Көмірсулар алмасуының маңызды метаболиттері



бет4/4
Дата08.02.2024
өлшемі493.41 Kb.
#491329
1   2   3   4
Биохим срс кровь 1 (копия)

Гипогликемия

  • Гипогликемия – глюкоза мөлшерінің 3,3ммоль/л төмен болуын айтамыз. Көп жағдайда гормон инсулин антагонистарының өндірілуінің төмендеуінен туындау себебі болады. Гипофиздың алдыңғы бөлігінің гипофункциясы мен атрофиясы, бүйрекүсті безінің гипофункциясы, қалқанша безінің гипофункциясы кезінде гипогликемия байқалады.
  • Нейрогенді гипогликемия- жүйке жүйесінің ауруларында(энцефалит, прогрессивті параличь), созылмалы алкоголизмде, мидығ жарақатында дамиды. СОнымен қатар ашығу, ганглиоблокаторларды қабылдау, қантты диабетпен ауыратын науқасқа инсулинді көп жіберу нәтижесінен, жүктілік, лактация кезінде байқалады. 2,7ммоль/л ден төмен болса (глюкоза) гипогликемиялық комаға алып келед.

Сүт қышқылы( лактат)

  • Сүт қышқылы( лактат)- гликолиз бен гликогенолиздың соңғы өнімі болып табылады. Сүт қышқылы көп мөлшерде бұлшықеттерде түзіліп, қан ағынымен бауырға тасымалданады. Глюкогенездің субстраттары болып табылады. Жартысы қаннан жүрек бұлшықеттеріне сіңіріліп, энергетикалық материал ретінде падйланылады. Артуы- қанның сіңірлі қорының азаюымен қатар жүреді. Гипоксия, қатерлі ісіктер, өткір гепатит, цирроз кезінде мөлшері артады.

Гексозалар

  • Гексозалар(галактоза, манноза, фруктоза және т.б.)- гликопротеидтер құрамына кіреді, жалпы мөлшері бойынша қан сары суында гликопротеидтер деңгейі анықталады. Серомукоидтар- гликопротеидтердің ерекше түрі, хлор қышқылында ериді, бірақ фосфорвольфрамды қышқылда ерімейді. Қан сары суын хлор қышқылымен өңдейді, бұл кезде серомукоидтар ериді, ал басқа белоктар тұнбаға түседі. Ары қарай гексозалар анықталады, олардың мөлшері серомукоидтардың мөлшерін көрсетеді. Қабыну процесстері гликопротеидтердің артуына, соның ішінде серомукоидтардығ артуына алып келеді.

Қорытынды

  • Қанның ақуызсыз азотты заттары адам денесіндегі қабынулар мен ішіндегі жүріп жатқан процесстерді бақылауға мүмкіндік береді. Заттарының мөлшерінің артуы, не азаюы ағзадағы белгілі бір ағзадағы ақаудың барын айтады. Сондықтанда анализ тапсырғанда, шыққан жауабында 1 ауытқу болсын көрсетсе, оны тексеріп, сол ауытқудың шығу тегін көруіміз қажет болады.

Пайдаланылған әдебиет

  • МЕДИЦИНАЛЫҚ БИОХИМИЯ, Ташенев К.Т., Сейтембетова А.Ж., Тапбергенов С.О., Алматы:”Эверо”-608 б.
  • https://kk.wikipedia.org/wiki/Қан_плазмасы
  • https://www.referat911.ru/Medicina/an-biohimiyasy/253297-2532815-place1.html


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет