Конкурстық ҚҰжаттама



бет2/4
Дата01.07.2016
өлшемі489.41 Kb.
#169738
түріКонкурс
1   2   3   4

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енуімен халыққа әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде үлкен өзгерістер болды, бірқатар заңнамалық актілер қабылданды, олардың бірі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары (бұдан әрі – Стандарттар):

2009 жылы – психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға;

2010 жылы – 18 жастан асқан психоневралогиялық аурулары бар мүгедектерге;

2011 жылы – қарттар мен мүгедектерге, оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға;

2012 жылы – белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға кезең-кезеңмен енгізілді.

Стандарттар арнаулы әлеуметтік қызмет алушылардың тұлғалық даму деңгейінің артуына, оларды әлеуметтендіру мен қоғамға кіріктіруге, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін қызметкерге қойылатын біліктілік талаптарының артуына және олар көрсететін қызметтің сапасына бағытталған.


ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 26 қаңтардағы №25-ө, «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 28 маусымдағы №237-ө бұйрықтары әлеуметтік қызметкерлерді мерзімінен бұрын аттестаттау тәртібімен қатар, кейін еңбекақысын арттыра отырып, олардың атқаратын қызметтері бойынша санаттарын көтеру арқылы кәсіби мүмкіндігін ынталандыруды да айқындаған.

Сонымен қатар әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі ұйымдарында стандарттарды енгізудің тиімділігі мен нәтижелігінің мақсатында штат саны кеңейтіліп, әлеуметтік жұмыс бойынша директордың орынбасарын қоса алғанда, әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар, психологтар, дефектологтар, еңбек нұсқаушыларын және басқа мамандар бойынша қосымша штаттық бірліктер қосылды.

Жасалып жатқан өзгерістерге қарамастан, төмендегідей проблемалар бар:

- әлеуметтік жұмысшылардың біліктілігін арттыру жүйесінің, халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін арнаулы мамандарды дайындайтын кәсіби оқу орындарының нашар дамуы;

- әлеуметтік жұмысшыларға берілетін оқу бағдарламалары бағыттарының іс жүзіндегі нақтылықтан гөрі теориялық бағдарда болуы.

Осыған орай, әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесін дамыту және оқу процесінің мазмұнына практикалық сипат беру үшін мүгедектерге және қарттарға арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлерді оқыту үшін қызметті мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес сектордан сатып алу қажет.



Мақсат – қарттар мен мүгедектерге сонымен қатар, естуі мен көруі бойынша, тірек-қимыл аппаратының қызметі бұзылған, ақыл-ойының дамуында ауытқуы бар, әрдайым біреудің көмегін қажет ететін мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласының әлеуметтік қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттыру.
2.Оқу процесіне қойылатын талаптар:

Оқудың өтетін жері – Астана қаласы (немесе Алматы қаласы);

Оқуды өткізу мерзімі – 2013 жылғы шілде – қараша;

Оқу курсының тындаушыларын қабылдау:

- басшылық санаттан, оның ішінде әлеуметтік қызмет және аумақтық орталықтардың, медициналық-әлеуметтік ұйымдардың, үйде әлеуметтік көмек беру бойынша бөлім меңгерушілері;

- әлеуметтік жұмыс бойынша консультанттар мен мамандар;

- әлеуметтік қызметкерлердің, оның ішінде күту, бағалау бойынша әлеуметтік қызметкерлер қатарынан жүргізілуі тиіс.

Оқуға қатысатындар кемінде 200 адам болуы керек. Оқу процесі кемінде 50 адамнан құралған 4 лекте өтуі керек. Бір лектің оқуы 25 адамдық екі топта өтуі керек.

Оқу бағдарламасы Тапсырыс берушінің қарауына конкурстық құжаттармен бірге ұсынылуы керек және:


  • қызмет көрсетуге мұқтаж адамдарға, оның ішінде қарт адамдарға, мүгедектерге, мүгедек балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетудегі тәжірибені;

  • әлеуметтік қызметтер менеджментін зерттеуді қамтуы тиіс.

  • арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келуі керек.

Оқытудың жалпы курсы 480 сағатты, бір лек 120 сағатты құрауы керек.

Оқу пәндері арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келуі керек.

Оқу бағдарламасы оқыту курсының алдында Тапсырыс берушімен келісілуі керек.

Оқуды ұйымдастыру процесіне білікті жаттықтырушы/сарапшыларды тарту керек.

Оқуға арналған бөлме 25 орынға арналған, жарықтандырылған, кондиционері бар, оқу үшін қажетті заманауи құрал-жабдықпен қамтамасыз етілуі тиіс.

Оқылатындарға практикалық жұмыста қолданатын оқу үлестіру материалдары әзірленуі керек.

Оқу курсының соңында тестілеу өткізіліп және тестінің нәтижесіне байланысты курстық оқудан өткендері туралы сертификаттар берілуі тиіс.

Тестілеу нәтижесі және оқу қорытындысы бойынша Тапсырыс берушіге әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсынымдар ұсынылуы тиіс.

Әлеуметтік тапсырыстың орындалуы кезінде тасымалдау қамтамасыз етілуі керек.

Әлеуметтік тапсырыстың орындаушысы оның кестелік мерзімін сақтауы керек.

Оқыту бойынша барлық іс-шараларды толық көлемде орындау керек.

Әлеуметтік тапсырыстың белгіленген талаптарына тек Тапсырыс берушінің келісімімен ғана өзгерістер енгізіледі.


3.Әлеуметтік тапсырыстың орындалу кестесі





Іс-шаралараның атауы

Өткізу кезені

Орындау мерзімі

1


Оқу процесін өткізу мен ұйымдастыруға дайындық:

- оқу бағдарламасын әзірлеу

- оқытуға тындаушыларды қабылдау

- оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу



4 апта

2013 ж. қыркүйек

2

Оқу процесін 4 лекте өткізу


16 апта

2013 ж.

қыркүйек-қараша






  1. Күтілетін нәтижелер:

  • қарт адамдар мен мүгедектерге, содай-ақ мүгедек балаларға әлеуметтік қызмет көрсету бойынша оқытылып жатқандардың біліктілік дәрежесін арттыру;

  • қарт адамдар мен мүгедектерге көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметті практикалық ұсынуда білім, білік, техникалық, қосалқы, дидактикалық жабдықтардың пайдаланылуы бойынша, жұмысты ұйымдастыру және техникалық қауіпсіздік жағынан дағды қалыптастыру, сонда-ақ қарт адамдар мен мүгедектерге, мүгедек балаларға медициналық-әлеуметтік қызмет көрсетуде заманауи технологиялар бойынша білім қалыптастыру;

  • қарт адамдар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мәселелері бойынша әлеуметтік қызметкерлерге білікті мамандардың консультациялық қызмет жасауы;

  • қолданыстағы заңнамалардың талаптарына сай қарт адамдар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлерге жұмыста қолдануы үшін практикалық, оқу-әдістемелік материалдар жасау;

  • практикалық жұмыста қолдану үшін әлеуметтік қызметкерлерді оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету.


Конкурстық

құжаттамаға

3- қосымшасы

Жоба
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі туралы шарт


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет