Конкурс научно-исследовательских работ Қазақстандағы металлургияның даму тарихы



бет3/17
Дата12.04.2024
өлшемі127.86 Kb.
#498510
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Қазақстандағы металлургияның дамуы (копия)

Ежелгі металлургия
Темір өндірісі біздің заманымызға дейін VIII—VII ғасырларда пайда болған. Металлургияның дамуы мыс пен полиметалл, алтын мен күміс кен орындарын игеру кезінде кендерден металдарды балқытып алу шеберлігіне байланысты алынған.
Ежелгі металлургтер көптеген әр түрлі құралдарды пайдаланды. Тау-кен өндірісінің тас құралдарына келсек, бұл кен мен тау жыныстарын қопаруға арналған салмағы 40 кг-ға дейінгі қуатты шой балғалар, кен кесектерін уатып-ұсақтауға арналған ірі тас балғалар, салмағы 10 кг-ға дейінгі сына пішіндес тас қайлалар немесе кенді уатуға арналған шоттар. Одан әрі кен шикізаттарын уақтап-балқытуға арналған анағұрлым жеңіл түрдегі қол балталар, балғалар мен келсаптар пайдаланылды. Құралдардың едәуір бөлігі кенді қоспалардан тазартып, сұрыптауға арналды.
Әрі қарай металды кеннен балқытып алу кезеңіне келейік. Кеннен алдын ала балқыту арқылы қоспа алынды. Балқыту үшін шахта пеші пайдаланылды. Оның құрылысы дөңгелек немесе тікбұрыш пішінді шахта болып келеді де, жоғары жағына кен қоспасы мен отынды толтыра салып, ал төменгі бөлігіндегі тесік арқылы ауа үрлейді. Ауаны жіберу екі нұсқа арқылы жүзеге асырылады: 1) отқа төзімді саздан жасалған түтік арқылы; 2) шеңберлі түтік арқылы. Ежелгі мыс балқыту өндірісінде кен балқыту "тигель" өдісі арқылы жүзеге асырылды (тигель — отқа төзімді материалдан металл қорытуға арналып жасалған ыдыс), өйткені пешке балқыған мыс тигельде жиналды. Бұлайша балқыту 450 -қа дейінгі температурада өте қарапайым түрде жүзеге асырылды. Алынған мыс төменгі сапалы әрі құрамында басқа металдардың қоспалары болды. Мұндай мысты « алғашқы мыс»  деп атайды.
Металлургия өндірісін жетілдіру қорытпаларды алуға мүмкіндік берді, бірінші кезекте қола қорытпасы алынды. Қола дегеніміз—мыс пен қалайының қоспасы екені бізге мөлім. Алайда Қазақстан аумағында табылған қоладан жасалған бұйымдардағы қалайының мөлшері бірдей емес. Бұл кен орнындағы қалайының шоғырлануына да байланысты болды.
Қоланың құрамында қорғасынның, құшаланың (мышьяк), никельдің және сурьманың қоспалары кездеседі.
Ерте темір ғасыры кезеңінде Қазақстандағы тайпалар темір өндіруді игерді. Шеберлер құю технологиясының түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеріп, техникалық өңдеу арқылы бұйымдарға кез келген пішін бере алды. Жыртқыш аңдардың бейнелері салынған ат әбзелдері, таналар мен тоғалар құюшы шеберлердің қолымен жасалған. Қазақстан аумағындағы тұрақтардан табылған заттар мен құралдар үш топқа бөлінеді: қару-жарақ, ат әбзелдері және әшекей бұйымдар. (Дереккөз: Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006. — 232 бет)

Қазақстан металлургиясы – елдің халық шаруашылығының ірге тасы болып табылады. Іс жүзінде түсті металдар тұтынылмайтын бірде-бір халық шаруашылық саласы жоқ. Қазіргі кезде қара металлургия өнімдері халық шаруашылығының барлық салаларының қажеттеріне пайдаланылады. Минералдық шикізаттың ірі базасы бар Қазақстан қара металлургияның аса маңызды өнімдерін шығарады.


Қазақстан кәсіпорындары түсті, сирек кездесетін асыл металдардың қырықтан астам түрін өндіреді, осылардың негізінде және химия өнімдерінен бұйымдар жасайды. Қазақстанда өндірілетін түсті металдар дүние жүзінің көрмелеріне қойылған, қара металлургияның, ферро қорытпаның және хромит рудасының біраз мөлшері экспортқа шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет