік түрлерінің өзара әрекеттерінің бірден бір көкейкесті және күрделі міндеттерінің бірі. Оны шешу үшін ең алдымен жоспарларды дайындаудың үздіксіздігін қамтамасыз ету қажет; жеке көлік түрлерінің дамуының экономикалық негізделуі және оларды пайдаланудың оптималды ортасын тағайындау; тиімді емес тасымалдарды жою т.б..
Өзара әрекеттесетін ішкі жүйелер ранг бойынша классификацияға сәйкес көліктік түйінді мынадай ішкі жүйелер түрінде көрсетуге болады: енетін көліктік ағындар және тұрақты жабдықтар. Төменірек рангтерде классификация түрлер аралық, түрлер ішілік және элементтер аралық өзара әрекеттерді сипаттайды.
Барлық рингтерде әртүрлі көліктердің өзара әрекеттері үшін жағымды шарттарды құру көліктік түйіннің ұлттық тиімді құрылымын қалыптастырудың бірыңғай методологиясын дайындауға мүмкіндік береді; операциялар арасындағы тұрып қалуларды, көліктік шығындарды қысқарту және жүкті жоғалтуды азайту; көлікті кешендік басқаруға көшуге жағдай жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет