Дәрістің мазмұны. Экологияның, тіршілік қауіпсіздігі саласындағы
заңдардың, құқықтық актілердің анықтамасы беріледі. Экологияның ғылым
ретінде
дамуының тарихы, оның табиғатты пайдаланудағы және адамзаттың
жаһандық өркендеуіндегі маңызы келтіріледі.
Дәрістің мақсаты. Экологиялық жағдайдың дамуы және қазіргі кездегі
жағдайы туралы білім беру; табиғатты пайдаланудағы жаңа әдістер мен техноло-
гияларды ойлап шығарудағы негізгі халықаралық бет алыстармен таныстыру.
Экология – қоршаған орта мен тірі организмге керек жағдайларды
өзгертудің және оңтайластырудың жолдарын анықтауға мүмкіндік беретін, тірі
организмдер мен олардың жүйелерінің қоршаған ортамен өзара қатынасы,
олардың бір-біріне әсері мен өзара сіңісуі туралы ғылым.
Экология және тіршілік қауіпсіздік саласындағы заңды және құқықтық
актілер.
Соңғы жылдары табиғатты қорғау мәселелері бойынша республикада
көп жұмыс атқарылуда. Қоршаған ортаны
қорғау саласындағы заңнаманы
қалыптастыру жалғасуда. Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының
орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы мақұлданды. Киото хаттамасы
ратификацияланды.
Қазақстан Республикасының 09.01.2007ж. N 212-ІІІ ЗРК «Экологиялық
Кодексіне» сәйкес қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістеріне
келесілер жатады:
- қоршаған ортаны қорғау бойынша
іс-шараларды жоспарлау және
қаржыландыру;
- табиғи ресурстарды пайдалану ақысы;
- қоршаған ортаны ластау ақысы;
- табиғи ресурстарды қорғау және өндіру ақысы;
- қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру;
- экологиялық
сақтандыру;
- қоршаған орта қорларын сақтау.
Қазақстан Республикасында кәсіпорындар жалпымемлекеттік, жергілікті
салықтар, сондай-ақ табиғи ресурстарды пайдалану үшін арнайы төлемдер
мен салықтар түрінде төлемдер жүргізеді, ал табиғи ресурстарды пайдалану
тәртібін бұзғаны, қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұл төлейді.
Атмосфераны ластайтын заттар.
1980 - 2015 ж. аралығында атмосферадағы зиянды өндірістік шығарын-
дылардың 80% дамыған мемлекеттердің үлесіне тиесілі, көліктердің көбею
қарқыны едәуір ұлғайған сайын, қоршаған орта мен қоғам үшін зиянды
бірқатар
проблемалар туындады, осы мәселелер ауа-райының өзгеруінің
негізгі себепшілері болып табылады.
Атмосфераны ластайтын кең таралған заттар: көміртегі тотығы СО,
күкіртті ангидрид SO
2
, азот тотығы NO
x
,
көмірсутектер C
m
H
n
, шаң, күйе.
Атмосфера ластағыштары СТ СЭВ 1366-78 сәйкес келетін МЕМСТ
17.2.1.01-76 бойынша жіктеледі.
4
Бұл МЕМСТ-ке сәйкес, барлық атмосфера ластағыштар агрегаттық күйі
бойынша үш тапқа бөлінеді: А - газ тектес, К - сұйық, Т - қатты.
Қоршаған ортаны Жаһандық Бақылау жүйесі (GEMS) «Атмосфераны
ластайтын заттарды зерттеумен» айналысады және БҰҰ «Қоршаған орта»
Бағдарламасы (UNEP) аясында жұмыс істейді. Атмосферадағы, топырақтағы,
тамақ өнімдеріндегі және тірі организмдердегі ластанулар зерттеледі.
Министрлік Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «2010-2014
жылдарға арналған жасыл даму» бағдарламасының жобасын әзірледі.
Мемлекеттік бағдарлама жобасына қазіргі таңда іске асырылып жатқан және
әзірленудегі бағдарламалар енгізілді. Олардың қатарында 2008-2010 жылдарға
арналған Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы, 2010-2012 жылдарға арнал-
ған бұрынғы Семей ядролық полигоны проблемаларын кешенді шешу
бағдарламасының жобасы, «Капустин Яр» және «Азғыр» ядролық полигонда-
рының әсерінен зардап шеккен халықты сауықтыру және әлеуметтік көмек
көрсету жөніндегі бағдарламаның жобасы бар.
«2010-2014 жылдарға арналған жасыл даму»
бағдарламасы қоршаған
орта компоненттеріне және халық денсаулығына антропогендік әсерді төмендету,
табиғи экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру, қоршаған ортаның сапасын
басқару жүйесін дамыту және жетілдіру сияқты бағыттардан тұрады.
Қазақстанда су заңдылықтарының құқықтары «Казахстан Республикасы
су кодексінде» (2012 ж.) және нормативті құжаттарда берілген:
1) ҚР СанЕжН-3.01.067-97 «Ауыз су. Орталықтандырылған сумен
қамтамасыз ету жүйелері суының сапасына гигиеналық талаптар».
2) ҚР 2002-2010 жж. «Ауыз сулар» салалық бағдарламасы.
3) СанЕжН №4630-88 Жерүсті суларды ластанудан қорғаудың санитарлық
ережелері мен нормалары.
4) ҚР Құрылыс ережелері мен нормалары (ҚЕжН) 4.01.-02-2001 (ҚЕжН
2.04.02.-84) Сумен қамтамасыз ету. Сыртқы желілер мен құрылыстар. Алматы
2002.
5) ҚЕжН 2.04.03-85* Канализация. Сыртқы желілер мен құрылыстар.
2009-2011 жылдарға арналған министрлік дамуының стратегиялық жоспары
бекітілді. Экология және су сапасы, осы стратегиялық ресурсты кешендік
зерттеу және қорғау мәселелерін шешетін Еуразия су орталығы құрылды.
«Жер беті суларын ақаба сулардың ластануынан қорғау ережелеріне»
қарай тазаланғаннан кейін су қоймаларына жіберілетін ақаба суларға қойылатын
талаптар бойынша сипатталады.
Қоршаған
ортадағы елді, шаруашылық объектілерді, олардан пайда
пайда болатын төтенше ахуалдар мен салдарлардан қорғау,
мемлекеттік
саясатты жүргізудегі басыңқылық облыстың бірі болып табылады. Осы заңдар
ҚР жеріндегі техногенді және табиғи сипаттағы, АҚ, төтенше ахуалдардың
алдын алу және жою жайлы қоғамдық қатынастарды регламенттейді.
Достарыңызбен бөлісу: