Внедрение результатов научной работы __________________
_________________________________________________________
Подпись автора ________
Қазақстандағы металлургияның дамуы
Жоспар:
Қазақстандағы металлургияның дамуы
Металлургияның ұлы далада өңделуі
Орталық қазақстанның көне кен орындарының зерттелу тарихы
Қазақстанның дамуында ұлы ғалымның рөлі
Ұлтының ұлы перзенті
Қазақ КСР кезіндегі металлургия
Қазақ даласы – ежелгі металлургияның отаны. Тарихшылар «Ұлы жібек жолынан» бұрын «Мыс жолының» болғанын, керуеннің дәл осы Ұлытау жерінен өткенін айтады. Киелі өлкедегі Талдысай қонысы соның дәлелі. Бұл жерде ерте қола дәуірінде ата-бабаларымыз мыс балқытып, түрлі бұйымдар жасапты. Осыдан бірер жыл бұрын мұнда ғалымдарымыз шахталық тәсілмен жұмыс істейтін жер асты пештерін тапқан болатын.
«Бұл біздің жеріміздегі дала өркениетінің технологиялық тұрғыда қаншалықты қарқынды дамығанын көрсетеді», - деген болатын Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында. Қазақстан қазір де қара және түсті металлургияның қайнар көзі. Ата-бабаларымыз тек мал бағып, егін егіп қана қоймаған, металлургияны да игерген, одан бұйым жасаған.
Қазақстан аумағында тау-кен ісі мен металлургия қола дәуірінен бастап дамыды. Осы кездегі кен орындарының көпшілігі ерте темір ғасырында да кен өндіруді тоқтатқан жоқ. Ежелгі металлургия орталықтары — Орталық және Шығыс Қазақстанда болды. Орталық Қазақстандағы мыстың орасан үлкен кен орындары — Жезқазған маңында, қалайы — Атасу мен Ұлытауда болса, Шығыс Қазақстандағы мыс пен қалайының бай кен орындары Қалба мен Нарын жоталарында кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |