Сәуле ауруы төрт кезенде жүреді: Бірінші кезең - сәуленің организмге әсері оның мөлшеріне карай болады. Оның ең алғашкы белгілері: әлсіздік, бас айналу, бас ауру, жүрек айну, қүсу, іш өту, терінің бозаруы, қан қысымының секірмелі болуы, естен тануы. Екінші кезең - бірінші кезеннен кейін уакытша аурудың жағдайы жақсарады. Бұл кезеңді латентті кезен, яғни, жағдайдын жақсы болып көріну кезеңі деп атайды. Алған радиация мөлшері көп болса, бұл кезең қысқа болады да екі күннен үш жетіге дейін созылады. Әлсіздік, терлегіштік, тәбетінің төмендеуі, ұйқысынын бұзылуы байкалады және қанда өзгеріс болады. Үшінші кезең - өте жоғары мөлшерде сәуле алғанда сәуле ауруының асқыну кезеңі басталады. Аурудың температурасы көтеріліп, ішіне қан құйылады, жаралар пайда болады, бадамша безі асқынып, баспа ауруы пайда болады. Үш-төрт жетіден кейін шаштары түседі, қан ұюы бүзылады да жұқпалы аурулар дами бастайды (өкпенің кабынуы, дизентерия, іш өту, каннын бұзылуы, т.б.). Төртінші кезең - сәуле ауруыньщ жеңіл түрі, бұл осы кезеңде ауру жазыла бастайды. Ауыр түрі болса, онда жануар бірінші кезеңде өліп кетеді. Орташа және ауырлау түрінде жагуардың жазылуы бірнеше айға созылып қан азаяды, қан кысымы көтеріледі және организмнің әлсіздігі байкалады
Жіті радиациялық зақымданудың түрлері.
Жіті радиациялық зақымдану келесі түрде жіктеледі:
Сәулелену түріне байланысты (гамма-нейрондық, бетта, альфа)
Орналасу көзіне байланысты (ішкі және сыртқы)
Дене аумағында мөлшердің таралуы бойынша (біркелкі, біркелкі емес, жергілікті)
Мөлшерінің уақытқа байланысты таралуы (ұзақ және қысқа)
Сәулелік жарақаттану:
Сіңірілген сәулелік доза белгілі бір толеранттылықтан жоғары болса, соған байланысты жергілікті сәулелік жарақаттану да жиі байқалады. Энергияның маңыздылығы 1960-жылдардағы рентгенотерапияның (180-200 кв) мысалдарында жақсы көрінеді, сол жағдайда ең көп сіңірілген дозаның мөлшері теріге келеді, сондықтан да ауруларда сәулемен емдеу терапиясын жүргізген, сәулеленген жерлерде жергілікті сәулелік жарақаттанулар байқалған. Соңғы жылдары емдеу тәжірибесіне мегавольттық сәулеленуді енгізген соң , терінің сәулелік жарақаттанулары біршама төмендеген.
Сәулелік жарақаттануларды сәулеленген жердің аймағына дамыған, сәулелік терапия кезінде қолдануды 2-ге бөліп қарастыруға болады:
*ерте дамитын сәулелік аурулар
*кеш дамитын сәулелік аурулар
Сіңірілген сәулелік доза мен бірге сәуленің әсер ету ұзақтығы маңызды орынға ие болады. Неғұрлым сәулемен емдеуден кейін көп уақыт өтсе, соғұрлым жергілікті жарақаттанулар пайда болу мүмкіндігі жоғарылайды. Осы жағдайға байланысты мысал келтіруге де болады. Атап айтқанда, рентгеноэпиляциядан кейін 20-25 жыл өткен соң, бас терісінің жарақаттануы, бұған себеп болған трихофития, сәулелік дозасы 400-600 рентген.
Ауруларға жүргізілген функционалды және морфологиялық зерттеулер нәтижесі бойынша келесі потогенетикалық өзгерістерді анықтауға болады:
1)Тік сәулелену нәтижесінде сәулеленген тіндердің жасцшаларында дегенеративті және деструктивті процессердің дамуы орын алса, жоғары дәрежелі сәулелендіруді қолдану кезінде ол сәулеленетін тіндердің төзімділігінен жоғары болса, онда ерте жедел сәулелік некроз дамиды, кейіннен созылмалы түріне айналуы мүмкін. Бастапқы кезеңдерінде ұсақ қан тамырлардың жарақаттануы кездессе, кейіннен морфологиялық өзгерістер байқалып, бұл өзгерістің салдарынан ұсақ қан тамырларында қысым көтеріліп, микроциркуляция процесінің бұзылуына әкеледі.
2)Сәулелендіру дәрежесі жоғары болған сайын оның даму кезеңдері де қысқа болады. Осы сәулелік жарақаттанулар нәтижесінде пайда болатынмаңызды факторлардың бірі жергілікті тіндерде морфологиялық өзгерістердің өсіп дамуы. Мысал ретінде кеш дамитын сәулелік терінің қабынуынан кейін, оның сәулелік жараға айналатынын келтіруге болады. Тіптен ауыр асқынулар нәтижесінде осы жара қатерлі ісікке айналуы мүмкін.
3) Сәулеленуден зақымдалудың ауыр түрі құрғақ дерматиттен басталып, ерте сәулелі наркозға өседі. Осындай жағдайда, емге аппликация әдісі қолданады, ол үшін 10% димексид сұйықтығын, ауру сезімін босататын майлар «Левозин», «Ируксол», «Олоазол» майларын қолданады. Кілегейлі қабықтың сәулелі реакциялары қуыс ағзаларда дамиды. Олардың радиосезімталдығы гистологиялық құрылымға тәуелді болатын қуысты ағзалар. Мысалы: жұмсақ тіндер,кілегейлі қабық, таңдай доғасы, мүйізделмеген эпителий сәулеленуге жоғарғы сезімдік әсер алады. Науқасқа ауыр тиетін және ауру сезімі қатты болатын кез сәулелі жара болып саналады. Кеш сәулелі зақымданудың асқынуы атрофиялық дерматиттен, кеш сәулелі жараға өседі.
4)Кілегейлі қабықтың сәулелі реакциялары қуыс ағзаларда дамиды. Олардың радиосезімталдығы гистологиялық құрылымға тәуелді болатын қуысты ағзалар. Мысалы: жұмсақ тіндер,кілегейлі қабық, таңдай доғасы, мүйізделмеген эпителий сәулеленуге жоғарғы сезімдік әсер алады. Науқасқа ауыр тиетін және ауру сезімі қатты болатын кез сәулелі жара болып саналады.
Мысалы: Сәулелік индурация және атрофия терінің шет аймағында телеангиэктазия.
5) Теріден және ішкі ағзалардың сәулелі зақымдануын анықтау қиынға соғады. Анамнез жинағында сәулелі трапецияның жүргізілгені, жинақталған дозаның көлемін, патологиялық процестің локализациясын, рентген көрінісін айғақтап сәулелі зақымдалу диагнозын қою керек. Сәулелі зақымдалу магистральды қантамырларының және лимфатикалық қантамырларының аймақтық сәулелендірудің әсерінен орын алады.Көбіне осындай зақымдар қолтық асты немесе шап, мықын аймақтарында және жоғарғы-төменгі қол-аяқ сүйектерінде ісік процесі дамиды.Мысалы: Сәулелік индурация және атрофия терінің шет аймағында телеангиэктазия.
Достарыңызбен бөлісу: |