Коммерциялық емес акционерлік қоғамы



бет2/2
Дата26.04.2023
өлшемі49.35 Kb.
#472842
1   2
сарғалдақ және алқа тұқымдасы

Алқа тұқымдасы. Алқалар түқымдасының 2300-дей түрі бар (85 туыс). Ортаңғы ендіктерде олар негізінен шөптесін өсімдіктер болып келеді.
Сиректеу жартылай бұталар, кейде тіптен бұталар. Тропикалық елдерде, әсіресе Оңтүстік Америкада өрмелеп өсетін бүталары мен ағаштары басым болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасады, жапыра қ серіктері (қосалқы жапырақшалары) болмайды, жапырақтары жай, жапырақтақталары тұтас немесе тілімделген болып келеді. Сабақтарында биколлатералды өткізгіш шоқтары болады. Гүлдері монохазий бұйра гүлшоғырына жиналған немесе жекелеген гүлден тұратын, көрнісі актиноморфты, көп жағдайда гүл түйінінің көлбеу орналасуына байланысты аздап зигоморфты болып келеді. Тостағаншасы 5-тісті, ал гүлдердің бірігуіне байланысты ол 4—6 ұялы болады. Күлтежапырақшалары бір-бірімен біріккен, дөңгелек, табақша, трубка тәрізді, немесе кең қоңырау секілді болып келеді. Күлтенің трубкасына, оның тістерімен кезектесіп, ішкі жағынан әрқайсысының басында 2-ден, сиректеу 4-тен тозаң ұясы бар 5 аталық жабысып өседі. Гинецейі ценокарпты, 2 жеміс жапырақшадан тұрады. Гүл түйіні жоғарғы, әдетте 2 ұялы, алайдата жалған перденің пайда болуына немесе гүлдердің бірігуіне байланысты ол 4—6 үялы болады. Жемісі шырынды немесе қорапша (қауашақ), сиректеу сүйекті болып келеді. Көптеген түрлерінің көкөністік өсімдіктер ретінде (картоп, помидор, баклажан, бүрыш) шаруашылықтағы маңызы аса зор, ал кейбіреулерінің бойында улы аккалоидтары болады, оларды дәрі-дәрмек ретінде пайдаланады. Кейбір біржылдық түрлері сәндік өсімдіктер болып келеді.
Алқа туысы ( паслен — 8о1апит ). 1,5 мыңдай түрлері бар. Түрлерінің ең көп кездесетін орталығы Оңтүстік Америка. БОР-дың флорасында бары-жоғы 10-ақ түрі кездеседі. Экономикалық жағынан ең маңыздысы картоп (картофель), ол осы түқымдастың ішіндегі мәдени жағдайда ең кең таралған түрдің бірі. Біржылдық өсімдік ретінде отырғызылады. Гүлсерігі актиноморфты, күлтежапырақшаларының түсі ақ, ашықсия көк, сарылау-қызғыш, аталықтары аналықтың мойнының айналасында конус түзіп орналасады. Гүлінің формуласы. Екі ұялы шырыңды жемісі болады. Тамырлары жіңішке. Сабағының жер асты бүтағы — сталондары болады, оларды тамырдан оңай ажыратуға болады. Өйткені олардың бүршіктерімен ұсақ қабыршақ (чешуя) тәрізді төменгі жерасты) жапырақтары болады. Сталондарында түйнектері жетіледі, оларда 12—25% дейін крахмал жөне 78% дейін су болады. Картоптың 1 мыңнан астам тамаққа пайдаланатын, малдарға қорек болатын және әртүрлі техникалық заттар алатын сорттары белгілі. БОР-дың территориясында отырғызылып жүрген картоп, шамасы Чилидің Андасында, Чилоэ аралында өсетін түрге, бәлкем Перуде өсетін түрге де жататын болуы мүмкін. Кең таралған овощтық дақылға көк баклажанда (синий баклажан — 8.те1оп§епа) жатады. Ол жеуге келетін жемісі үлкен, қою сия-көк түсті; шыққан жері Индия. Жабайы өсетін түрлерінен ащылау алқаны (паслон сладко-горький — З.сшісатага) айтуға болады. Ол жартылай бұта, шырынды жемісінің түсі ашық-қызыл болып келеді. Қара алқа (п.черный); біржылдық шөптесін өсімдік, шырынды жемісінің, түсі қара болып келетін кең таралған арамшөп.
Темекі туысы (табак — Мсогіапа). 100-дей түрі бар. Табиғи жағдайда негізінен Оңтүстік Америкада, Австралияда кездеседі. Бұталар жөне шөптесін өсімдіктер. Гүлдерінің күлтежапырақшалары воронка тәрізді немесе қоңырау-тәрізді, көп жағдайда хош иісті болып келеді. Бірқатар түрлері бір жылдық техникалық өсімдіктер ретінде кеңінен өсіріледі: көдімгі темекі (табак курительный) — жабайы түрінде Перуде және Эквадорда өседі, көптеген сорттары шығарылған; Мохорка темекісі (табак махорка) (221-сурет). Сөндік өсімдіктер ретінде орман темекісі (табак лесной), ұзынжапырақты темекі (табак длиннолистый) жөне т.б. отырғызылады.
Бұрыш туысы (перец — Сарзісит ). Түрлерінің саны 25-тен 50-ге дейін жетеді. Жартылай бүта жөне шөптесін өсімдіктер, табиғи жағдайда Орталық Америкада өседі. Қоңыржай климатты елдерде, оның ішінде БОР-дың оңтүстігінде және Қазақстанның оңтүстік облыстарында өсіріледі. Біржылдық бұрыштың (перец однолетний — С.аппиит) негізінде көптеген ащы және салаттық сорттары шығарылған. Шыққан жерінде ол жартылай бұта. Басқа туыстарынан мына түрлердің маңызы зор: ас помидоры (томат) біржылдық дақыл 600-дей сорттары белгілі; белладона көпжылдық шөптесін өсімдік, бойында атропин және гиосциамин алколоидтары болады, сол үшін оны дәрілік өсімдік ретінде өсіреді. Алқалар тұқымдасы қос жарнақты, бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Бұта түрінде кездеседі. Дүние жүзінде тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдеулерде кездесетін 80 – 90 туысы, 2500-дей түрі белгілі. Қазақстанда Алқалар тұқымдасының 11 туыс, 23 түрі бар. Бүтін жиекті немесе тілімденген жапырағы тік не жатаған сабағына кезек орналасады. Гүлі қос жынысты. Гүлшоғыры бұйра болады. 5 тостағанша жапырағы бірігіп, жоғарғы жағы тілімденген. 5 күлте жапырағы, бірігіп қысқа түтік түзеді. Аталығы 5, аналығы біреу. Жемісі – көп тұқымды жидек, түйнек немесе қауашақ. Алқалар тұқымдасы негізінен аса бағалы тағамдық (баклажан, қызыл бұрыш, қызанақ, картоп, т.б.), сәндік және техникалық (темекі) өсімдіктер болып саналады. Олардың құрамында бірнеше улы алкалоидтар болады, сондықтан оларды мал жемейді. Жабайы түрлерінен дәрі алынады. Алқа тұқымдас өсімдіктердің ортақ белгілері
Алқа тұқымдастардың ғаламшарымызда 2900-ге жуық түрі бар. Бұлардың көпшілігі мәдени өсімдіктер. Алқа тұқымдастардың жабайы түрлері де көп. Ауа райы ыстық елдерде бұталы және сабақтары шырмалып өсетін де түрлері бар. Әсіресе Оңтүстік Америкада алқа тұқымдастардың жабайы өсетін түрлері көп. Қазақстанда 23 түрі кездеседі, көпшілігі қолдан өсіріледі. Бұлар - күлтелері тұтасқан, жапырақтары кезектесіп орналасатын шөптекті өсімдіктер. Гүлдері гүлшоғырда немесе жеке-дара орналасады. Гүлі кіріккен 5 тостағанша жапырақшалар, кіріккен 5 күлте жапырақшадан тұрады. Сондықтан бұл өсімдіктер кіріккенкүлтелілер деп аталады. Күлте жапырақшалардың түп жағы қысқа түтікшеге бірігіп, қоңырау тәрізді болады. Оның ортасында 5 аталық, екі жемісжапырақшалы аналық орналасады. Бұлар - жоғары жатынды өсімдіктер. Бірнеше симметрияга бөлетін сызықтар жүргізуге болатындықтан, алқа тұқымдастар дұрыс гүлді (*) өсімдіктер болып есептеледі. Гүл формуласы: *Т(5)К(5)А5Ж(2). Жемісі – жидек немесе қауашақ. Түрлері. Тағамға пайдаланылатын баклажан, қызанақ, болгар бұрышы, өзге де көкөністер өздеріңе бұрыннан мәлім. Дәрілік, сәндік және улы өсімдіктері де бар. Арамшөп ретінде белгілі меңдуана, сасық меңдуана - нағыз улы өсімдіктер. Сонымен қатар бірге олар дәрілік өсімдіктерге де жатады. Меңдуаналардың жапырағы мен тұқымы демікпеге, құрыспа ауруларға дәрі ретінде пайдаланылады. Шырайгүл(петуния) және қызылқұлақ (физалис) сәндік өсімдіктер болып табылады. Шырайгүл күтім талғамайды және ұзақ гүлдеп тұрады. Сондықтан Оңтүстік Америкалық шырайгүл қала гүлзарларына сән беріп тұрады. Қызылқұлақ тропиктік, субтропиктік аймақтарда кең таралған. Оның 100-ге жуық түрлері бар. Өсімдіктің жидек-жемісі қампиып қаптайтын түзілісі үшін қызылқұлақ аталған. Қампима қаптаманың түсі ашық қызыл-сары болып көз тартады. Ол - өсімдіктің тостағанша жапырақшасы.
Жабайы түрі Үндістанда өседі, көпжылдық алқа тұқымдас шөптекті өсімдік. Қолдан өсірілетін түрі - біржылдық. Сабағының биіктігі 30-70 см шамасында. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Баклажанның гүлі жапырақ қолтығында жеке (немесе 2-7) бірігіп, шоғырланып тұрады. Күлтесі тұтасқан 5 күлте жапырақшадан құралады. 5 аталығы күлтенің түбіне бекінген, 1 аналықты қоршап өседі. Жемісі - жидек, тұқымы - ұсақ
Баклажан - жылу және ылғал сүйетін тағамдық өсімдік. Ол Қазақстанның оңтүстік облыстарында өсіріледі. Топырақ ылғалдылығы - 80%, қолайлы температурасы 20-30оС-ге жеткенде ғана өсіп-дамиды. Баклажанның өсімді кезеңі өте ұзақ. Оның жемісі 100 күннен астам мезгілде ғана жеуге жарамды болады. Тағамға толық пісіп жетілмеген жеміс пайдаланылады. Ал жемістің пісіп жетілуі үшін тағы 1-1,5 ай қажет. Сөйтіп баклажанның жеміс беру кезеңі 3 айға созылады. Ауа температурасы 130С-де баклажан өсуін тоқтатады. Үсікке тез шалдығады. Баклажанды көшет арқылы жылыжайда өсіреді. Қыс ызғары кетіп, орташа температура 150С-ден жоғарылаған кезде көшетті отырғызуға болады. Егістікке отырғызуға дейін көшет 65-75 күн жылыжайда өседі. Баклажанның жемісі 0,4-1,0 килоға дейін тартады. Ол алмұрт немесе қияр тәрізді, түсі қоңыр немесе күлгін қара болып келеді. Жемісінің құрамында нәруыз, май болады. Бұдан өзге кальций, фосфор, темір және өзге тұздары да бар. Баклажан медицинада бауыр ауруын емдеуге, қан құрамындағы зиянды түзілісті ( холестеринді) азайту үшін қолданылады. Баклажан - түсімді дақыл, 1 гектарынан 15-30 т түсім алынады. Қызанақ. Қызанақ алқа тұқымдас, қосжарнақты, шөптекті өсімдік. Ол жылу сүйетін өсімдік болғандықтан, алдымен көшетте егіледі. Қызанақтың жемісінен алынған шырыны тағамға пайдаланылады. Жеміс құрамында витаминдер (С, Р, В, А, К) өте көп. Қызанақты тұздал, сүрлемелеуге де болады. Ол - біржылдық өсімдік.
Бұрыштар. Болгар тәтті бұрышы мен қызыл бұрыштар да алқа тұқымдас өсімдіктер. Бұрышта С витамині болады. Тағамды дәмдеуге пайдаланылады.
Картоп. Ал алқа тұқымдас өсімдік - картоп өздеріңе таныс. Ол - тағамдық және техникалық өсімдік, мал азығы ретінде де қолданылады. Картоптың жемісі жидек екенін естеріңде ұстаңдар. Ал тамырындағы түйнектер - оның жерасты өркені. Картопты тұқымынан өсіруге болады. Ең қолайлысы - картоптың көзшесі бар түйнек бөліктерінен өсіру. Картоп түйнегінде крахмал мол болады. Алқа тұқымдастар - 90-ға жуық туысты топтастыратын, тропиктік, субтропиктік және қоңыржай атырапта кең таралған қосжарнақты өсімдіктер. Негізінен алғанда Орталық және Оңтүстік Америкада өседі. Олар шөптекті, бұталы немесе алма ағаш тәрізді болып келеді. Гүлі тұтасып біріккен тостағаншадан және кірігіп тұтасқан бес күлтежапырақшадан тұрады. Сондықтан кіріккенкүлтелі өсімдіктер деп аталады. Жемісі - жидек (қызанақ, қара алқа), кейде қауашақ (меңдуана, шырайгүл, темекі). Алқа тұқымдастардың гүлін әр түрлі бунақденелілер, тропиктік елдерде құстар, тіпті сүтқоректілер тозаңдандырады.
Қолданылуы. Алқа тұқымдас картоп - тағамдық, техникалық және малазықтық дақыл. Дәмді және витамині көп баклажан, қызанақ та тағамға пайдаланылады. Алайда алқа тұқымдастарға жататын меңдуана, сасық меңдуана - улы өсімдіктер. Бұлардан сондай-ақ құнды дәрі де жасалады. Темекі де - улы өсімдік. Әсіресе оның улы заты никотин қанды уландырып, жүрек және тынысалу мүшелерінің жұмысын бұзады. Сөйтіп, шылым шегу адамның денсаулығына зиян келтіреді. Еуропалықтар картопты ең алғаш 1537 жылы білді. Швейцариялық ботаник Бохен картопқа 1596 жылы «соланум туберозум» деген ғылыми атау берді. Картопты Голландиядан I Петр 1700 жыл шамасында Ресейге әкелді. 9 Картоптың құрамына массасы бойынша 60-80%, шикідей массасы бойынша 14-24% крахмал болады. Картоптан 200-ге жуық әр түрлі тағам әзірленеді. Ресейде (Одессада) 1850 жылдан бастап қызанақ алғаш өсіріле бастады. Оның жемісінде қант, ағзалық қышқылдар, нәруыз, витаминдер болады. Помидорды испандықтар «поми дель перу» - «перуандық алма» десе, француздар «пома аморис» - «махаббат алмасы», итальяндықтар «помо доро» - «алтын алма» деді. Үнді-ацтектер помидорды «томатль» - «ірі жидек» деп атады. Әйгілі К. Линней оған «ликоперсикон» - «қасқыр шабдалы» деген ғылыми атау берген. Неліктен олай екені белгісіз, алайда күні бүгін ботаниктер сол атаулы пайдаланады. Зиянды заттардың ең әрекетшілі - никотин. Бұл атау XVI ғасырдың екінші жартысында француз елші уәкілі Ж. Нико есімімен аталған. Таза никотиннің бір тамшысы (0,05 г) адамды өлтіре алады.[2]

Қорытынды


Сарғалдақотбасы (Ranunculaceae) өте көп. Ол көптеген аумақтарда таралған. Осылайша, мәселе белгілі бір өсімдіктерді дұрыс қолдану, дәрігер тағайындаған дозаны және емдеу курсын қатаң сақтау болып табылады.


Еуропа мен Американың бірқатар елдерінде жыл сайын ондаған мың өсімдіктермен улану тіркеледі, бұл зардап шеккендерге көмек көрсету үшін арнайы ғылыми орталықтар құру қажеттілігіне әкелді. Біздің еліміздің көптеген ғылыми мекемелері өсімдік уларының әсер ету механизмдері туралы толық ақпарат алуға бағытталған зерттеулер жүргізеді және улы қосылыстардан қорғаудың тиімді шараларын жасайды.
Осы маңызды міндеттер неғұрлым тез шешілсе, табиғаттың стихиялық күштеріне қатысты Біздің күшіміз соғұрлым толық болады. Алқа туысы ( паслен — 8о1апит ). 1,5 мыңдай түрлері бар. Түрлерінің ең көп кездесетін орталығы Оңтүстік Америка. БОР-дың флорасында бары-жоғы 10-ақ түрі кездеседі. Экономикалық жағынан ең маңыздысы картоп (картофель), ол осы түқымдастың ішіндегі мәдени жағдайда ең кең таралған түрдің бірі. Біржылдық өсімдік ретінде отырғызылады. Гүлсерігі актиноморфты, күлтежапырақшаларының түсі ақ, ашықсия көк, сарылау-қызғыш, аталықтары аналықтың мойнының айналасында конус түзіп орналасады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі


1. Герасимов в. п. омыртқасыздар, оларды мектепте зерттеу. Қарапайым. Ішек. Құрттар. Моллюскалар. М., ағарту, 1978, Б.79-91.


2. Гриффин Д., Новик Эл. Тірі организм. М., Әлем, 1978.
3. Омыртқасыздар зоологиясы. М., жоғары мектеп, 1975, 230-265 беттер.
4. Омыртқасыздар зоологиясы. М., ағарту, 1975, 198-200 беттер.
5. Жануарлар өмірі. М., ағарту, 1968, Т.1.
6. Яхонтов а.а. Мұғалімге арналған Зоология. М., ағарту, 1968, Т.1. Иванцова Ф.а. аннелидтерді зерттеудегі жануарлардың жүйке қызметі туралы түсініктерді дамыту.- Мектептегі Биология, 1978, №5, 41 бет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет