Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары


Ауа жинағыштарға және газ жинағыштарға қойылатын талап



бет3/5
Дата12.06.2016
өлшемі369 Kb.
#131118
1   2   3   4   5

10. Ауа жинағыштарға және газ жинағыштарға қойылатын талап
185. Компрессор қондырғысында сығылған газ қысымының пульсациясын тегістеу үшін ауа жинағыштар немесе газ жинағыштар (буфер ыдыстары) қарастырылуы тиіс.

186. Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды дайындау (ауа жинағыштарды) «Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар қауіпсіздігі туралы» Кедендік одақтың 2013 жылғы 2 шілдедегі № 41 техникалық регламенті талаптарына сәйкес жүргізіледі.

187. Жалпы тағайындалған ауа компрессорларының ауа жинағыштары, газ жинағыштары көлемі дайындаушымен немесе компрессорлық станция жобасымен анықталады.

188. Ауа жинағыш немесе газ жинағыш компрессор станциясы ғимаратынан тыс іргетасқа орнатылуы тиіс және қоршалуы тиіс.

189. Ауа жинағыштар немесе газ жинағыштар арасындағы ара қашықтық кемінде 1,5 метр болуы тиіс, ауа жинағыш немесе газ жинағыш және ғимарат қабырғасы арасындағы ара қашықтық кемінде 1 метр.

Қоршау ауа жинағыштан немесе газ жинағыштан кемінде 2 метр ара қашықтықта жүру немесе өту жағына орнатылуы тиіс.

Ауа жинағыш немесе газ жинағыш қоршауының биіктігі кемінде 1 метр болуы тиіс.

190. Ғимарат ішіне ауа жинағыш, газ жинағыш орнатуға жол берілмейді.

Жекелеген жағдайларда жайларда компрессор агрегатына құрылымдық кіріктірілген гидроаккумуляторларды және ауа жинағыштарды, станокты немесе басқа технологиялық жабдықты орнатуға болады.

191. Бір ауа жинағышқа, газ жинағышқа айдау желілерінде кері клапандарды және бекіту арматурасын орнатумен бірнеше компрессорларды жалғауға болады (көмір шахталарынан басқа). Бекіту арматурасының алдында сақтандыру клапандары орнатылады.

192. Ауа жинағыштар немесе газ жинағыштарды профилактикалық және кезеңдік ішкі тексерулер және жөндеу жүргізу үшін олардың әрқайсысының желіден ажыратылу мүмкіндігі қарастырылады.

193. Әрбір ауа жинағыш, газ жинағыш тар жол немесе люкпен, пайдаланылған май мен конденсатты шығару үшін төменгі нүктеде жіберу кранымен, сақтандыру клапанымен, қарауға ыңғайлы орында орнатылған үш жүрісті краны бар манометрмен жабдықталуы тиіс.

194. Ауа жинағышқа, газ жинағышқа, манометр мен сақтандыру клапанына қызмет көрсету, бақылау және жөндеу ыңғайлы болуы үшін алаңдар мен сатылар қарастырылуы тиіс.

195. Ауа жинағыш немесе газ жинағыш оны пайдаланылған май немесе конденсаттан автоматты немесе қолмен желдендіру құрылғысымен жабдықталуы тиіс.

196. Автоматты үрлеу болмаған кезде ауа жинағыштар немесе газ жинағыштарды қолмен үрлеп тазарту шеткі тоңазытқыштар және майдан айырғыш болған кезде ауысымына кем дегенде бір рет және олар болмаған кезде дайындаушының пайдалану жөніндегі нұсқаулығымен немесе технологиялық регламентпен үрлеудің неғұрлым қысқа мерзімі қарастырылмаса, ауысымына кем дегенде екі рет жүргізілуі тиіс.

Пайдаланылған май және конденсат ғимарат қабырғалары мен қоршаған аумақтың ластануына жол бермейтін жинағыштарға шығарылуы тиіс.

197. Статикалық электр зарядын түзетін ұсақталған шаң және қақпен ауа немесе инертті газды сору кезінде газ жинағыштар, ауа жинағыштар және құбыр өткізгіштерде май мен май тұнбаларының тұтануын болдырмау үшін оларды жерге тұйықтау қамтамасыз етіледі.

198. Жермен тұйықтау құрылғысының кедергісін өлшеу кем дегенде жылына бір рет жүргізіледі. Кедергі өлшемдерінің нәтижелері хаттамамен ресімделеді және жермен тұйықтаушы құрылғының паспортына жазылады.

199. Әрбір ауа жинағышта немесе газ жинағышта тақта ілінуі тиіс немесе тіркеу номері, рұқсат етілетін жұмыс қысымы, келесі сыртқы және ішкі бақылау жүргізу, гидравликалық сынау жүргізу күні (күні, айы, жылы) көрсетілген жазу жазылады.

11. Сығылған ауаны кептіру қондырғылары
200. Шеткі тоңазытқыштардан басқа, компрессорлар ауаны тереңнен кептіру үшін арнайы кептіру қондырғыларымен жабдықталады.

201. Тоңазытқыш қондырғылар көмегімен ылғалды қатыру әдісімен жұмыс істейтін кептіру қондырғылары компрессорлық қондырғылардан оқшауланған жайларда орналастырылуы тиіс.

202. Ылғалды қатты сорбенттармен сіңіру әдісімен және улы емес және жарылыс қауіпсіз хладагенттерді қолданумен жұмыс істейтін кептіру қондырғыларын компрессорлық қондырғының машина залында орналастыруға рұқсат етіледі.

203. Тоңазыту машиналарында улы емес және жарылыс қаупі жоқ хладагенттерді қолдану кезінде кептіру қондырғыларын машина залында орналастыруға болады.



12. Құбыр өткізгіштер және цех ішілік айдау құбыр өткізгіштері
204. Құбыр өткізгіштер (ауа өткізгіштер, газ өткізгіштер) және компрессорлық станция құрамына кіретін ыдыстар (ауажинағыштар, газ жинағыштар, май ылғал айырғыштар және басқа да ыдыстар) қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін өнеркәсіптік қауіпсіздіктің нормативтік актілерінде айқындалған тәртіпте пайдалануға қабылдануы тиіс.

205. Құбыр өткізгіштерді монтаждауды ғимарат қабырғалары бойымен, эстакадалар және арналарда (туннельдерде) жүргізуге болады.

Қабырғалар арқылы өтетін құбыр өткізгіштер бөліктері сақтандыру құбырларына (қаптама) салынады.

Арналар өлшемдері қарау және жөндеу жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

206. Құбыр өткізгіштерде құбыр өткізгіштің температуралық деформациясынан (созылу, сығылу) дәнекерленген және ернемекті қосылыстардың бітеулігін жоюды алдын алатын орнын толтыратын құрылғылар монтаждалуы тиіс.

207. Салмақ түсірілетін бағаналар мен эстакада құрылымының элементтері құбыр өткізгіш діріліне жол бермеуі тиіс.

Құбыр өткізгіштер тіректері температуралық деформация кезінде оның элементтерінің ауысуын қамтамасыз етуі және ауа құбыры немесе газ құбыры және барлық көмекші құрылғылардың салмағын ұстап тұру беріктігін кепілдендіруі тиіс.

Құбыр өткізгіштер отқа төзімді немесе жанбайтын конструкцияларда бекітілуі тиіс.

208. Құбыр өткізгіштер және арматураны монтаждау жапсарлы пісірумен жүргізіледі. Пісірумен жалғау мүмкіншілігі болмайтын бөлек жағдайларда ернемекті қосылыстарды қолдануға рұқсат етіледі.

209. Ернемекті қосылыстар үшін төсеме материалдары ретінде ылғалдың, майдың және температураның әсеріне төтеп бере алатын (паронит, асбест, тағы сол сияқты) материалдар қолданылуы тиіс.

210. Картон, резеңке және басқа да жанғыш немесе шіритін төсемелерді қолдануға жол берілмейді.

211. Жер асты қазбаларында төселген құбыр өткізгіштер бөліктері және ернемекті қосылыстарды тығыздау үшін жану температурасы 350°С төмен емес арнайы жылу және майға тұрақты резеңкеден жасалған төсемдер қолданылуы тиіс. Резеңке төсемдер орталықтандырылған тәртіпте дайындалуы тиіс және айырықша таңбасы болуы керек.

212. Таңбасы жоқ резеңке төсемдерді пайдалануға жол берілмейді.

213. Сыртқы құбыр өткізгіштерді орнату кезінде олардың ішінің қатып қалуына жол берілмеуі керек, жылудан оқшаулағыш қолданылады.

214. Конденсат пен пайдаланылған май жиналуы мүмкін құбыр өткізгіштердің жекелеген бөліктерінде автоматты немесе қолмен үрлеуі бар тізбекті май ылғал айырғыштар орнатылуы тиіс.

Үрлеуге арналған құрылғылар қызмет көрсету үшін қол жетерлік болуы тиіс.

Үрлеу құрылғысы қатып қалған жағдайда оны жылыту үшін ыстық су, бу немесе ыстық ауаны қолдануға рұқсат етіледі.

Жылыту үшін ашық отты пайдалануға жол берілмейді.

215. Автоматты үрлеу құрылғысы болмаған кезде желілік май ылғал айырғышты үрлеу ауысымына кем дегенде екі рет қолмен жүргізіліп, компрессорлық қондырғы жұмысын есепке алу журналында белгіленеді.

216. Құбыр өткізгіштер желілік май ылғал айырғыштар жағына қарай 0,003 градус еңіспен қиғашталып төселеді.

217. Құбыр өткізгіштерде конденсат пен пайдаланылған майдың жиналуына ықпал ететін өлі аймақтардың (бітеу ойықтар, бітеу штуцерлер, тағы сол сияқты) болуына жол берілмейді.

218. Құбыр өткізгіштерде орнатылған арматура ыңғайлы және қауіпсіз қызмет көрсету мен жөндеу жүргізу есепке алынып монтаждалуы тиіс.

219. Вентильдер, ысырмалар, крандар, клапандар ақаусыз күйде ұсталуы және сығылған газды беруді тез тоқтату мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

Арматура сермерлері шпиндельдерде тығыз бекітілуі тиіс. Вентильдер, ысырмалар, крандар, клапандар және оларға келетін жетектерге мынадай жазбалар жазылады:

1) құбыр өткізгіштердің орындау сұлбаларына сәйкес келетін бекіту және реттеу органның нөмірі және шартты белгісі;

2) сермердің айналу бағытын «ж» жабық және «а» ашық бағытына көрсеткіш (бағдарша).

220. Жылу беретін аппараттарға жақын тартылған құбыр өткізгіш жылудан оқшауландырылған болуы тиіс.

221. Құбыр өткізгіштер электр кабельдеріне, электр өткізгіштерге және электр жабдықтарына дейін кемінде 0,5 метрге тартылады.



13. Техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру
222. Компрессорлық станцияларды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін дайындаушы нұсқаулықтарына және осы Қағидалар талаптарына сәйкес мынадай жұмыс түрлерін жүргізу үшін технологиялық регламенттер әзірленуі тиіс:

1) стационарлық компрессорлық қондырғыларға қауіпсіз қызмет көрсету;

2) аралық және соңғы тоңазытқыштарды, май ылғал айырғыштарды, ауа жинағыштарды, газ жинағыштарды, айдау құбыр өткізгіштерін (цех ішілік және сыртқы) тазалау (жуу);

3) манометрлердің, сақтандыру клапандарының, автоматты бақылау, басқару, дабыл беру және қорғаныс құралдары әрекетінің ақаусыздығын тексеру және пайдалану;

4) цилиндрлерді және компрессорлардың клапан қораптарын күйік түзілуден тазалау және тексеру;

5) жиналған шаңнан ауа сүзгілерін тазалау және тексеру;

6) қақтан, тұнғыдан және басқа да ластанулардан сығылған ауа немесе инертті газдың суыту жүйесін (цилиндрлер қабығын, аралық және шеткі тоңазытқыштарды) тазалау;

7) компрессорлық қондырғы ыдыстарын және айдау құбырларын техникалық куәландыруға дайындау;

8) компрессорлық қондырғы ыдыстарын құбыр өткізгіштерді бітеулігіне пневматикалық сынақ жүргізу;

9) сақтандыру клапандарын тексеру, жөндеу, реттеу және пломбылау.

223. Пайдаланатын ұйым иесінің немесе басшысының бұйрығымен (өкімімен) компрессорлық станцияны және қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалануды қадағалау бойынша жауапты тұлғалар, компрессорлық станция және қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың ақаусыз күйіне жауапты тұлғалар өндірістік бақылау туралы ережеге сәйкес тағайындалуы тиіс.

224. Компрессорлық қондырғыларға өздігінен қызмет көрсетуге персоналды жіберу ұйым бойынша бұйрықпен (өкіммен) ресімделуі тиіс.

225. Компрессорды іске қосар алдында машинист қондырғыны тексеруі тиіс, оның ақаусыздығына көз жеткізу керек, майлау және суыту жүйесін тексеру керек және технологиялық регламентке сәйкес іске қосуы керек.

226. Компрессорлық қондырғы жұмысы кезінде мыналар бақылануы керек:

1) әрбір сығу сатысынан кейін сығылған газдың қысымы және температурасы;

2) аралық және шеткі тоңазытқыштардан кейін сығылған газ температурасы;

3) компрессорлар цилиндрлерінің қабығына, аралық және шеткі тоңазытқыштарға суыту суының келуінің үздіксіздігі;

4) нүктелер бойынша суыту жүйесіне келетін және кететін суыту суының температурасы;

5) компрессор жүйесіндегі май қысымы және температурасы;

6) статор тоғы, ал ілеспе электр жетегі кезінде электр қозғалтқышы роторының тоғы күшінің өлшемі;

7) лубрикаторлар жұмысының ақаусыздығы және олардағы май деңгейі.

227. Аспаптар көрсеткіштері технологиялық регламентпен белгіленген уақыт аралығында жазылып тұрады, оларды компрессорлық қондырғы жұмысын есепке алу журналына кем дегенде екі сағат сайын жазып отыру керек.

228. Осы журналға мыналар жазылады: компрессорды қосу және тоқтату уақыты, тоқтату себебі, ақаулар мен кемістіктері, сақтандыру клапандары мен манометрлер, автоматты бақылау, басқару, дабыл беру және қорғаныс құралдары әрекетінің ақаусыздығын тексеру жүргізу уақыты және нәтижелері, конденсат пен пайдаланылған майды май ылғал айырғыштардан, ауа жинағыштардан, газ жинағыштардан, және басқа да ыдыстардан ағызуды және желдендіруді жүргізу; сүзгілерді жоспардан тыс тазарту.

229. Компрессорлық қондырғы жұмысын есепке алу журналы компрессорлық станцияның және қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың ақаусыз күйіне жауапты тұлғамен тәулік сайын тексеріледі және қол қойылады.

230. Компрессор мынадай жағдайларда тоқтатылады:

1) дайындаушының пайдалану жөніндегі нұсқаулығымен қаралса;

2) егер компрессордың кез келген сатысында айдау тізбегінде манометр қысымы рұқсат етілетін шамадан артық көрсетсе;

3) қозғалыс механизмін майлау жүйесінің манометрі төменгі шектің рұқсат етілетін шамасынан төмен қысым көрсетсе;

4) суыту суын беру кенеттен тоқтап қалса немесе суыту жүйесінің басқа да авариялық бұзылуы кезінде;

5) егер компрессорда немесе электр қозғалтқышта соққылар мен тарсыл естілсе немесе олардың бұзылуы анықталса;

6) егер сығылған ауа температурасы дайындаушы нұсқаулығында белгіленген шекті рұқсат етілген нормадан жоғары болса;

7) өрт кезінде;

8) компрессор немесе электр қозғалтқыштан күйік немесе түтін иісі пайда болған кезде;

9) компрессор немесе электр қозғалтқышының, басқа да тораптардың дірілі айтарлықтай ұлғайғанда;

10) егер тарату қалқанындағы электр аспаптары электр қозғалтқышының шамадан тыс жүктелгенін көрсетсе.

231. Компрессорды авариялық тоқтатқаннан кейін оны қосу компрессорлық станция және қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалануды қадағалау бойынша жауапты тұлға рұқсатымен жүргізілуі тиіс.

232. Қысымда болатын құбыр өткізгіштер және жабдықтарды жөндеуге және тазалауға жол берілмейді.

233. Жұмыс істеп тұрған компрессорларды (толық автоматтандырылғандардан басқа) оларға қызмет көрсетуге жіберілген тұлғалардың қадағалауынсыз қалдыруға жол болмайды.

234. Кезекшілік кезінде компрессорлық станция машинисіне компрессор қондырғысына қызмет көрсетумен байланысы жоқ жұмыстарды орындауды тапсыруға болмайды.

235. Компрессорлық қондырғы жабдықтарын үздіксіз сыртқы бақылау, оның сыртқы бетін шаң мен кірден сүрту және тазалау жүргізілуі керек. Май және судың ағуына, әсіресе майдың іргетасқа түсуіне жол берілмейді. Анықталған кезде ағу себептері дереу жойылады.

236. Ауа сүзгілері компрессорлық қондырғыны пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен қарастырылған мерзімде тексерілуі тиіс. Сүзгіде ауаның өту кедергісі мәні 50 мм су бағанадан аспауы тиіс, егер де дайындаушымен басқа кедергі өлшемі көрсетілмесе. Үлкен кедергі кезінде сүзгі тазартылады.

14. Құбыр өткізгіштерді (ауа құбырлары, газ құбырлары)
және ыдыстарды техникалық куәландыру

237. Ыдыстар мен құбыр өткізгіштер оларды пайдалану барасында мынадай техникалық куәландырудан өтуі керек:

1) сыртқы қарау;

2) ішкі қарау (пайдалану барысында);

3) гидравликалық сынау.

Техникалық куәландыруды жүргізу көлемі, әдістері және кезеңділігі Үкіметтің қаулысымен бекітілген Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

238. Ыдыс немесе құбыр өткізгіш оларды кезекті техникалық куәландырудан өткізу үшін паспорттарында көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей тоқтатылуы тиіс.

239. Жаңадан монтаждалған айдау құбыр өткізгішін сыртқы бақылау кезінде жобаға сәйкестігі тексерілуі тиіс: тіректер, компенсаторлар, арматура, құю, үрлеу және дренаж құрылғысы, бақылау-өлшеу құралдары, сақтандыру құрылғылары және тағы сол сияқты орналасуы.

240. Барлық пісіру қосылыстары қаралуы керек. Қарау кезінде мынадай беттік ақаулар анықталуы мүмкін: жарықшақтар, жырықтар, тіліктер, күйіктер, пісірілмей қалған кратерлер, шикі пісірілімдер, кеуектілік, сынықтар және жалғанатын элементтер осьтерінің перпендикуляр болмауы, жиектердің ығысуы, тігіс формалары өлшемдерінің жобалау өлшемдерінен ауытқуы және басқа да технологиялық ақаулар.

241. Пісірілген қосылыстардың сапасын бақылау әдістері, көлемі және кезеңділігі (бақылаудың бұзылмайтын әдістері, механикалық сынақтар, металлографиялық зерттеулер) жобалау ұйымымен анықталады және компрессорлық станция жобасында көрсетіледі.

242. Жаңадан монтаждалған құбыр өткізгіштер оқшаулауды салғанға дейін сыртқы және ішкі бақылаудан және гидравликалық сынаудан өтуі тиіс.

243. Компрессорлық қондырғыны пайдалану барысында ашық тәсілмен немесе өту және жартылай өту арналарында төселген құбыр өткізгіштерді кезеңдік сыртқы бақылау оқшауландырғышты таңдап аршумен жүргізілуі тиіс.

244. Компрессорлық қондырғыны кезеңдік сыртқы бақылау кезінде мыналар тексеріледі:

1) компрессор мен электр қозғалтқышының күйі;

2) электр аппаратурасы және жермен тұйықталуы;

3) майлау және суыту жүйесінің ақаусыздығы;

4) аралық және шеткі тоңазытқыштар, ыдыстар (май ылғал айырғыштар, ауа жинағыштар, газ жинағыштар);

5) айдау құбыр өткізгіштері (ауа құбырлары, газ құбырлары);

6) үрлеу және дренаж құрылғылары;

7) бақылау-өлшеу құралдары, автоматты бақылау, басқару, дабыл беру, қорғаныс құралдары;

8) сақтандыру және кері клапандар;

9) бекіту және реттеу арматурасы (вентильдер, ысырмалар, крандар);

10) бұрандалы қосылыстарды тарту дәрежесі;

11) ернемек және бұрандалы қосылыстардың ақаусыздығы (термометрлер үшін гильзалар орнату, манометрлер, үш жүрісті крандар және тағы сол сияқтыларды жалғау);

12) техникалық құжаттар және олардың құрамы (паспорттар, өндірістік бақылау туралы ереже, журналдар, сұлбалар, актілер, сызбалар, хаттамалар және тағы сол сияқтылар).

245. Егер сыртқы қарау кезінде адамдар өміріне қауіп төндіретін ақаулар немесе осы қағидаларды және Үкіметтің қаулысымен бекітілген қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бұзулар анықталса, онда компрессорды тоқтату керек, ақауларды және қауіпсіздік ережелерін бұзуды жою бойынша шаралар қолдану керек.

246. Компрессорлық қондырғыны сыртқы қарау нәтижелері актпен ресімделуі тиіс.

247. Құбыр өткізгішті ішкі қарау ернемек арқылы жалғанған қосылыстарды бөлшектеу, ысырмалар мен вентильдерді алу, бөлек телімдерді кесу жолымен таңдалып жүргізіледі, бекіту және реттеу арматурасы және бекітпені тексеру қатар жүргізіледі.

248. Ішкі және сыртқы қарау жүргізудің мақсаттары:

1) бірінші реттік куәландыру кезінде айдау құбыр өткізгіш осы Қағидаға, тіркеу кезіндегі ұсынылған актілер мен жобаға сәйкес дайындалған және монтаждалған, сонымен қатар құбыр өткізгіш пен оның элементтерінің пісірілген қосылыстарында зақымданулар мен ақаулардың жоқтығын тексеру;

2) кезеңдік және кезектен тыс куәландыру кезінде құбыр өткізгіштің ақаусыздығын, қабырғалардың ішкі беттерінде май қалдықтарының жоқтығын және әрі қарай пайдаланудың сенімділігін бекіту.

249. Құбыр өткізгішті ішкі және сыртқы қарау кезінде анықталған ақаулар, жарамсыздықтар жойылуы тиіс.

Құбыр өткізгішті ішкі қарау нәтижелері, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының қолданыстағы нормаларының шектерінен асатын ақаулар анықталмаса, қанағаттандырарлық деп саналады.

250. Ішкі қарау нәтижелері мынадай ішкі бақылау жүргізу мерзімі көрсетілген құбыр өткізгіш паспортына жазылуы керек.

251. Жұмысқа жарамсыз күйде 12 айдан артық тұрған құбыр өткізгіштерге сыртқы және ішкі бақылау жүргізген кезде мыналар тексеріледі:

1) консервация тәртібінің сақталуына бақылау жүргізуді жүзеге асыру;

2) іріктеу тәртібімен - құбыр өткізгіштердің ішкі беттерінің күйі (ернемекті қосылыстарды бөлшектеу, ысырмалар мен вентильдерді алу, бөлек телімдерді кесу жолымен);

3) оқшауландырғыш күйі, қарау нәтижелері негізінде оқшауландырғышты жартылай немесе толығымен оқшаулау мақсаттылығы туралы шешім қабылданады.

252. Құбыр өткізгішті гидравликалық сынау тек сыртқы және ішкі қарау қанағаттандырарлық нәтижелер көрсеткенде ғана жүргізілуі керек.

253. Құбыр өткізгіштердің, олардың пісірілген және басқа да қосылыстарының беріктігі мен тығыздығын тексеру мақсатында гидравликалық сынаудан құбыр өткізгіштерді пайдалану барысында, монтаждау аяқталғаннан кейін орнатылған арматурамен және барлық элементтерімен құбыр өткізгіштер өтеді. Бірінші реттік куәландыру кезінде құбыр өткізгіштерді, егер олардың пісірілген қосылыстары ультрадыбыспен 100% бақылаудан немесе жапсарлардың барлық бойы бойынша бұзылмайтын дефектоскопия әдісіне тең басқа тәсілмен бақылаудан өтсе, гидравликалық сынау міндетті емес.

254. Құбыр өткізгіштерді гидравликалық сынау барлық пісіру жұмыстарын аяқтап, тіректер мен аспаларды соңғы орнатқаннан кейін жүргізілуі керек. Сонымен қатар орындалған жұмыстардың сапасын растайтын құжаттар ұсынылу керек.

255. Сыналатын құбыр өткізгіштің барлық биіктегі нүктелерінде оны сумен толтыру кезінде ауаны шығару қарастырылуы керек. Құбыр өткізгіш диаметрі мен ұзындығына байланысты диаметрі 14-38 мм вентильдерге орнатылған штуцерлер құбырына пісірілген уақытша ауа өткізгіштер орнатылады. Құбыр өткізгіштерде ауаның болуы гидравликалық сынау жүргізуге мүмкіндік бермейді.

256. Гидравликалық сынау жүргізу үшін температурасы +5°С төмен емес және +40°С жоғары болмайтын су қолданылады.

257. Құбыр өткізгіштерді гидравликалық сынау қоршаған орта температурасы қалыпты болған кезде жүргізілуі тиіс.

258. Құбыр өткізгіштегі қысымды баяу көтеру керек. Қысымды көтеру үшін сығылған ауаны қолдануға болмайды.

259. Сынау кезінде қысымды екі манометрмен бақылау керек. Сонымен қатар бір типті, дәлдік класы мен өлшеу шегі бірдей және шкаланың бөлу бағасы бірдей манометр таңдалып алынады.

260. Құбыр өткізгіштерді гидравлкалық сынау кезінде сынама қысымының ең кіші шамасы жұмыс қысымының 1,25 құрауы тиіс, бірақ 0,2 МПа (2 кгс/см2) төмен емес. Құбыр өткізгіштің ажырамас бөлігі болып табылатын ыдыстар құбыр өткізгіш сыналатын сынама қысыммен сыналады.

261. Құбыр өткізгіш пен оның элементтерінің сынама қысымда ұстап тұру уақыты кемінде 10 минут.

262. Сынама қысымды жұмыс қысымына түсіргеннен кейін құбыр өткізгіш барлық ұзындығы бойынша мұқият бақыланады, ал дәнекерленген қосылыстар салмағы 1,5 кг артық емес балғамен тарсылдатып тексеріледі.

263. Гидравликалық сынау кезінде қоршаған ауа мен металл температураларының әртүрлілігі сыналатын құбыр өткізгіштердің бет жақтарына ылғал өтуін тудырмау керек. Гидравликалық сынақ алу үшін қолданылатын су құбыр өткізгіштерді ластамайды және қарқынды тоттануды тудырмайды.

264. 3 м астам биіктікте орнатылған құбыр өткізгішке гидравликалық сынақ жүргізу үшін қоршауы бар көпірше немесе құбыр өткізгішті қауіпсіз қарау мүмкіндігін қамтамасыз ететін басқа құрылғы қойылу керек.

265. Құбыр өткізгіш және оның элементтерінде мыналар анықталмаса гидравликалық сынаққа төзімді деп есептеледі:

1) негізгі металл мен пісіру қосылыстарында ылғал мен ағулар;

2) пісіру жапсарлары мен термиялық әсер аймақтарында барлық түрлер мен бағыттардағы жарықшақтар;

3) көрініп тұрған қалдық деформация.

266. Гидравликалық сынақ нәтижелерін және құбыр өткізгіштерді (ауа өткізгішті, газ өткізгішті) рұқсат етілетін қысымды және кейінгі техникалық куәландыру мерзімдерін (сыртқы және ішкі бақылау, гидравликалық сынақ күні, айы, жылы) көрсетумен әрі қарай пайдалану мүмкіндігі туралы қорытындыны құбыр өткізгіштің паспортына жазу керек.

267. Егер құбыр өткізгішті техникалық куәландыру кезінде оның авариялық жағдайда екендігі анықталса немесе оның беріктігіне күмән келтіретін күрделі ақау бар болатын болса, онда құбыр өткізгіш одан әрі пайдалануға жіберілмейді, ал паспортта техникалық куәландыруды жүргізген тұлғаның барлық ескертулері көрсетілген сәйкес жазба қалдырылады.

268. Құбыр өткізгішті тығыздыққа (саңылаусыздыққа) сынау жұмыс қысымына тең қысымда сәйкес ауа немесе инертті газбен жүргізіледі. Құбырды сынауды ұйымдастыруды ұйымның иесі немесе пайдаланатын ұйым жетекшісі жүргізуі тиіс.

269. Құбыр өткізгіштерді тығыздыққа сынау нәтижелері актпен ресімделеді және компрессорлык станция және қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың ақаусыз жағдайына жауапты тұлға құбыр өткізгіштің паспортына жазады.

270. Егер сынау кезінде манометр бойынша қысымның түсуі жүргізілмесе, ал дәнекерленген тігістерде, құбырларда, корпустарда, арматурада және тағы басқа жарылу, ағу және тершу белгілері байқалмаса сынақ нәтижелері қанағаттанарлық болып есептеледі.

271. Өтпейтін каналдарда тартылған құбыр өткізгіштер қысымның түсуі бойынша сыналады.

272. Сыртқы ауаның минустік температурасы кезінде гидравликалық сынақ су температурасы +40°С жоғары болмайтын ыстық сумен, кейіннен сынаудан кейін оны ағызумен жүргізілуі керек.

273. Дәнекерленген қосылыстар сапасын бақылау әдістері, көлемі және кезеңділігі (бақылаудың бұзылмайтын әдістері, механикалық сынақтар, металлографиялық зерттеулер және сол сияқтылары) жобалық ұйыммен анықталады және жобада көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет