Конкурс научно-исследовательских работ Қазақстандағы металлургияның даму тарихы



бет16/17
Дата12.04.2024
өлшемі127.86 Kb.
#498510
түріКонкурс
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Қазақстандағы металлургияның дамуы (копия)

Жезқазған мыс қорыту зауыты
Жезқазған мыс балқыту зауыты – мыс өнеркәсібінің ірі кәсіпорны. Академик Қаныш Сәтбаевтың 1935 жылы «Жезқазғанның жер жүзілік маңызы бар мыс байлықтарын пайдаға асыру» («Социалды Қазақстан», 1935, 5-маусым) жолындағы ғылым ойы мен көрегендігі нәтижесінде туған идеясы негізінде 1966 жылы Жезқазғанда жаңа мыс зауытының құрылысы басталды. Ол 1971 жылы пайдалануға беріліп, сол жылдың 23 ақпанында алғашқы катод мысын берген күнінен зауыттың жаңа тарихы басталады. 1977 жылы желтоқсанда күкірт қышқылы цехының төртінші жүйесі іске қосылуымен кешеннің белгіленген барлық құрылыс аяқталып, зауыт толық қуатына көшті.
Жылына орта есеппен 250 мың тонна таза мыс өндіріледі. Негізгі өнімі - тазалығы 99,99% бағаланған катод мысы халықаралық рынокта жоғары сұранысқа ие. Ол Голландия, Швеция, Түркия, Жапония, Қытай және ТМД елдеріне жөнелтіледі. Негізгі өнімнен басқа зауытта қорғасын тозаңы, алтын, күміс, рений шығарылады. Шетелдік инвестор Оңтүстік Кореяның «Самсунг» фирмасы келуіне орай 1995 жылы өндірістік қайта жарақтандыру жұмыстары басталып, шетелдік жабдықтар қойылды. Кен-термикалық пештері Швецияның «Болиден Контек» фирмасының жобасы бойынша қайта жабдықталды; конвертор, анод бөлімшелеріндегі барлық қуаттан артық өнім өндіруге жол ашылды. Қазіргі күні өнеркәсіп ошағы «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС-не қарасты. (Дереккөз: Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. – Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл).
Балқаш мыс балқыту зауыты – Қазақстанның түсті металлургия саласындағы ірі кәсіпорын. Балқаш көлінің солтүстік жағалауындағы Бертіс шығанағында (Балқаш қаласынан 2-3 км) орналасқан. Ол алғаш (1938) Балқаш мыс және түсті металл өңдеу зауыттары мен Қоңырат мыс және Гүлшат қорғасын-мырыш кеніштерін біріктіру нәтижесінде Балқаш кен-металлургия комбинаты болып құрылған. 1997 жылы «Балқашмыс» акционерлік қоғамы болды. «Балқашмыс» негізінен тазартылған мыс, асыл және сирек кездесетін металл үгінділерін, қорғасын мен мырыш өнімдерін, никельді,  молибден мен темір концентраттарын, селентеллуркадмийрений тұздары мен қышқылдарынаммоний перренаты мен күкірт қышқылын шығарады. «Балқашмыс» кен өндіруден бастап түсті металл прокатын шығаруға дейінгі технологиялық процестер толық атқарылатын және түгелдей автоматтандырылған бірден-бір өндіріс орны. Кәсіпорын ұзақ жылдар (1940-1980жылдар) бойы Қазақстан ауыр өнеркәсібінің көшбасында болды. Еңбекті ұйымдастыру мен жаңа технологияны енгізуде үлкен жетістіктерге жетті. 20 ғасырдың 70-жылдары кәсіпорынның шикізатты кешенді пайдалану жөніндегі тәжірибесі республиканың барлық түсті металлургия кәсіпорындарына енгізілді. Мұнда мыспен қоса кен құрамында болатын алтын және күміс өндіру көлемі ұлғайды, мысты және онымен бірге жүретін шикізатты өңдейтін технологиялық жүйе, эмальсым шығаратын зауыт іске қосылды. Нәтижесінде өнімнің сапасы артып, Балқаштың шақпақ мысы сапа эталоны ретінде Лондонның түсті металл биржасында тіркелді (1967). 1990 жылдан бастап қалыптасқан жұмыс ырғағы бұзыла бастады. Мыстың өзіндік құны өсіп, сыртқы рыноктегі сату бағасы төмендегендіктен кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландыруға мүмкіндігі болмады. Осыған байланысты 1998 жылы «Балқашмыс» Корея республикасының «Самсунг» корпорациясының басқаруына берілген «Жезқазғантүстіметтің» құрамына кірді. «Балқашмыстың» афинаж зауытында платина және сирек кездесетін металдар алу көзделген. «Балқашмыстың» өнімдері, негізіненБатыс Еуропа мен Қытайға сатылуда. (Дереккөз: Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006 жыл).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет