Толтырылған күні ___________________________________
М.О.
Конкурстық құжаттамаға
4-қосымша
Конкурсқа қатысуға өтінім (жеке тұлғалар үшін)
Кімге
__________________________________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетіледі)
Кімнен
__________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы толық көрсетіледі)
1. Конкурсқа қатысуға үміткер жеке тұлға (әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер:
Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім
берушінің жеке басын куәландыратын
құжатқа сәйкес Т.А.Ә.
|
|
Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім
берушінің жеке басын куәландыратын
құжат деректері
|
|
Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім
берушінің тіркелген мекен-жайы
|
|
Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім
берушінің іс жүзіндегі тұрғылықты
мекен-жайы
|
|
Тіркеу туралы куәліктің, патенттің
не Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес конкурс мәніне
сәйкес келетін кәсіпкерлік қызметпен
айналысуға құқық беретін өзге де
құжаттың нөмірі
|
|
Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің банктік деректемелері (СТН, БСН, ЖСК), сондай-ақ жеке тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекен-жайы
|
|
Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім
берушінің байланыс телефондары,
почталық мекен-жайы мен электрондық
почтасының мекен-жайы (ол болған
кезде)
|
|
2. ___________ (жеке тұлғаның Т.А.Ә. көрсетіледі) осы өтініммен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға (конкурстың толық атауын көрсету) әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарды(ларды) жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді - қажеттісін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім білдіреді.
3. Әлеуетті өнім беруші осы өтініммен "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы жоқтығын растайды.
Осымен, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 9-тармағында көзделген (тауарды(ларды), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді - қажетін көрсету керек) мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзуға келісімін білдіреді.
4. Әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамамен танысқандығын және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (берілетін тауарды(ларды), орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді - қажеттісін көрсету) дұрыс емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды
Әлеуетті өнім беруші осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарды мұндай дұрыс емес мәліметтер бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.
9. Осы конкурстық өтінім___күн ішінде қолданылады.
10. Біздің конкурстық өтінім жеңді деп танылған жағдайда, біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгіземіз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі).
11. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу сәтіне дейін конкурсқа қатысуға осы өтінім Сіздің оны жеңді деп тапқан хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы міндетті түрдегі шарт рөлін орындайтын болады.
__________________________________________________________________
(Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің Т.А.Ә. және оның қолы)
Толтырылған күні _____________________________________________
Конкурстық құжаттамаға
5-қосымша
Біліктілігі туралы мәліметтер
(әлеуетті өнім беруші жұмыстарды сатып алу кезінде толтырады)
-
Әлеуетті өнім берушінің атауы _________________________________
__________________________________________________________________
-
Әлеуетті өнім беруші соңғы бес жыл ішінде орындаған жұмыстарының көлемі (ол бар болған кезде), теңгемен_______________________________________________________________
Объектілердің
атауы мен
орналасқан
жері
|
Тапсырыс
берушілердің
атауы мен
олардың
телефондарының
нөмірлері
|
Жұмыстардың
түрлерімен
объектілердің
аяқталу жылы
|
Шарттың құны, теңге
(көрсетілмесе
де болады)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3. Жұмыстарды орындау үшін әлеуетті өнім берушіде мынадай жабдықтар (тетіктер, машиналар) бірлігінің болуының елеулі мәні бар, растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып. Әлеуетті өнім беруші төмендегі кестеде санамаланған барлық сұрақтарға жауап беруге тиіс:
Жабдық-
тардың
(тетік-
тердің,
машина-
лардың)
түрі
|
Қолда бар
бірліктердің саны
|
Жай-күйі
(жаңа,
жақсы,
нашар)
|
Жекеменшік,
жалға
алынған
(кімнен),
сатып
алынады
(кімнен)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4. Қызметкерлердің біліктілігі мен тәжірибесі (әлеуетті өнім берушінің осы конкурс (лот) бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажет деп есептейтін қызметкерлері көрсетіледі)
Р/с
N
|
Тегі, аты, әкесінің аты
|
Лауазымы
|
Осы конкурста сатып алынатын жұмыстарды орындау саласындағы жұмыс өтілі
|
Диплом, куәлік және білім туралы басқа құжаттары бойынша біліктілігі немесе мамандығы
|
Мамандығы бойынша санаты, разряды, сыныбы (бар болса)
|
Азаматтығы
|
4-1. Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекақы төлеу қоры
Р/с
№
|
Қызметкерлердің Т.А.Ә. (жеке куәлік № және берілген күні көрсетілсін)
|
Лауазымы
|
Азаматтығы
|
Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау уақытындағы жалақысы
|
1
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
Жалпы еңбекақы төлеу қоры
|
|
|
|
|
ҚР азаматтарының еңбекақысының барлығы
|
|
|
|
|
5. Қаржы ресурстарына (ақша қаражаты: өзіндік, кредиттік және т.б.) қол жеткізу туралы мәліметтер. Төменде санамалау қажет.
____________________________________________________
6. Ұсынымдар туралы мәліметтер. Ұсынымдық хаттарды, басқа заңды және жеке тұлғалардың пікірлерін санамалау және қоса беру қажет
_________________________________________________________________.
Біліктілігі туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
Қолы______________________________
Конкурстық құжаттамаға
6-қосымша
Банктік кепілдік
Банктің атауы:____________________________________________________
(банктің атауы мен деректемелері)
Кімге:____________________________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен деректемелері)
N___кепілдік міндеттеме
____________________ "___"___________2012ж
(орналасқан жері)
Біз бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын,_______________________,
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
_______________________________ұйымдастырған_____________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы)
сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатындығынан және ________________________
(тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурс (лот/-тар)
бойынша атауын беруді (жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді) жүзеге асыруға дайындығынан хабардармыз.
________ж. "___"______________ жоғарыда аталған конкурсты өткізу жөніндегі конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілердің банктік кепілдік түрінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуі көзделген.
Осыған байланысты біз_______________________осымен өзімізге
(банктің атауы)
Сіздің талап етуіңіз бойынша Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ Өнім беруші:
конкурсқа қатысуға түпкілікті мерзім өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алғандығын не өзгерткендігін және (немесе) толықтырғандығын;
танылған конкурс қатысушысы өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде тапсырмағандығын не кері қайтарып алғандығын;
конкурстың жеңімпазы етіп анықталған қатысушы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғандығын;
мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы талаптарды орындамағандығын не уақтылы орындамағандығын.
Бұл кепілдік міндеттеме конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашқан күннен бастап күшіне енеді.
Бұл кепілдік міндеттеме Өнім берушінің конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімінің қолданылуының соңғы мерзіміне дейін қолданылады және, егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз________ аяғына дейін алмасақ, осы құжат бізге қайтарылатындығына немесе қайтарылмайтындығына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды. Егер конкурстық өтінімнің мерзімі ұзартылған болса, онда бұл кепілдік міндеттеме сондай мерзімге ұзартылады.
Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Кепілгердің қолы мен мөрі Күні мен мекен-жайы
Конкурстық құжаттамаға
7-қосымша
Берешектің жоқтығы туралы анықтама
Банк (атауы)_______ жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 30 шілдедегі N 275 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарына сәйкес осы Банкте қызмет көрсетілетін банк алдында анықтама берілген айдың алдындағы үш айдан артық созылған мерзімі өткен берешегінің жоқтығын растайды (заңды тұлғаның толық атауы, тел., мекен-жайы, СТН, БСК және т.б. көрсету қажет).
Күні
Қолы
M.О.
Конкурстық құжаттамаға
8-қосымша
Әлеуетті өнім беруші бағаларының кестесі
(әлеуетті өнім берушінің атауы әр лотқа жеке толтырылады)
N
|
Мазмұны
|
Тауарлар, жұмыс-
тар, қызметтер
атауы
|
1.
|
Қысқаша сипаты
|
|
2.
|
Шығарылған елі (жұмыстарды сатып
алу кезінде алынып тасталады)
|
|
3.
|
Жасаушы зауыт (жұмыстар мен
қызметтерді сатып алу кезінде
алынып тасталады)
|
|
4.
|
Өлшем бірлігі
|
|
5.
|
Баға_______бірлікке___________
ИНКОТЕРМС 2000 шарттары
бойынша _________
(белгіленген пункті)
|
|
6.
|
Саны (көлемі)
|
|
7.
|
Барлық бағасы =__________
б., 5 х б. 6,
|
|
8.
|
Жалпы бағасы,_________ИНКОТЕРМС
2000 шарттары бойынша __________
белгіленген пункті, әлеуетті
өнім берушінің тасымалдауға
арналған, кеден бажын, ҚҚС және
басқа төлемдер мен алымдарды,
жинақтаушы бөлшектер мен
міндетті қосалқы бөлшектер
бағасын, бір өлшем бірлігіне
пайдаланудың бастапқы мерзімі
ішінде қызмет көрсетуге арналған
барлық шығыстарды қоса алғанда,
басқа да шығыстар
|
|
Әлеуетті өнім беруші басқа шығыстарды да
көрсетуге құқылы, оның ішінде:
жеңілдіктер берілетін жағдайда, оның көлемі
Біз Сіздердің конкурстық құжаттамада айтылған төлем шарттарыңызға келісеміз. Төлемнің мынадай балама шарттарын ұсынамыз
__________________________________________________________________
(егер олар болса)
__________________________________________________________________
(төлемнің балама шарттары көрсетіледі)
немесе басқа шарттар (санамалау қажет:___________ ______________)
бұл ретте________________мөлшерде жеңілдіктер ұсынамыз
__________________________________________________________________
(ақшалай мәнде жазбаша түрде көрсету қажет)
_________________ _______________________
(Қолы) (лауазымы, тегі)
М.О.
Ескертпе: әлеуетті өнім беруші жалпы бағаның құрауыш бөліктерін көрсетпеуі де мүмкін, бұл ретте осы жолда көрсетілген бағаны әлеуетті өнім берушінің барлық шығындарын ескере отырып конкурстық комиссия қарайды және қайта қарауға жатпайды
Конкурстық құжаттамаға
9-қосымша
Жұмыстарды мемлекеттік сатып алулар туралы
№ Келісімшарт
«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны, әрі қарай Тапсырыс беруші деп аталады, оның атынан ректор Қ.А.Бисенов, Жарғы негізінде әрекет етуші, бір жағынан және ________________________________________________________ «______________», әрі қарай Өнім беруші деп аталады, оның атынан __________________________ , Жарғы негізінде әрекет етуші, екінші жағынан, «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңға (әрі қарай - Заң) және «____»__________ 2012 ж. қорытынды хаттамаға сәйкес, мемлекеттік сатып алулар туралы осы Келісімшартты (әрі қарай - Келісімшарт) жасады және төмендегілер туралы келісімге келді:
1.Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы – Қорқыт Ата атындағы ҚМУ құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алулар бөлімі Тапсырыс беруші үшін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды («Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» РМҚК суаруға арналған №5 су жинағыш және № 1-4 пайдалану ұңғымаларына жөндеу жұмыстары) жариялап, осы жұмыстарды орындау бойынша Өнім берушінің өтінімін қабылдады.
Осы шарт бойынша жұмыстар техникалық ерекшеліктерге көрсетілген талаптарға сәйкес еш ауытқусыз жүргізілуі тиіс.
2.Жұмыс жасау сомасы жөндеу жұмыстарының сметасына сәйкес, өнім берушінің барлық шығындарын, ҚҚС және басқа да салықтарды, баж және басқа да міндетті төлемдер мен Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған төлемдерді қосқанда __________________________ (_________________________) теңгені құрайды. Келісім шарттың құны нақты және өзгеріске ұшырамауы тиіс.
3. Жұмысты бастау уақыты: __________________
4.Жұмыс төмендегі жобалар бойынша орындалады:
А) «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіннің №5 су жинағыш және № 1-4 пайдалану ұңғымаларына жөндеу жүргізу».
5.Осы шарт бойынша жұмыстарды Өнім беруші жұмыс басталған күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде орындауы тиіс.
6.Төменде санамаланған құжаттар мен оларда айтылған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:
1) осы Шарт;
2) Шарттың мәні/сатып алынатын жұмыстардың тізбесі;
3) техникалық ерекшелік;
4) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету;
5) Өзге де құжаттар: (Тапсырыс беруші Шарттың құжаттарына енгізгісі келетін қосымша құжаттар көрсетілсін).
7. Өнім беруші Шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті.
8. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету Өнім берушінің келісім шарт бойынша міндеттемелердің мерзімінде орындалуына кепілдеме ретінде енгізіледі.
9.Осы шарт бойынша Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасы шарттың жалпы сомасының 3% мөлшерінде белгіленеді.
10. Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:
1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны; Ақшалай жарна мына банктік шотқа аударылады: РМҚК «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» ИИК KZ98319K010000390910, БИК АВKZ KZ KX, Кбе 16 АҚ «БТА банк».
2) банктік кепілдікті таңдауға құқылы.
11. Өнім берушінің Шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді. Тапсырыс берушінің өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.
12. Жөндеу жұмыстары бойынша жұмыстардың орындалмау қаупі Өнім берушіге жүктеледі.
13. Өнім беруші Тапсырыс берушінің тапсырмасы немесе жөндеу жұмыстары үшін басқа да бастапқы ақпараттарда көрсетілген талаптарды орындауға міндетті.
Тапсырыс беруші міндетті:
14. Өнім берушіден алған жөндеу сметалық құжаттаманы тек осы Келісім шартта көрсетілген мақсаттарда пайдалануға, жөндеу сметалық құжаттаманы үшінші тұлғаларға бермеуге және онда көрсетілген мәліметтерді Өнім берушінің келісімінсіз жарияламауға;
15.Жөндеу жұмыстарын жүргізуде Өнім берушіге қызмет көрсетуге;
17. Жөндеу жұмыстары бойынша бастапқы мәліметтердің өзгеруімен Өнім берушіге келтірілген қосымша шығындарды өндіруге;
18. Тапсырыс берушіге жөндеу-сметалық құжаттаманың жасалуына байланысты үшінші тұлғалармен берілген талаптар бойынша істерге Өнім берушіні тартуға;
Өнім беруші міндетті:
19.Жұмыстарды қатаң түрде конкурстық құжаттамадағы техникалық ерекшеліктерше сәйкес орындауға;
20.Осы шартпен белгіленген мерзімдерде жұмыстарды орындағаннан кейін Тапсырыс берушіге дайын объектіні өткізуге.
21.Осы шартпен белгіленген мерзімдерде жұмыстарды орындағаннан кейін жұмыстарды орындау актісін жасауға, оны Тапсырыс берушімен келістіруге.
22 Жұмыстарды орындау бойынша міндеттемелерді Тапсырыс берушінің келісімінсіз үшінші тұлғаларға бермеуге;
23. Өнім беруші өзі орындаған жұмыстардың жүргізілуіне кедергі келтіретін немесе шектеу салатындай үшінші тұлғалардың құқықтарының болмайтындығына кепілдік береді (осы шарттпен белгіленген мерзімде жұмыстардың орындалуын көздейтін басқа шарттардың болуы).
24.Өнім беруші орындалған жұмыстардың кемшіліктері бойынша жауапкершілікке иеленеді, соның объектіні іске қосу барысында анықталған кемшіліктер бойынша.
25. Орындалған жұмыстарда кемшіліктер анықталған жағдайда Тапсырыс берушінің талап етуі бойынша Өнім беруші жұмыстарды ақысыз негізде қайта жасап беруге міндеттенеді, сонымен қатар тапсырыс берушіге келтірілген шығындардың орнын толтырады.
26. Келісім шарт қазақ және орыс тілдерінде 2 данада жасалды. Келісім шартқа қатысты барлық хат-алмасулар мен басқа да құжаттар осы талаптарға сәйкес келуі тиіс.
27. Келісімшартты өзгерту және бұзу тәртібі.
Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізуге жол беріледі:
1) ұқсас сатып алынатын жұмыстарға бағалар азаю жағына өзгерсе, тараптардың өзара келісімі бойынша жұмыстарға бағаның және осыған сәйкес шарттың бағасын азайту бөлігінде;
2) егер мемлекеттік сараптамадан өткен жөндеу-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілсе және Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылданған, осындай өзгерістің сомасынан қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданса, шарттың сомасын ұлғайту бөлігінде;
3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жұмыстарды қоспағанда, осы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартта көрсетілген жұмыс бірлігі үшін бағаны өзгертпейтін шартпен сатып алынатын жұмыстардың көлеміндегі қажеттіліктің азаюына немесе ұлғаюына байланысты шарттың бағасын азайту не ұлғайту бөлігінде. Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты мұндай өзгертуге мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында осы жұмыстарды сатып алу үшін көзделген соманың шегінде жол беріледі;
4) салық, кеден және басқа да салалардағы заңнаманың не Қазақстан Республикасының заңнамасының өзгерісіне байланысты еңбек пен материалдық ресурстар құнының өзгеруінен туындаған аяқталу мерзімі келесі (кейінгі) жылдағы (жылдардағы) жұмыстарды орындау шартының сомасын азайту және ұлғайту бөлігінде, сондай-ақ жылдар бойынша қаржыландыру өзгерген жағдайда, мемлекеттік сараптамадан өткен жөндеу-сметалық құжаттамаға тиісті өзгерістер енгізу шартымен шарттың орындалу мерзімдерін тиісінше өзгерту бөлігінде жол беріледі.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа мемлекеттік сатып алу шарттарының және (немесе) өнім беруші таңдау үшін негіз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертетін өзгерістерді Заңның 39-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделмеген негіздемелер бойынша енгізуге жол берілмейді.
28. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасындағы Объект құрылысын салу мәселелеріне қатысты ресми қатынас жазбаша түрде ғана күшке ие болады.
29. Келісімшарт өзгерген немесе бұзылған жағдайда, келісімшартты өзгерту немесе бұзу туралы тараптар келісімге жеткен сәттен бастап міндеттемелер тоқтатылды деп саналады.
30. Тараптар Келісімшарт өзгерген немесе бұзылған сәтке дейін міндеттемелері бойынша өздері орындаған нәрселерді қайтаруды талап етуге құқығы жоқ.
31. Егер Келісімшартты өзгерту немесе бұзуға тараптардың бірі келісімшартты айтарлықтай бұзуы себеп болса, екінші тарап Келісімшарттың бұзылуы мен өзгеруінен келген залалдың орнын толтыртуды талап етуге құқылы.
32. Осы Келісімшарт шеңберінде жеткізілетін тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер осы келісімшарттың қосымшаларында немесе техникалық ерекшеліктерінде көрсетілген стандарттарға сай болуы немесе жоғары болуы тиіс.
33. Өнім беруші қосалқы өнім берушілік ұйымдармен жұмыстардың жалпы көлемінің (өнім берушілік бағасының) 2/3 бөлігінен аспайтын Шарт жасаса алады, және Тапсырыс берушінің жазбаша рұқсатынсыз Шартты үшінші тұлғаға бере алмайды. Қосалқы өнім берушілердің болуы Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасындағы Шарттың талаптарын өзгертпейді.
34. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша немесе соған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер үдерісінде шешуге барлық күш-жігерлерін салуға тиіс.
35. Егер осындай ресми емес келіссөздер басталғанынан 21 (жиырма бір) күн ішінде Шарт бойынша дауды Тапсырыс беруші мен Өнім беруші бейбіт жолмен шеше алмайтын болса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап етуі мүмкін.
36. Егер өнім беруші Шарттық құжаттардың талаптарын бұзып орындалған жұмыстарды түзету жөніндегі өз міндеттемелерін орындамаса, сондай-ақ егер Өнім беруші жөндеу-смета құжаттамасына сәйкес жұмысты соңына дейін орындауға қабілетсіз болып шықса, Тапсырыс беруші жазбаша нұсқамамен Өнім берушіге жұмыстарды тұтастай немесе тоқтап қалу себептерін жойғанға дейін жұмыстардың бір бөлігін тоқтату туралы өкім бере алады.
37. Төлем нысаны: Өнім берушінің есеп шотына ақша аудару.
38. Төлем жасау мерзімі: Осы келісім шарт бойынша ақы төлеу Жұмыстың орындалу фактісі бойынша жұмыстарды орындауды тапсыру-қабылдау Актісі жасалған күннен бастап 10 (он) банкілік күн үшінде төленеді.
39. Төлем жасауға алдын ала қажетті құжаттар: Шот-фактура, төлем жасауға арналған шот, жүк құжаты, алыс-беріс актісі.
40.Тапсырыс берушіде орындалған жұмысты қабылдап, ол бойынша ақы төлеуді толық жүзеге асырғаннан кейін орындалған жұмыс нәтижесіне меншік құқығы пайда болады, өз қалауы бойынша орындалған жұмыс нәтижесіне билік ету құқығын жүргузіге құқылы.
41. Өнім беруші Тапсырыс берушінің жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға орындалған жұмыстардың нәтижесін сатуға немесе өзге нысандарда бермеуі тиіс, соның ішінде осы Келісім шарт бойынша тараптардың арасындағы қарым қатынастар тоқтатылған жағдайды қосып алғанда. Осы талап бұзылған жағдайда Өнім беруші Тапсырыс берушіге соның салдарынан келтірілген барлық шығындарды толық өтеуге міндеттенеді.
42. Егер Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиесілі соманы Шартта көрсетілген мерзімде төлемесе, онда бұл жағдайда ол Өнім берушіге мерзімі өткен әрбір күн үшін тиесілі сомасының 0,1 %-ы мөлшерінде кідіртілген төлемдер бойынша тұрақсыздық айыбын төлейді. Тұрақсыздық айыбы келесі төлеммен жүргізіледі. Тұрақсыздық айыбының пайызы төлем жүргізілуі тиіс болған күннен бастап есептеледі және соңғы төлем жүргізілген кездегі күнмен аяқталады.
43. Егер Өнім беруші жұмыстар кестесін орындау мерзімін бірнеше рет бұзса, Тапсырыс беруші Шартты бұза алады;
44. Өнім беруші жөндеу құжаттамасында және шарттық құжаттамада көрсетілген жұмыстарды жүргізу ережелерін, нұсқаулықтарын және ережелерін ескермейтін болса.
45. Мына фактілердің бірі анықталған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы Шарт кез келген кезеңде бұзылады:
1) Заңның 6-бабында қарастырылған шектеулердің бұзылуы;
2) сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге Заңда қарастырылмаған ықпал етулер көрсетсе.
46. Форс-мажорлық шарттарды қоспағанда, егер өнім беруші Шартта айтылған мерзімде жұмысты орындамаса Тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде өзінің басқа құқықтарына зиянсыз Шарттың бағасынан әр бір мерзімі өткен күнге 0,5 пайыз сомасында тұрақсыздық айыбын есептеп шығарып отырады.
47.Өнім беруші конкурстық өтінімге сәйкес қазақстандық мазмұнды қамтамасыз етуі тиіс.
48.Осы келісім шарт бойынша ақырынғы ақы төлеу осы Келісім шарт бойынша Өнім беруші барлық міндеттемелерді толық орындаған жағдайда, барлық ақаулар бойынша өзгерістер жүргізген жағдайда жүргізіледі.
49. Өнім беруші Келісім шартты қамтамасыз етуді енгізуге конкурстық құжаттамада көрсетілген талаптарға сәйкес енгізуге міндетті.
50. Осы Келісімшарт екі тарап та қол қойғаннан кейін күшіне енеді және оның толық орындалғанына дейін жұмыс істейді.
51. Осы Келісімшарт 2 данада жасалды, оның әрқайсысының заңды күші бар. Бір данасы Тапсырыс берушіде болады, бір данасы Өнім берушіде болады.
52. Әлеуетті өнім берушінің Тапсырыс берушіге тапсыруы тиіс құжаттар тізімі:
- нотариалды куәландырылған құқық қабілеттілікті растайтын құжаттар (заңды тұлғалар үшін), нотариалды куәландырылған азаматтық әрекет қабілеттілігін растайтын құжаттар (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеу туралы куәлік, СТН, жеке куәлігінің көшірмесі);
- Заңды тұлғалар заңдармен белгіленген тәртіпте бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған нұсқасын тапсырады. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын субъектілер сауда тіркемесінен алынған қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесі;
- нотариалды куәландырылған
- лицензия және / немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттар, диплом, және басқа да әлеуетті өнім берушінің осы келісім шартқа сәйкес жұмыстарды орындауға құқық беретін құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері
- заңды тұлғаны мемлекеттік туркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер заңды тұлға Типтік Жарғы негізінде қызмет ететін болса, нотариалды куәландырылған мемлекеттік туркеуден өту туралы өтініш көшірмесі;
- құрылтайшылар немесе олардың құрамы туралы мәліметтер көрсетілген нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттарының көшірмесі (егер жарғыда құрылтайшылар туралы немесе олардың құрамы туралы мәліметтер көрсетілмесе) немесе конверттерді ашу мерзімінен 1 ай бұрын берілген акция ұстаушылар тізімінің нотариалды куәландырылған көшірмесі.
53. Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 964 Қаулысына сәйкес жұмыстарды (қызметтерді) жеткізуге арналған шарттағы қазақстандық қамтуды (ҚҚж/қ) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
n m
ҚҚж/қ=100%х[Е ТҚi x Қi + Е (ШҚj - ЖҚj - ШЖҚj)x Rj]/S,
i=1 j=1
мұндағы:
n - жұмыстарды (қызметтерді) сатып алу шартын орындау мақсатында жеткізуші және қосалқы мердігерлер сатып алатын тауарлардың жалпы саны;
i - сатып алынатын тауардың реттік нөмірі;
ТҚі - i-тауардың құны;
Қі - «СТ-КZ» сертификатында көрсетілген тауардағы қазақстандық қамтудың үлесі;
Қі = 0, «СТ-КZ» сертификаты болмаған жағдайда;
m - тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы шартты, мердігерлер мен қосалқы мердігерлер және т.б. арасындағы шарттарды қоса алғанда, жұмысты (қызметті) жеткізу мақсатында жасалған шарттардың жалпы саны;
j - шарттың реттік нөмірі;
ШҚj -j-шартының құны;
ЖҚj -j-шарты шеңберінде мердігер немесе қосалқы мердігер сатып алған тауарлардың жиынтық құны;
ШЖҚj - j-шартын орындау шеңберінде жасалған қосалқы мердігерлік шарттардың жиынтық құны;
Rj - j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жалпы қорындағы қазақстандық кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесі;
S - жұмысты (қызметті) сатып алу туралы шарттың жалпы құны.
54. Келісімшартты орындау жері Қызылорда қаласы. Тараптар арасында пайда болған дау Келісімшартты орындау жерінде шешілуге жатады.
55. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері:
Тапсырыс берушші:
РМҚК «Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
120014. қ. Қызылорда, к/сі. Әйтеке би № 29-А
СТН 331000037638
ЖДК KZ98319K010000390910
ҚФ АҚ «БТА Банк»
БДК ABKZ KZKX Кбе 16
Тел. 27-84-51, факс 27-84-51
e-mail: ksu@korkyt.kz
Ректор_____________ К.А.Бисенов
(подпись)
«____» ______________ 2012г.
МО.
|
Өнім беруші:
______________________________________
г._____________, ____________
РНН _____________________
ИИК ______________________
БИК _______________
Банк ____________________
Тел. ___________________
Директор
«___»____________2012 г.
М.П.
|
Достарыңызбен бөлісу: |