Конкурс научно-исследовательских работ Қазақстандағы металлургияның даму тарихы



бет14/17
Дата12.04.2024
өлшемі127.86 Kb.
#498510
түріКонкурс
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Қазақстандағы металлургияның дамуы (копия)

Оныншы бесжылдық
Тоғызыншы бесжылдыққа қарағанда, оныншы бесжылдықта металлургия саласының өнеркәсіп өнімі 17.9%, оның ішінде тазартылған мыс өнімі 20,3%, қорғасын 12,9%, мырыш 9,4% және глинозем 9,4% артады. Еңбек өнімділігі 10%-дан астам, ал пайда 32% өседі. Оныншы бесжылдықтың алғашқы 2 жылдығында республиканың қара металлургиясында өнеркәсіптік өнімі 10,7% сіп, 1,18 млрд сомаға жуық болды. Шойын құю осы уақыт ішінде 4,54 млн т болды, немесе 25,5%, болат 5.4 млн т немесе 18%, прокат 4,2 млн т немесе 9,5% және темір рудасы 23,3 млн т немесе 9,3% өсті.
Металлургия саласы өндірісінің өсуі негізінен алғанда құрылысты жүргізу, жаңа нысандарды пайдалану сондай-ақ жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды кеңейтіп, қайта құру есебінен жүзеге асырлды. Қарағанды комбинатында көптеген өндірістің күш-қуаты жаңадан арттырылды; 2-аглофабрикада жылына 2,2 млн.т агломерат беретін 3-агломашина, 1 млн.т кокс беретін 7 кокс батареясы, әк күйдіретін КС-100 пеші, 80 мың т лонжерон жолағын өндіретін агрегат және әр түрлі көмекші нысандар іске қосылды. Ермак ферроқорытпа зауытында жалпы өнімділігі 200 мың т-лық ферросплав қорытатын пеш пайдалануға берілді. Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатының фабрикасында жылына 910 мың т концентрат беретін 15-секция салынды. Донской кен-байыту комбинатында 500 мың тонна хромит рудасын өндіретін қосымша қуаттар қатарға қосылды.
Жаңа күрделі құрылыстар, өндірістік нысандары кеңейтіп қайта құру металлургия саласындағы негізгі өнеркәсіптік өндірістік қорлардың жылдық орташа құнын 18,1% арттыруға және оны 2,6 млрд сомға жеткізуге мүмкіндік берді. Мұның өзі 1970 жылғыдан 2,4 есе артық.
1970 жылдан бастап республиканың темір рудасы өнеркәсібі едәуір өсті. Бұл уақыттың ішінде темір рудасының өнімі 1,4 есе, оның ішінде оныншы бесжылдықтың алғашқы екі жылында 11% өсті, тиісінше концентрат өнімі 1,5 есе және 15,4%, агломерат 2,46 және 1,8 есе артты. КСРО-да өнідірілетін концетраттың 1/10-і, жентектің 1/4-і Қазақстанда өндірлді.
1976-1980 жылдары республикада тұңғыш рет комбинатта қыздырмай мырышталған табақ темір, қалайыланған және хромдалған қаңылтыр өндірісі игерілді. (Дереккөз: Қазақ совет энциклопедиясы. Қазақ Советтік Социалистік Республикасы. Энциклопедиялық анықтама. Алматы. 1980. 752 бет)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет