Коммерциялық емес акционерлік қоғам Еңбек қауіпсіздігі және инженерлік экология кафедрасы экологиялық ЖӘне техногендік қауіпсіздік



Pdf көрінісі
бет4/31
Дата06.09.2022
өлшемі0.59 Mb.
#460344
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
FLNOckVYufmqTEhMDn4dHgICwiSKat

Энергетика өнеркәсіптің барлық салаларының – транспорттың, коммуналды
және ауылшаруашылығының еңбек өнімділігін арттыратын, халықтың әл-
ауқатын көтеріп, дамуына ықпал ететін негізгі қозғаушы күш. Отын-
энергетикалық кешен – жанармайларды барлау және өндіру, тасымалдау,
тарату және пайдаланудан тұратын салааралық жүйе. Бұлардың құрамына
отын өнеркәсібі (мұнай, газ, көмір) және халық шаруашылығындағы басқа
салалармен тығыз байланысты электроэнергетика кіреді.
Сонымен қатар энергетиканың қоршаған ортаны отынның органикалық
түрлерінің өнімдерімен, ондағы зиянды қоспалардың болуымен, жылу
қалдықтарымен ластауда да үлесі көп. Бүкіл пайдаланатын энергоресурстардың
25% электр энергиясының үлесіне тиеді. Қалған бөлігі (75%) өндірістік,
тұрмыстық жылуға, транспорт, металлургия, химиялық процестер үлесіне
тиеді. Жыл сайын дүние жүзінде 25 млрд тоннадан аса энергия пайдаланылады.
Энергетиканың қоршаған ортаға әсері отынның түріне байланысты.
Азонасфераның бұзылуы. 1980 жылдары Антарктидадағы ғылыми жұмыс
станцияларында жүргізілген зерттеулерден атмосферадағы озон құрамының
төмендегені байқалған. Осы құбылыс - «озон тесігі» деген атау алды. 1987
жылдың көктемінде Антарктиданың үстіндегі «озон тесігі» барынша үлкейіп,
оның ауданы шамамен 7 млн км² -ді құрады яғни, ауадағы мөлшері қалыпты
нормадан 30%-50%-ға төмендеген. Антарктидадағы бұл құбылыс қыркүйек-
қараша айларында байқалып, маусымның басқа кездерінде озонның мөлшері
нормаға жақын болады. Кейін анықталғандай, атмосферадағы озонның мөлшері
Солтүстік жарты шардың орта және жоғары ендіктерінде қыс-көктем (қаңтар-
7


наурыз) айларында, әсіресе Европа, АҚШ, Тынық мұхит, Ресейдің европалық
бөлігінде, Шығыс Сібір, Жапония үстінде жылдан - жылға азайып келеді.
Қышқыл жаңбырлар. Қазіргі таңда қышқыл жауын-шашындардың
2/3 бөлігіне күкірт диоксиді, 1/3 бөлігіне азот оксиді себепкер деп есептеледі.
Күкірт диоксидінің шығарындыларының ауқымды бөлігі энергетикалық
өндірістермен байланысты (мысалы, 1975 ж. АҚШ-та 65%), өндірістік дамыған
мемлекеттерде азот оксидінің ірі шығарындылары – көліктік газдар салдарынан
(1975 ж. АҚШ-та 45% көлік құралдарынан, 28% энергетикалық өндірістерден
алынған). Миллиондаған тонна күкірт тотығы атмосфераға шығып, қышқыл
жаңбыр түрінде жерге түседі. Қышқыл жаңбырлар ғаламдық негізгі экологиялық
проблемалардың бірі атмосферадағы ластаушы заттардың ұзақ қашықтықтарға
тасымалдануы.
Парникті эффект. Климаттың ғаламдық жылуы – биосфераның
антропогендік ластануының бір көрінісі. Бұл климаттың және биотаның өзгеруі:
экожүйедегі өнімділік процестерінің, өсімдіктер қауымдастықтары шекарала-
рының, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігінің өзгеруінен білінеді.
Мәліметтер бойынша келесі ғасырдың басына дейін Жер бетінің
температурасы 1,4°С-қа көтеріледі. 1997 ж. Киото хаттамасына сәйкес, өнеркәсібі
дамыған елдер 2010-2015 жылдары 2000 жылмен салыстырғанда парникті
газдардың атмосфераға бөлінуін 55%-ға дейін азайту керек. Алғашында бұл
проблема радиоактивті заттардың үлкен қашықтықтарға таралуына байланысты
пайда болды. Негізінен күкірт диоксиді және оның қосылыстары, азот оксиді
және оның қосылыстары, ауыр металдар (әсіресе сынап), пестицидтер,
радиоактивті заттар сияқты улылығы жоғары заттардың таралуына баса назар
аударған жөн.
Қазақстандағы атмосфералық ауа бассейнінің ластануы. Қазақстанның
үлкен қалаларында көп тараған химиялық ластаушы күкіртті газ (күкіртті
ангидрид). Зерттеулер өкпе паталогиясы мен атмосфералық ауаның ластануының
арасында тікелей байланыс бар екенін көрсетеді. Күкіртті ангидридтің
мөлшерінің көбеюі бронхиалды астма мен созылмалы бронхит ауруының
асқынуына алып келеді.
Индустриалды дамыған елдерде атмосфераны ластайтын негізгі көздер –
автокөліктер, транспорттың басқа түрлері және өндіріс орындары.
Қазақстанның экономикасы мен өнеркәсібінің дамуына республикадағы
мол табиғи байлықтар себеп болып отыр. Мысалы, Қарағанды көмір бассейнінде
көмірдің қоры 51 млрд тоннаны құрайды. Қостанай облысындағы қоры бай
темір рудалары және Теміртау металлургия комбинатының салынуымен
Карағанды көмір бассейінінің маңызы арта түсті.
Қазақстандағы қалаларда ауаны ластаудың негізгі көзі – автокөліктер
болып табылады (Алматының өзінде 800 мыңнан астам).
 
Автокөлік - атмосфера
ауасына канцерогенді бенз(а)пирен таралудың негізгі көзі болып табылады.
Қолданылатын жанармай сапасының төмендігі, шығатын газды тазалайтын
фильтрдің жоқтығы, авто-шаруашылықтағы көліктер жағдайының нашарлығы,
8


қалалардағы көліктер санының өсуі және т.б. атмосфераға көп мөлшердегі
күкірт қышқылдарын, қорғасын қышқылдарын және т.б. таралуына алып келеді.
Әрбір автокөлік жылына 4 тонна ауа жұтып, 800 кг көміртегі оксидін, 40
кг азот оксидін және 200 кг-дай әртүрлі көмірсутектерді атмосфераға бөледі.
Автокөліктерден бөлінетін газдар - 200-дей заттардың қоспалары. Мұнда
отынның толық және жартылай жанған өнімдері - көмірсутектер болады.
Алматы қаласында атмосфераны ластаудың 20% жеке секторлар мен
жылу энергетикалық жүйелердің еншісіне тисе, 80% - автокөліктердің
еншісінде. Қоршаған ортаға жанусыз қалған көмірсутектері мен олардың
толық жанбауынан шыққан өнімдердің мөлшері бензинмен жүретін
автокөліктерде дизельді автокөліктерге қарағанда анағұрлым көп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет